Меню сайта
Форма входа
Поиск

Құс – дене тұрқы әртүрi, мамықты, қанатты, ұшып жүрiп тiршiлiк ететiн, етi, жүнi пайдалы жәндiк. Сулы жерлердi, орман-тоғайды, далалықты, тау бөктерлерiн мекендейтiн жабайы және қолда ұстайтын асыранды түрлерi бар. Жыл құстары көктем туа келiп ұя салады, жұмыртқалап балапан басады, қанаттанған сон қоңыр күзде, қыс түсе жылы жаққа қонысаударады.

Адам баласы бiр қатар жыртқыш құстардың балапандарын қанаттанбаған кезiнде ұстап аңшылық, саятшыл мақсатта баулиды.

Қазақстан жерiн бұрын мекендеген алты жүздей құс түрiнен бұл кезде қалғаны үш жүзге тарта. Солардың негiзгi бөлiгi төмендегiдей.

Аққу (қу) – иiлген ұзын мойынды, ақ қауырсынды, үйректер тобына жататын, iрi, халық киелi санайтын әдемi құс.

Сұңқылдауық аққу – қаз тәрiздес iрi, әдемi құс. Қамысты су маңын мекендейдi.

Саһар – аққудың қоразы.

Көгiлдiр – аққудың балапаны.

Ақүрпек – жүнi жаңа шыға бастаған балапан.

Қаз – мойны ұзын, суда жақсы жүзетiн, қос мекендi, еттi, жабайы және үй құсы.

Қоңыр қаз – өзен-көлдерде жүретiн қоңыр түстi жабайы қаз.

Сарыала қаз – көбiнесе көлде жүретiн сарыала түстi жабайы қаз.

Қараша қаз – жабайы қаздың, қара-қоңыр түстi, сирек кездесетiн түрi. Қызыл кiтапқа енгiзiлген.

Қара қаз – балықпен қоректенетiн, қара түстi, суда еркiн жүзетiн су құзғыны.

Қоқиқаз – мойны мен аяғы өте ұзын, қауырсыны ашық қызғылтым, кейде сұрғылт қоңыр, тұмсығы шомбал, қызыл кiтапқа енгiзiлген жыл құсы.

Ала (итала) қаз – сырт көрiнiсi қазға да, үйрекке де құсас, басы, құйрық қауырсыны қара, жемсауы мен арқасы ақ, көкiрегi сарғыш iрi құс.

Үйрек – башайларының арасы жарғақ терiмен ұласқан су құсы. Асыранды түрi де бар.

Мамыр – ұшуға жетiлмеген, отқа семiрмеген балапан.

Кежек – үйректiң қоразы.

Мисақ – үйректiң бiр түрi.

Сүңгуiр үйрек – терең сулы өзен-көлдерде жүретiн, сүйiр тұмсықты, төбесiнде айдары бар үйрек.

Сұқсыр – сұр түстi кiшкене үйрек.

Шүрегей – үйректiң ең кiшкене, ұшқыр түрi.

Сүршүрегей – тектестерiнен қауырсын ұштарындағы ақ дақтарымен ерекшеленетiн, өте сирек кездесетiн шүрегей үйрек.

Кегер – кiшкене, сұр түстi сүңгуiр үйрек.

Дарқоңыр – үйректiң бiр түрi.

Шiңкiлдек – дауысы шiңкiлдеген үйректiн кiшiгiрiм түрi.

Бiзқұйрық – ұзын құйрығы сүйiр, үйрек тұқымдас су құсы.

Зымыран – үйрек тәрiздес кiшкене ұшқыр құс.

Қасқалдақ – қауырсыны, мамығы сұр, мандайы ақ, сүңгуiр құс.

Шағала – түсi ақ шаңқан, сирағы қысқа, жүнi селдiр су құсы.

Өгiзшағала – қауырсыны ақ, арқасы ақшыл көк, тұмсығы мен аяғы сары, денесi iрi су құсы.

Түйе шағала – шағаланың iрi түрi.

Ақ шағала – түсi сұрғылттау ақ, тұмсығы сары, сирағы бозғылт су құсы.

