Меню сайта
Форма входа
Поиск

Сәлемің түзу болсын

 

Біз қалай амандасып жүрміз? Қазаққа лайық, жарасымды, биязы, сыпайы, мәнді де мағыналы сәлемдесу қандай болу керек?

Жастарымыз қысқа ғана «сәлем» сөзін «привет» сөзімен алмастырып қолданып жүр. 
Сонда қазақта орыстың «здравствуйына» төтеп берер қысқа да 
нұсқа төл сөзіміз болмағаны ма? Тек қана әдеби норма саналатын 
«сәлеметсіз бе?» сөзін сирек еститін болдық. Парсы тілінде 
«саламат» сөзі «денсаулық» деген мағынаны 
білдіреді екен. Сонда біздің «сәлеметсіз бе?» деп 
жүргеніміздің өзі «Денсаулықсыз ба?» болып шыға келеді. 
Көпшілік мұны ұғына бермейді.

Жат жұрттық сөздер дұрыс игерілмесе, ала-құлалық аяқтан шала бермек. 
Орыстың «здравствуйына» парапар төл сөзіміз бар. Ол бүкіл 
түркі тіліне ортақ «арма» сөзі.

Қазіргі таңда «Армысыңды» радио-теледидарда айтуға 
құштарлардың қатары артып келеді. Өкінішке орай түпкі мағынасына мән 
бермейді. Бүкіл түркі тілінде «арма» сөзі хал жағдай 
сұрасудың бір түрі. «Арыма», «шаршама», 
«қажыма» деген мағынаны білдіреді.

«Арма!» — деген әлге қуат, Бар бол! — деген 
бәрінен зият», «Астықтың үлкені жарма, Сәлемнің үлкені 
«арма». Осынау қазақтың бір-ақ «арма» сөзі ауру 
– сырқау, қайғы – қасірет, бәле-жала, жоқшылық жоламасын 
деп бір өзі барша жақсы тілекті арқалап тұр. Бұдан артық қандай 
амандасу керек! 

 Армаңыз! Уа, бар болыңыз!

Игі дәстүрге, жақсы әдетке салғырт қарауымыздың кесірінен батысша 
сүйісіп, қалай болса солай құшақтасып амандасатын болдық. Жер бетіндегі 
адамның 90 пайызы герпес ауруының вирусын тасушылар екен. Ал дәл сол 
сияқты жолмен жұғатын ауру түрлеріне саусақ жетпейді. Оның ішінде 
тұмау, гепатит, туберкулез сияқты өзімізге жақсы таныс түрлері бар. 
Күнделікті өмірде көріп жүргеніміздей сүйіп амандасу кезінде ауызындағы 
жаман иістен ұшынып ауратын адамдар қанша ма?

Ол аздай әп-әдемі келіннің ибалы сәлем салуы «ислам дініне 
қайшы» деген пікірлер айтылып жүр. Сонда ғасырлар бойы исламды 
ұстанған ата бабаларымыз, оның ішінде қаншама ғалым-ғұламалардың үлкен 
күнәні білуге өресі жетпегені ме? Өз атасының алдында иіліп құрмет 
көрсете алмаған келін құдайға қалай құлшылық етеді? Адамдар бір-бірімен 
есендескенде әсіресе жастар үлкендерге бастарымен қоса кеуделерін сәл 
иеді. Ал исламда сыйлы кісіге құрмет көрсету ниетіңмен қолын сүюге 
рұқсат бар. Қол сүйетін адамның кісі алдында бел бүгіп иілетіні сөзсіз. 
Мұны ешкім харам деп есептемейді. Егер жалпы иілуге болмайтын болып 
саналса бұларға да тыйым салынар еді.

Сәлем салу қазақ келіндеріне тән ізіттілік белгісі. Қазақ келіндері 
инабаттылық әрі құрмет көрсету мақсатында сәлем салады. Оның еш 
ағаттығы жоқ. Бұл қазақтың әдет ғұрпы екенін ұмытпайық.


Ақжарқын НҰРДӘУЛЕТ
http://anatili.kz/?p=1098#more-1098

 

 

Календарь
«  Март 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Все проекты компании
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0