Меню сайта
Форма входа
Поиск

Атау — белгілі бір заттың, ұғымның, құбылыстың мәнін, табиғи тұрпатын сезбен бейнелеу. Әлімсақтан табиғаттын тума тұнығында өмір сүрген, жаратылысынан аңғарымды, дүниетанымы, ойы мен кезі жіті, аса сезімтал қазақ халқы әр заттың сыртқы пішіні мен ішкі сыр-сипатын ұштастыра, сабақтастыра ұға білген, болмысына лайықты атау тапқан. Қоршаған ортаның, атмосфералық құбылыстардың әсерлерінен өзге өң алып, түрленіп құлпыруының бір де бірін қалт жібермей, жаңа пошым-болмысына сәйкес бастапқы атауларын жаңғырта түлеткен. Сөйтіп, түрлі көріністердегі негізгі бір зат ондаған атау алған. Мысалы, әңгіме еткелі отырған кәдімгі желдің ғана (халық бұдан да көп білсе керек) бір-бірін қайталамайтын елуден астам атауы бар. Бұлт атаулары жиырманың, жол атаулары отыздың үстінде. Тәуліктік мезгіл-мезеттерді жіктегенде, таңның белгі беруі мен жарқырап атуы аралығындағы «қас-қағым» шақта сәуле құбылған (ойнаған) отызға жуық сәт көзге шалынып, көркем суреттелген. Бұл, бір жағынан, қазақ халқының табиғат құбылыстарының сырын жазбай таныр байқампаздығын, ой жүйріктігін және түйінділігін білдірсе, екінші жағынан, сол сан құбылыстың әр сәтін адамның көз алдына қаз қалпында, дәлме-дәл, айна-қатесіз елестетер ана тіліміз байлығын, сөз бояуы молдығын аңғартады.

Табиғат құбылысы атаулары кепшілік қауымға жаңалық болмас. Дегенмен, бұлт, жаңбыр, қар, аяз, жел, жол атауларын топтастырып, жұртшылықтың жадына қайталап беру жөн сияқты.

 

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Архив записей
Друзья сайта
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Все проекты компании
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0