Боз шағала – қанатының үстi қарақоңыр, басқа жерi ақ су құсы.

Қара шағала – түсi қара, қанаты, құйрығы, арқасы көк, аяғы қызыл қоңыр, тұмсығы қара жыл құсы.

Бағлан – өзен мен көл балықтарымен қоректенетiн шағын су құсы.

Құтан – денесi, екi бүйiрi қысыңқы, мойны мен аяғы ұзын, тұмсығы сүйiр, қанаты жалпақ, қысқа, құйрығы шолақ, өзен арналарын, таяз көлдердi мекендейтiн iрi құс.

Аққұтан – топшысында әдемi ақ қауырсыны бар, iрi денелi жыл құсы.

Кiшкене аққұтан – ләйлек тәрiздi жыл құсы. Қауырсыны қардай аппақ, айдарында екi қауырсыны бар, тұмсығы қара, арқа қауырсыны сусымалы, Каспий теңiзi маңын мекендейдi.

Көкқұтан – қамысты таяз суларды мекендейдi көк түстi iрi құс.

Қалбағай – желкесiнде сарғыш тұлымы бар, жалпақ қара тұмсықты аққұтанға құсас құс.

Дуадақ – қанаты үлкен, мойны жуан, жылдам жүгiретiн, баяу көтерiлiп ұшатын дала құсы.

Жорға дуадақ – тырна тәрiздестер отрядынан шыққан iрi дала құсы.

Тоқтыбалақ – дуадақтың екiншi атауы.

Жек – дуадақ тобына жататын, жақсы жүгiрiп, төмен ұшатын, өте сақ дала құсы.

Безгелдек – дуадақ тобына жататын, дене тұрқы тауық шамалас дала құсы.

Бұлдырық – шөлдi жердi мекендейтiн, сұр түстi, қара бауыр, кiшкене дала құсы.

Қарабауыр бұлдырық – кептер тәрiздес, дене тұрқы одан iрiлеу, сирек кездесетiн жыл құсы.

Шақырық – ашық даланы, құмайт жердi мекендейтiн, жалпақ қара тұмсықты дала құсы.

Тарғақ – далада, шөлейт аймақты мекендейтiн кiшiгiрiм құс.

Алсары – шағын денелi дала құсы.

Ақбауыр – қанаты ұзын, бұлдырық тәрiздi, топтанып тiршiлiк ететiн кiшкене дала құсы.

Тырна – мойны ұзын, сирағы сидиған iрi жыл құсы.

Ақбас тырна – басы, мойны, омырауы қара, ұзын аяғы санына дейiн тықыр, шекесiнде ақ айдары бар дала құсы.

Ләйлек – мойны, тұмсығы ұзын, сидам сирақты жыл құсы.

Ақ ләйлек – сирағы ұзын, қызыл, жалпақ қанатының жамылғы, желпуiш қауырсындары бар, iрi ақ түстi жыл құсы.

Торғай – сүйiр тұмсықты кiшкене құс.

Суық торғай – суық жақта қыстап қалатын торғай.

Молда торғай – төбесiнде сәлде секiлдi кекiл шашағы бар, ыстық жақты мекендейтiн торғай.

Көң торғай – шағын, тым жұпыны торғай.

Жау торғай – топтанып ұшып егiске зиян келтiретiн торғай.

Шөже торғай – төбесi сұрғылт, тамақ асты қара, қоңыр дақты кiшкене торғай.

Қараторғай – түсi қара, орманды, бақты, жазық даланы мекендейтiн торғай.

Қоңыр торғай – тамағы, көкiрегi, бауыры ақшыл қоңыр, шөлейт даланы мекендейтiн кiшкене жыл құсы.

Қамыс торғай – арқасы ақшыл қоңыр, бауыры сарғылт, суы ағыссыз не баяу ағысты қамыс өскен жердi мекендейтiн кiшкене құс.

Мақтан торғай – қауырсыны жасыл, жақсы сайрайтын жыл құсы.

Мысық торғай – арқасы сарғылт, бауыры ақшыл жасыл, қара дақты, жақсы сайрайтын кiшкене құс.

