Меню сайта
Форма входа
Поиск

Кей жерде той бастаудың тәртібі сақталмай, әркім өз ойынша, қалай болса солай, ретсіз, өз беттерімен өткізіп жүр. Бұл қаншалықты дұрыс, төрелік өздеріңізде.

Мұны білу үшін мына сауалға жүгінейік. Той деген не? Тойдың қандай түрлері болады? Тойды кім бастау керек және қалай бастайды?

Тойдың мынандай түрлері болады:

1.Үйлену тойы – келін түсіру, қыз ұзату.

2.Сүндет той – мұсылман халықтарында ұлды сүндетке отырғызу кезінде өткізіледі. 

3.Бесік тойы.

4.Тұсау кесу тойы – жас нәрестенің жүр кезеңі.

5.Тілашар тойы.

6.Тана бау тойы – айрықша қуаныш.

7.Тілеу тойы, тағы‑тағылар.

Той дегеніміз халықтың бас қосуы, көңіл қуанышы. Ағайын‑туған, жекжаттармен араласып, көңіл‑күйін, шаттық сезімдерін білдіретін салтанатты жиыны. Той барлық халықтар мен ұлттарда болады. Оның ұлттық салт‑санасы, рәсімі әртүрлі.

Келіннің тойы жігіттің үйінде болса, тойды қыз берген құда жағы бастайды. Және, керісінше, той бастайтын адам арнайы той бастауға арналған өлеңмен бастауы керек. Той екі тарапта (ер, әйел болып) айтылады.

Той бастар той жасаған адамның хал‑жағдайына байланысты болады.

Тойға халық көп жиналса, той иесі тойды 3‑4 жерден бастаттырады. Той иесі бұл салтты сақтамаса, арада наразылық болуы да мүмкін. Бұл тәртіпті сақтау: рулық, аталық, жекжаттық қарым‑қатынасты күшейтеді.

 

Той бастар өлеңі.

Бисмилла, өлең басы той басталық,

Бұл тойды асықпастан жай басталық.

Сәрсенбі сәтті күні той жасапсыз,

Бұл тойың құтты болсын дей басталық.

 

Бисмилла, деп бастайды тойдың басын,

Әумин! – деп көтерер қойдың басын,

Той жасатты екі жас отау тігіп,

Өмірлері ұзақ болсын екі жастың.

 

Ақ тілеулі азамат тойдың басы,

Жұбайлардың ұзарсын өмір жасы.

Қабыл болып халқымның ақ батасы,

Отауыңның берік болсын босағасы.

 

Тойы болса Албаннан Алжан бастар,

Ауқымнын жүйрік аттай кесіп тастар.

Той иесі дарынды мырза болса,

Той бастар деп алдына кілем тастар.

 

Икемді, епті жігіт атқа шабар,

Ән шырқап, өлең айтып, көңіл ашар.

Той жасаған азамат жомарт болса,

Ат мінгізіп, үстіне шапан жабар.

 

Бұл тойға жекжат, туыс келіп жатыр,

Ақ батасын жұбайларға беріп жатыр.

Құтты болсын ақ босаға жұбайлардың,

Жақсы тілек көпшілік тілеп жатыр.

 

Осыменен той бастар тәмам болсын,

Той жасатқан жұбайлар аман болсын.

Беті ашылсын той бастар сыйлығының,

Бөлісіңдер сыйлықты ырым болсын.

 

Аяғы боз жорғаның безек‑безек,

Айтар өлең қыз‑жігіт кезек‑кезек.

Өткізбелік уақытты бекер босқа,

Жалпы өлеңге берелік енді кезек.

 

Сері жігіт мінеді арғымаққа,

Арғымақ икемделу қарғымаққа.

Дейді ғой той құдайдың қазынасы,

Берелік енді кезек жастар жаққа.

 

Думан ғыла көп халық өлең айтар,

Таң атырып шат көңілмен үйге қайтар.

Көп тілеуі көл деген осы емес пе,

Жұбайларға қол жайып батаны айтар.

 

Той бастар

(халық әні)

Бесігі той қазанның отау жабар,

Қиқу сап жас балалар атқа шабар.

Той қылған қыз әкесі мырза болса,

Жігітке той бастаған шапан жабар.

