Меню сайта
Форма входа
Поиск

Жел — атмосфера қабатында қысымнын бірқалыпты тарамауынан пайда болатын, кейде қатты, кейде баяу соғатын ауа ағымы.

Ақ боран — алай-түлей түтеген боран.

Ала қаншық — бір бәсендеп, бір ұйытқыған боран.

Ала құйын — астаң-кестең ұйытқыған боран.

Ақ құйын — қар, шаң боратып қатты соққан құйын.

Азынау жел — гуілдеп соққап аңқыма жел.

Аңызақ жел — жазғытүрғы тым жылы әрі құрғақ жел.

Алтын күрек — оңтүстіктен үзбей соғып, қыстын соңғы қарын күрт ерітетін жылы жел.

Баяу жел — лебі бәсең жел.

Боранды жел — қарды бұрқыратып ұйытқып соғатын ысқырық жел.

Борасын — қиыршықтап борайтын сырғыма боран.

Бұрқан — долданып, аласұрып өршеленген боран, жел.

Бұрқасын, бұрқақ — жерге түскен қарды суырып соғар бәсең жел.

Дауыл — шаңдатқан, борандатқан, алай-дүлей осқырған жел.

Жайдақ жел — жауынсыз, шаңсыз баяу соғатын жел.

Жатаған жел — төмен, жер бауырлап ескен жел.

Жаяу боран — жаңа түскен үлпек қарды жер бетінен не қатқан қар үстінен үрген еспе боран. «Ақбасқын» деп те аталады.

Жаяу борасын — жаяу бораннан ақырынырақ соғатын жел.

Жаяу бұрқасын — бәсең боран.

Желең жел — сәл-пәл соғатын жел.

Желемік жел — әлсіз жел.

Желкем — желтең жел.

Желорай — ашық есік, терезеден енген суық ауаның белмедегі жылы ауамен тоғысуы.

Жеңіл жел — солғын жел.

Жоғары жел — биіктен үйірілген жел.

Ебі жел — дауылды жел.

Ескек жел — есе соққан жел.

Еспе жел — желпінді екпек жел.

Заулама жел — іркілмей соғатын екпінді жел.

Керімсал жел — шілдеде оңтүстіктен соғатын аңызақ жел.

Көк дауыл — аязды қарлы боран.

Көлденең жел — кесе, көлбеу жел.

Қайтыс жел — қарқыны басылған жел.

Қара боран — түтеген қарлы боран.

Қара дауыл — шаң топырақ көтерген сойқанды жел.

Қара жел — бұлтты күнгі ызғарлы жел.

Қарыма жел — бет қаритын өткір жел.

Қара құйын — топырақ, құм боратқан жел.

Қарсы жел — жүріс бағытқа қарсы жел.

Қоңыр жел — майда, самал жел.

Қума жел — қуалай соғатын жел.

Құйын — үйіріле, ұйытқи соғатын, кейде шаң-тозанды көкке үйіріп соғатын екпінді жел.

Қызыл жел — аңызақ ыстық жел.

Майда жел — жұмсақ самал.

Мырза жел — жанға жайлы қоңыр жел.

Өкпек жел — көбіне көктемде соғатын ызғырық жел.

Өксік жел — ышқынған қатты жел.

Өтпе жел — бір бөлменің қарсы қабырғаларындағы ашық терезелерден ерсілі-қарсылы ескен жел.

Сақаусыраған жел — қарқыны бәсендеген жел.

Салқын жел — ызғарлы күзгі жел.

Самал жел — қоңыр салқын майда жел.

Сары жел — тынымсыз соққан жел.

Саумал жел — айналып соққан қайталама жел.

Сырма — сусымалы бұрқақ.

Тас боран — тас, топырақ суырып соққан қаһарлы жел.

Тау желі — тау аңғарынан ескен жел.

Тентек жел — ала құйын есер жел.

Теңіз желі — теңізден ескен жел.

Теріскей жел — терістіктен ескен салқын жел.

Толағай — толассыз соққан жел.

Түтек — алай-түлей боран.

Ұйытқыма боран - ұйытқи соққан қарлы боран.

Үрме жел - екпіні бір басылып, бір көтеріліп соғар жел.

Үскірік жел — күзгі, қысқы құрғақ суық жел.

Уіл - желдің, самалдың ақырын дыбыс шығарып соғуы.

Ызғырық жел — өңменнен өтер ызғарлы жел.

Ықтырма жел — адамды, малды ықтырып, бет қаратпайтын суық жел.

Ыстық жел — от лепті аптап жел.

 

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Архив записей
Друзья сайта
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Все проекты компании
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0