Сары торғай – түсi сарғылт, қауырсыны қызыл қоңыр, орман мен даланы мекендейтiн шағын денелi құс.

Сарықас торғай – мақтан торғай тұқымдас, қауырсыны бiркелкi қоңыр не жасыл, бауыры сарғылт дала құсы.

Шырша торғай – қылқан жапырақты ағаштардың жапырағымен қоректенетiн, тұмсығы қышқаш тәрiздi құс.

Тақтақ – iнге ұя салатын ақ құйрық торғай.

Шақшақай – ескi iндi мекендейтiн ајшыл сары түстi торғай.

Бозторғай – түсi қоңырала, қанаты ұзын, бауыры ақшыл кiшкене торғай.

Ақ қанат бозторғай – арқасы қоңыр, қанаты, бауыры ақ, қауырсыны мен төбесi сары, далалық аймақта тараған құс.

Қылқылдақ торғай – арқасы, қанаты, құйрығы қара қоңыр, мандайы, тамағы ақ, жемсауы көк жасыл, жақсы сайрайтын торғай.

Наурызек – сары бауыр, көкала түстi, аяғы жiңiшке, наурыз айында келетiн торғай, жыл құсы.

Пайыз – тау шымшығы тәрiздес, арқасы мен бауыры қоңыр, қанаты ақшыл сары торғайдың бiр түрi.

Шымшық – түсi көк, дене тұрқы торғайдай, көктемде келетiн жыл құсы. Онға жуық түрi бар.

Жұрбай – сұрғылт түстi, арқасы қоңыр жолақты, бауыры ақ, тау бөктерiнде, далада кездесетiн торғай тәрiздi жыл құсы.

Кезеген торғай – түсi жылтыр қараторғай тектес кiшкене құс.

Құр – құйрығы желпуiш тәрiздi, қара түстi, таулы, орманды жерлердi мекендейтiн тауық тұқымдас құс.

Ақ құр – түсi жыл мерзiмiне, тiршiлiк ететiн ортаға сәйкес өзгерiп отыратын тауық тәрiздес құс.

Қара құр – түсi қара, құрдық сирек кездесетiн түрi.

Ұлар – түсi сұрғылт, қырғауыл тұқымдас, таудын биiк шынын мекендейтiн iрi құс.

Шiл – құр тұқымдас, кекiлiкке ұқсас сұрғылт құс. Қанаты қысқа, алысқа ұшпайды.

Қылқұйрық – түсi қара жолақты, құйрық қауырсыны үшкiр, шiл тектес дала құсы.

Кекiлiк – тауық тәрiздес, екi бүйiрi ақ, көкшiл сұр түстi, көбiнесе таулы, тасты жердi мекендейтiн құс.

Бөдене – қырғауыл тұқымдас, егiндiкте, қалын шөп арасында жүретiн, ақшыл жолақты, кiшкене, сұр жыл құсы; бытпылдық.

Қаншыр – далалық жердi мекендейтiн кiшкене сұр құс.

Кептер – көкшiл сұр түстi не ақшыл, көкала түстi, көп үрiкпейтiн кiшкене құс. Жабайы және асыранды түрлерi бар.

Көк кептер – белiнде ақ, қанатының үстiнде көлденең екi ақ жолағы бар, асыранды кептердiң тегi.

Қарабауыр – аяқтары қысқа, денесi тығыз, кептер шамалас құс.

Балшықшы – тұмсығы өте сүйiр, сирағы ұзын, ұшқыр, жерде жылдам жүгiретiн жыл құсы.

Ақ құйрық құс – балшықшы тектес, арқасы ақ теңбiл, тамағы, бауыры және құйрығының бiраз жерi ақ, өзен-көлдi мекендейтiн құс.

Бiзтұмсық – имек бiз тәрiздi тұмсығы жоғары қайқиған, көбiнесе сазды көл жиегiнде, шалшықты жерде тiршiлiк ететiн жыл құсы.

Ақ қарқара – қауырсыны шымқай ақ, өзен мен көл маңын мекендейтiн iрi, аққұтан, ләйлек тәрiздес құс.

Ескек аяқты құс – денесi iрi, мойны ұзын, қанаты жалпақ, аяқтары қысқа, жарғақ саусақты с құсы.

