Меню сайта
Форма входа
Поиск

Тәңір – түркі Атлантидасы

Тәңір діні- адамзат өркениетінің шоқтығы ...”

Ж.Тұран

 

Орхон-Енисей ескерткіштерінде жазылған көне түркілердің дүниетанымдық ұғымы бойынша, “Алдымен жоғарыда көк аспан, төменде қара жер, олардың ортасында түркілер пайда болады”30. Көне түркілердің діні аспанның құдайы Тәңірге (Тенгри) табынуға негізделген. Ұлы даладағы түркі халықтарының негізгі құдайы болған Тәңір туралы ұғым б.д.д. V-IV мыңжылдықтарда Алтайда пайда болды 30. Француз ғалымы Жан-Поль Ру оны “тенгризм” терминімен атады. “Тенгри” қазақша “тәңір” термині “құдай”, “құдайлар”, “тәңір”, “рух-иесі” сияқты әлемді жаратушының көзге көрінетін бөлігі - аспанды білдіреді61. Сонымен қатар, «тенгри» түркінің екі сөзінің буыны “таң” және күннің ертедегі діни атауы – Ра, яғни екі сөз “Тан-Ра”-дан құралған. “Танра” атып келе жатқан таң мағынасын білдіреді. Бұл дін осы уақытқа дейін сақталған алтай-саян халықтары XIX ғасырда оны “ақыл-ес” (разум) мағынасын беретін “янг”, “аң” деп атады.

Бұл діннің космогониялық ұғымдары бойынша, әлем бірінің үстіне бірі орналасқан бірнеше сатыдан тұрады. Жоғарыдағы он жеті саты аспанды немесе Жарық патшалығын құрайды. Ал, төменгі жеті саты жерасты немесе Қараңғылық әлемін анықтайды. Ол екеуінің ортасында адамдар тұратын жер жатыр. Аспан мен жер жоғарғы субстанция аспандағы сатылардың ең жоғарысында - Қасиетті Аспан немесе Тәңір орналасқан223. Сонымен қатар, аспан қайырымдылар рухының, ал жерасты әлемі күнәкәрлерге арналған тозақ орыны болып саналады. Тәңір - Аспан құдайы болса, Ұмай жер-судың құдайы.

Қазіргі бізге белгілі діндердің ішінде ең көнесі және соңынан пайда болған дүниежүзілік діндердің қалыптасуына тікелей әсер еткен осы дінді қазір түркі халықтары ұстанбайды. Бұл дін қазіргі уақытта толық зерттеліп болмағанымен ғылымға белгілісі оның аңшылықтан көшпенділікке ауысып жатқан кезде тұран тайпаларының ішінде пайда болғаны. Бұл дін түркі халықтарының адамзат өркениеті дамуына қосқан үлесі болып саналады. Сондықтан біз Тәңір дінін қазіргі ұстанатын дін ретінде емес, адамзат өркениетінің дамуына зор әсер еткен рухани-танымдық құбылыс ретінде ғылыми тұрғыдан қарастырамыз.

Көне түркілердің Тәңірі (Тенгри), яғни түркіше “Аспан құдайы”, немесе “Мәңгі көк аспан” түркілерге қамқоршы болып, олардың халық болып қалыптасуына көмектескен5. Ол аңыз бойынша, көне Алтайдағы түркілерге дұрыс өмір жолын көрсету үшін Тәңір өзінің сүйікті ұлы - қасиетті Гесерді (Кедер - Хызыр – Георгий - Джиржис) жібереді. Бұл есімдер бір адамның атын білдіреді. Гесер жер бетіндегі алғашқы пайғамбар. Осы қасиетті пайғамбардың қайырымды істері туралы түркі халықтарында көптеген аңыз-әңгімелер сақталған. Түркі халықтарының көбінде “Гесер” немесе “Гэсэр” атты көне эпостар бар. Ондаған ғасырлардан бері оның есімі өзгеріп, түркі халықтары оны қазір Кедер, немесе Хызыр деп атайды. Қазақтардың ислам дінін қабылдағанына мың жылдан асса да, олар Хызыр бабаға сыйынып, оны айрықша құрмет тұтады.