Қайырмасы:

Ақсай деген жеріміз,

Кең жайылған еліміз.

Үйрек ұшып, қаз қонған,

Дария шалқар көліміз.

 

Дегенге той қылған қыз, той қылған қыз.

Тойына тоғыз бие сойдырған қыз.

Атын ерттеп, түйесін қомдап қойып,

Бір жаққа жүрейін деп ой қылған қыз.

Қайырмасы:

 

Келеді айың туып оң жамбастан

Құдайым айырмасын тең‑құрдастан.

Құдайым айырғанша тең‑құрдастан

Қайтеді жаратпаса әуел‑бастан.

Қайырмасы:

 

Ұзатқан қыздың қоштасуы

Есік алды жас қайың,

Жапырағын баспайын.

Есіктен аттап кеткен соң,

Еркелікті тастайын.

 

Есіктің алды ақ қайың,

Қайыңды қайтып аттайын!

Еркелеткен анамның

Ақ сүтін қайтіп ақтайын?!

 

Есіктіің алды талды ғой,

Талдыдан құрық алды ғой.

«Бермейміз»деген жеңгелер

Басыма шәлі салды ғой!

 

Әуеден ұшқан бұлдырық,

Құбылдан шыққан ызғырық.

Жатқа кетіп барамыз,

Жаратқан соң қыз қылып.

 

Қамшының сабы боям,

Ел ақысын қоя ма?

Ай сайын іздеп келуге

Айналайын ағалар

Атыңның терін аяма.

 

Есіктің алды күрке еді‑ау,

Күркеден атым үркеді‑ау!

Бермеймін деген жеңгелер

Басыма салы бүркеді‑ау.

 

Атасы жақсы құл болмас,

Шешесі жақсы күң болмас.

Оң жақтан кетіп барамын,

Қыз нркелеп ұл болмас.

 

Жанымдағы қыным‑ау,

Сіңілер мен інім‑ау,

Жыл айналып келгенше,

Қош аман‑бол, күнім‑ау.

 

Қоштасу

(шешесінің қызымен қоштасуы)

Қарағым‑ай, халқыңа қалаулы бол!

Еліңе елеулі бол!

Ертемен ерте тұрарсын,

Түңлігінді ашарсын,

Сиырыңды сауарсың,

Малыңды өріске айдарсын,

Самаурыңынды қоярсын.

Сүтімді сонда ақтарсын.,

Қарағым‑ай, не айтайын,

Енді жат‑жұрттық болған соң.

 

Жеңгесінің қоштасуы

Сылдыр‑сылдыр қамысқа,

Сырғаң түсті жар‑жар‑ау!

Сырғаң түскен жерлерден

Тарғақ ұшты жар‑жар‑ау!

Сырласпаған жат елге

Бикем кетіп барады‑ау!

Қолымдағы бикешім –

Қос жүзігім, жар‑жар‑ау!

Қос жүзігім қолымда

Майысады, жар‑жар‑ау!

Сен кеткенде қабырғам

Қайысады, жар‑жар‑ау!

Қош‑есен бол бикешім!

 

Қайым айту

Тарының басы, тарақты, бикем

Қыз қылып сені жаратты, бикем.

Борышын кісі қоя  ма бикем,

Қолқа бір салып сұрапты, бикем.

 

Дүзге де туған баласың, бикем,

Ата‑ананың тілін аласын, бикем.

Ата‑ана тілін алған соң, бикем,

Жылай да жылай барасың, бикем.

 

Мінгенім менің қара атты, бикем,

Қаршыға құйрық қанатты, бикем,

Өксіп бір өксіп жылама, бикем,

Бабалар салған салтты, бикем.

 

Мінгенде атым жиренше, бикем,

Тыпыргып тұрмас мінгенше, бикем.

Өксігің сенің басылмас, бикем.

Әлдилеп бөбек сүйгенше, бикем.

 

Мінгенде атың бозғана, бикем,

Күйеуің сенің бозбала, бикем.

Өксігің басылмас, бикем,

Әлдилеп сүймей бір бала, бикем.

 

Сарының басы Сарытау, бикем,

Сәукеле кисең баршабау, бикем.

Тірнектеп жиған мүкәмәл, бикем,

Құтты да болсын ақ отау, бикем.

 

Календарь
«  Март 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Все проекты компании
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0