Құмыра – көгершiн тектес кiшкене құс.

Қырғауыл - өзен жағасындағы қамысты, тоғайлы жерлерде тiршiлiк ететiн, пырылдап ұшатын әдемi құс.

Тауыс – әдемi қауырсынды қырғауыл тектес құс.

Күжiргей – арқасы қара қоңыр, төсi сұр, бауыры ақ, аяғы ұзын сулы жерлердi, далалықты мекендейтiн құс.

Түйе құс - ұшпай, өте шапшаң жүгiретiн ең iрi құс.

Шажа – таудың ұшар басын мекендейтiн дауысы ащы құс.

Жалбағай – сарғыш тұмсығы қалақ тәрiздi, түсi бiр келкi ақ, қауырсынсыз қара сирақты iрi құс.

Қозыбалақ – қауырсыны тығыз, түрi тарғыл сары, денесi ауыр, бiрақ шапшаң жүгiретiн iрi құс.

Көкқұс – түсi көк жасыл, тұрқы шағын, өзен бойларын орман, тоғайлы жерлердi, тау бөктерiн мекендейтiн құс.

Тауық – жұмыртқа беретiн және етi үшiн өсiрiлетiн асыранды құстың жалпы атауы.

Мекиен – ұрғашы тауық.

Қораз, әтеш – еркек тауық.

Шөже, шiби – тауықтың балапаны.

Түйе тауық – күрке тауық. Жабайы және асыранды түрлерi бар.

Қызғыш – көл маңын, саз балшықты, шабындық жерлердi мекендейтiн, желкесiнде қара қауырсынды айдары бар, кiшкентай қоңырала құс.

Қарабай – басы, мойны ақсары, қоңыр, жылтыр қара, сулы жердiң құсы.

Әупiлдек – қамысты көлдi мекендеп, түнде әупiлдеп дауыстайтын, үлкендiгi үйректей, қоңыр қара дақты су құсы.

Бiрқазан – ұзын тұмсығының астында қалтасы бар iрi су құсы. Оның Қызыл бiрқазан (қызғылт түстi) және Бұйрабас бiрқазан (шүйде қауырсыны ұзын бұйра) түрлерi бар.

Ементұмсық – омырауында қара дағы бар, жуан, мықты тұмсықты орман құсы.

Оқпақ – қамыс арасында тiршiлiк ететiн, өте сақ, бiрден көзге түсе бермейтiн, түнде ұшатын құс.

Жарқанат – жарғақ қанатты түнде ұшатын құс.

Маубас – ағашты, орманды жердi мекендейтiн байғыз тәрiздес, түнде үнемi шақырып жүретiн қолбасындай құс.

Қауырсақ – құйрығы ұзын, қара торғайдан үлкендеу, дауысы өте әуендi бұлбұлша сайрайтын құс.

Байғыз – арқасы ақшыл дақты сарғылт, бауыры көмескi қоңыр жолақты жапалақ тәрiздiлер тобына жататын құс.

Қарлығаш – айыр құйрықты, қанаттары ұзын, қараала, кiшкене ұшқыр құс. Өзге құстардан ерекшелiлiгi жемiн ұшып жүрiп ұстайды.

Бұлбұл – орман-тоғайда, нулы жерде, бақта жүретiн, дауысы әдемi кiшкене әншi құс; сандуғаш.

Бәрiн – нәзiк үндi сайрағыш құс.

Жылкышы – сулы, батпақты жерде өмiр сүретiн, тұмсығы ұзын және төмен қарай иiлген, сарғыш түстi құс.

Қарқара – қауырсыны әдемi құс.

Көкек – "Көкек, көкек", - деп үн шығаратын, түсi ала-құла көктем құсы.

Тоты – түрлi түстi қауырсынды әдемi құс.

Тоқылдақ – ағаш қабығын тұмсығымен тоқылдата шұқып жемiн iздейтiн, тұмсығы iстiк, шұбар түстi, кiшiгiрiм орман құсы.

Шөпiлдек – арқасы күңгiрт дақты, бауыры, төсi ақшыл, сирек кездесетiн кiшкене құс.

Қарға – жем талғамайтын, көбiнесе өлексемен қоректенетiн, түсi қара құс.

Сушы қарға – қанаты қысқа, қауырсыны тығыз, суда жүзетiн, су астында да бiраз уақыт жүре алатын құс.

Ақ тұмсық қарға – қауырсыны жылтыр қара, тұмсық айналасы тырық құс.

Самырсын қауырсыны ақ дақты, тұмсығы ұзын, құйрығы қысқа, орман, таулы жерлердi мекендейтiн қарға тұқымдас.

Көк қарға – түсi көк жасыл, тұрқы шағын, өзен бойын, тоғайлы жерлердi мекендейтiн қарға тұқымдас.

Көк торғай – көк қарға тұқымдас, бауыры, қанатының үстi көк жасыл, қауырсыны тығыз, жылтыр дала құсы.

Шауқарға – басы ақшыл, тұмсығы сары, қара қарғаның кiшiгiрiм түрi.

Көңқарға – көн-қоқыр, қоқысқа қонып қоректенетiн қарға.

Ақтұмсық – ақтұмсық қарға.

Ұзақ – үстi қара, басы бозғылт, қарға тұқымдас кiшкене жыл құсы; ұзақ қарға.

Құзғын – қорек талғамайтын, өлексенi жемтiк ететiн қарға тұқымдас құс.

Ала қарға – басы, қанаты және құйрығы қара, арқасы мен бауыры сұрғылт, тұмсығы үшкiр, тырнақтары күштi құс.

Шауқара – тұмсығы сары, басы ақшылдау қара қарғаның кiшiгiрек түрi.

Сауысқан – құйрығы ұзын, ала қанатты, қарға тұқымдас, өте сақ құс.

Тауқұдiрет – көлдi, батпақты жердi мекендейтiн, аяғы, тұмсығы ұзын iрi құс. Балшықшылар тұқымдас.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жыртқыш құстар

 

Қыран – бүркiт, қаршыға, қырғи, ителгi сияқты алғыр жыртқыш құстардың жалпы атауы.

Дауылпаз – сұңқар құс.

Сұнқар – қанаты ұзын, құйрығы сүйiр, ұшқыр, қыран құс.

Күйкентай – қоразының қауырсыны күнгiрт қоңыр, құйрығынын асты сарғылт, мекиенi iрiлеу, теңбiл түстi, далалықта, өзен, су бойларында кездесетiн сұңқар тектес құс.

Ителгi – денесi лашынға ұқсас, бiрақ қораштау, қоңыр сұрғылт қара қоңыр жүндi, құйрығы ақ шұбар, ұзын, мойны ақжағал, ақ бас, қара көз, қанаты ұзын кiшкене қыран.

Пәрiм – ителгi тұқымдас қыран.

Қаршыға – қанаты қысқа, құйрығы ұзын, имек тұмсық, жүнi түлеген сайын өзгеретiн ақ, көк, қоныр түстi шағын қыран. Екi түрi бар: тұнжыр және қара қаршыға.

Саз құладыны – қаршыға тұқымдас, iрi жыртқыш құс, қамысты, қоғалы су айдындарын мекендейдi.

Балықшы тұйғын – қырғи тектес жыртқыш. Денесiнiң үстi қарақоңыр, асты ақ, тамағы қоңыр дақты, басы қызғылтым. Балықпен қоректенедi. Қызыл кiтапқа енгiзiлген.

Қыранқара – түсi қара қоңыр, желкесi жирен, тұмсығы қарасұр, далалы, шөлдi жерлерде тараған қаршыға тұқымдас құс.

Ақ тұйғын – қаршыға тұқымдас, өте ұшқыр құс.

Кезқұйрық – қанаты жұқа, құйрығы ұзын, ұш жағы екi айрық, қаршыға тұқымдас құс.

Көксары – қаршыға тұқымдас. Арқасы қоңыр, бауыры ақшыл сарғылт, құйрығы көлденең қара жолақты.

Көкжөре – қаршыға тұқымдас қыран. Басы ақшыл не сарғылт, арқасы қаралау, тұмсығының астында сақал тәрiздi бiр топ қауырсыны бар.

Қырғи – көзi шегiр, сирағы ұзын, жiңiшке, көгершiндей сұлу, имек тұмсықты, өткiр тырнақты қаршығаның бiр түрi. Екi түрлi: мырза және құл тұйғындар.

Лашын – қанаты ұзын, құйрығы қысқа, көзi қара, денесi тығыз, жүнi қара қоңыр, шұбар, бауыр жүнi ақ, сары, иамағы ақжағал, денесi тауықтай қыран.

Сақалтай – қысқа, сирек сақалы бар жыртқыш құс.

Тұрымтай – қызыл шұбар, көзi қара, қарғадан кiшi, сүйкiмдi, кiшкене ителгi тектес қыран.

Жағалтай – жүнi сұр, сүйрiк қанатты, өте ұшқыр кiшкене қыран құс.

Бидайық – тұрымтайға, қаршығаға ұқас қыран.

Қозықұмай – қаршыға тұқымдас, басы мен бауыры боз, арқасы қара, жыртқыш құс.

Күшiген – басы қоңыр, мамық қауырсынды, мойнынан жоғары жағы түксiз, төменгi жағы жалбыраған жүндi жыртқыш құс.

Сарбалақ – балақ жүнi сарғыш, аңға көп түсiп машықтанған алғыр қыран.

Аламан – бүркiттiң ақиығы, алғыр тұқымы.

Құладын – қаршыға тұқымдысына жататын кiшкене қыран.

Бұқатана – қаршыға құсының бiр түрi.

Қалықпан – бүркiт тұқымдас жыртқыш құс.

Жылан бүркiт – қаршыңа тұқымдас. Қауырсыны қоңыр-қызғылт, денесiнiң үстi тұнжыр, төменгi жағы ақшыл, бауырында, құйрығы мен қанат ұштарында көлденең жолақтары бар жыртқыш құс.

Үкi – жапалақ тұқымдас түнде ғана ұшатын, имек тұмсық жыртқыш құс.

Тазқара – күшiгеннiң бiр түрi.

Қарақұс – түсi көбiне қара қоңыр, өлексе, жемтiкке үйiр, iрi жыртқыш құс.

Бөктергi – ұсақ жәндiктер аулайтын кiшкене жыртқыш құс.

Жапалақ – үлпiлдек қауырсынды, үкi тәрiздес, жыртқыш түн құсы.

Ақиық – түсi қара қоңыр, басы мен желкесi сарғыш, иығы ақ сұрғылт, құйрығының үстiнде көлденең, ақ жолағы бар бүркiт тұқымдас.

Ақсары – ұзын қанаты бүркiт тұқымдас. Арқасында сарғыш дағы бар, бауыры қоңырқай, құйрығының, ұшы дөңгеленiп келген жалпақ.

Ала кұмай – басы, мойны ақ, тықыр мамықты қанаты үш метрдей бүркiт тұқымдас iрi жыртқыш құс.

Субүркiт – қауырсыны қоңыр, тұмсығы сары құйрығы ақ, өзен-көл жағалайтын жыртқыш құс.

Бүркiт – таулы, далалы жердi мекендейтiн, тегеурiнi қатты, iрi қыран құс. Ол жасына қарай төмендегiше аталады.

Бiр жаста – балапан.

Екi жаста – қантүбiт.

Үш жаста – тiрнек.

Төрт жаста – тастүлек.

Бес жаста – мұзбалақ.

Алты жаста – көктүбiт.

Жетi жаста – қана (құмтүлек).

Сегiз жаста – жаңа (кутүлек).

Тоғыз жаста – майтүбiт (сүмтүлек, қоңыртүлек).

Он жаста – барқын (кәрiтүлек).

Он бiр жаста – баршын (ақтүлек).

Он екi жаста – шөгел (ақырғы түлек).

 

Самұрық – аңыз бойынша бүркiт атаулының ен зоры. Дене бiтiмiне, қарекет-қылығына, түр-түсiне, айла-әрекет әдiстерi мен алғырлығына қарай бүркiтке екi жүзден аса атау берiлген. Солардың бiр қатары: аққанат, ақбұршақ, алтайдың ақиығы, дала бүркiт, жапырақ қара, жанбауыр шөгел, жыланбас, жаудыркөз, жөлер, көкбүркiт, көксарша, көктабан шөгел, кәрi шөгел, қандыбалақ, құртырнақ, қырансары, қараша, қобданың қаракерi, мартулы қыран, перен, саршолақ, тақыр тiрнек, шегiрпаян, шомбал сары, шау, iнжарғыш, нарынның сарысы, т.б.

 

Бүркiт саусақтары төртеу, атаулары

Жембасар – сұқ саусақ.

Сығым – ортаңғы саусақ.

Шеңгел – шынашақ саусақ.

Тегеурiн - өкше саусақ.

 

Құстардың мойын атаулары

Сұңғақ – аққудың мойны.

Құлқын – құтанның мойны.

Қылдырық – тырнаның, сұңқардың мойны.

Құс баласының жалпы атауы.

- БАЛАПАН.

 

Құстар қалай үн қатады

Аққу – қиқулайды.

Әупiлдек – әупiлдейдi.

Байғыз – шұрылдайды.

Бозторғай – шырылдайды.

Бөдене – бытпылдықтайды.

Бұлбұл – сайрайды.

Бүркiт – шаңқылдайды.

Көгершiн, үкi – уiлдейдi.

Көкек – көкектейдi.

Күркетауық – күркiлдейдi.

Қаз – қаңқылдайды.

Қарға – қарқылдайды.

Қарлығаш – шықылықтайды.

Құр – құрылдайды.

Қырғауыл – құрқылдайды.

Сауысқан – шақылдайды.

Сұңқар – саңқылдайды.

Тауыс – шақырады.

Тауық – қыт-қыттайды.

Тоқылдақ – тоқылдайды.

Торғай – шиқылдайды.

Тырна – тыраулайды.

Үйрек – барқылдайды.

Шағала – шаңқылдайды.

 

Бүркiт сыны

Жұқалау, көк тұмсығы келсе жалпақ,

Мелжемдi қожыр аяқ, бұты талтақ.

Көз ауданы шүңiрек, кешкiл маңдай,

Кең иық, саны жуан, төсi шалқақ.

 

Топшысы келсе алдына жоғарылау,

Шалғысы құйрығына тұрса таяу.

Көкте ұшқыр, тұғырда шаңқылы жоқ,

Бiр түлкiден болмаса басқаға жау.

 

 

Қолыңнан өзi түлеп ұшса самғап,

Құрғатпай қанжығанды күнде қандап.

Дұниенiң бiр қызығы – қыран бүркiт,

Алыстан ат терлетiп тапсақ тандап.

 

Шегiр көз, қанды балақ, қыран бүркiт,

Бозбала, қапы қалма, малыңды iркiп.

Алпыс екi айлалы түлкi ұстап,

Байланса қандай қызық қарға сiлкiп.

 

Қара тiл, қанжар қияқ, қанға тоймас,

Қанша керiп тұрса да алмай қоймас.

Шұбар төс жирендi тауып салсаң

Ердiң құнын берсең де бәсiн жоймас.

 

Лып етiп, етпетiмен кетсе заулап,

Тым ептi сыпырғанда жер бауырлап.

Жарқ етiп жақпар тастан түлкi қашса,

Сап етiп қызды ұстаған бозбала нақ.

 

Бұлқынып, болмайды деп шайқасқандай.

Сытылып құтылмақ боп байқасқандай.

Қарандап дөң астында жатса басып,

Тар жерде екi ғашық айқасқандай.

 

Жiбермей, басып алса, жұлқынғанда,

Босатпай, бүре түсiп, бұлқынғанда.

Бұлтартпай жұмарлап ап, илеп жатар,

Шынымен ынтасы ауып ұмтылғанда.

 

Көк тұмсық көзге дейiн қанға батып,

Үстiне аттай мiнiп отырғанда.

Көңiлге көрмек үшiн о да қызық,

Ұқсайды қыз бен жiгiт қосылғанға.

АБАЙ.

 

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Архив записей
Друзья сайта
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Все проекты компании
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0