Тибет халқының ерте заманғы тарихын жырлайтын батырлық дастан “Гесер“ 700 мың жолдан тұратын әлемдегі ең көлемді эпос. Белгілі ғалым М.Мюллердің болжамы бойынша, тибет халқы көне тұран тайпаларының оңтүстік бөліміне жатады. Алғашында “Бон“ дінін тұтынған тибет халқы, б.д. VII ғасырынан бастап тибеттік буддизм “Лама дінін“ ұстанғанымен, оларда әлі күнге дейін өлген кісіні жерлегенде “тәңірге табыс ету“ немесе “көкке тапсыру“ сияқты түркі халықтарында көнеден қалған дәстүрлері сақталған. Тибет және түркі халықтарының өзара ұқсастығы олардың тұрмыс-дәстүрлері мен қолөнері, оның ішінде кілем-текеметтеріндегі ою-өрнектерден де айқын көрінеді. Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған деректер бойынша, тибеттіктер тұнғыстардың немесе тоғыз-оғыздардың туыстары. Тоғыз-оғыз және ұйғырлар бір халық175.

Ал Кедер немесе Кердерінің шығу төркіндері бір сөз екені Н.Веселовскийдің47, В.Бартольдтың27, С.Толстовтың148 деректерінде дәлелденген. Қазіргі ғылымға белгілі деректерде б.д.д. I мыңжылдықта түркі тайпаларының, оның ішінде кердерілердің (“ұлы иозылар”) Алтайда тұрғаны белгілі. Шамамен б.д.д. V-IV мыңжылдықтарда көне түркілердің Тәңір діні Алтайда пайда болды. Яғни, көне түркі тайпасының біреуінің Кедер пайғамбардың есімімен аталуы заңды құбылыс. Себебі, Сырдария өзені мен Арал теңізі маңындағы хион немесе кердерілердің тарихы Алтайдағы көне түркі тайпалары және олардың діні Тенгримен тығыз байланысты.

Буряттың “Гэсэр”59а деген эпосында батыр жігіт Гесер немесе Кедер қылыш пен семсерден де күшті “Құдай” деген сөзбен бұлақты басып алып, жас қыздарды беріп тұруды талап еткен айдаһарды жеңген.

Тұран тайпалары, оның ішінде “ғұндар күнге, айға, аруақтарға, аспан мен жердің рухына табынды” дейді “Қытайдың Геродоты” - Сымь Цянь90. Олардың рухани жетекшісі – шамандардың қар, бұршақ, жауын жіберіп, желді қуатын аспанда өздерінің мемлекеті болған. Византия тарихшысы Менандр “ертедегі түркілер отқа, суға және жаратқан құдайға сыйынып оларға арнап түйе, өгіз, қой сойып садақа берді” дейді. Дүниежүзілік діндер классификациясының негізін салған М.Мюллердің дәлелдеуі бойынша, көне Алтайдан шыққан Тенгридің мағынасы монғұл, тұнғыс, татар, және фин тайпаларына немесе алтай-орал тілдері тобына және қытай тіліне ортақ120. Осы ұлы ғалымның кезінде, яғни XIX ғасырда тибет халқының шығу тегі ғылымға белгісіз болғандықтан, тұран діні тобына жататын халықтардың толық классификациясы жасалмағанымен, ол “...егер тибет халқы орал-алтай тілдері тобына жататын болса, онда ол тұран тобының оңтүстік бөлігін құрайды” деп болжап кеткен болатын. Үш мың жылдай ұмытылып қалған Тұранның көне тарихын бір жүйеге келтірген Е.Кастрен мен М.Мюллер сияқты данышпандардың рухтарына тағзым ете отырып, олар болжаған тибеттіктер тұранның оңтүстік тобына, қытай, манчжур және полиазиаттар орталық тобына, ал монғұл, тұнғыс, түркіден бастап финдерге дейінгі халықтар тұранның солтүстік тобына жататынын қазір дәлелденгенін айта аламыз. Адамзат тарихы мен өркениетінің шоқтығы болып саналатын тұрандықтардың тарихы уақыт өткен сайын ғылыми жаңалықтармен толығып, өзіне тиесілі тарихтағы абыройлы орынын алады.

Өз басшыларына берілген дәреже Тангли-Кутуды немесе “Аспанның ұлын”/қыт./ ертедегі ғұндардан алынғанын қытай тарихшылары дәлелдеді. Соңынан пайда болған қытай императорларының негізі осында жатыр. Оның мағынасы “аспан ұлынан”, “аспан ризашылығымен болған императорға” өзгерген. Қытайша бұл сөз Tien – аспан құдайы және жалпы құдай, ал императордың сөздігінде “ұлы”, яғни жердегі өмірді жоғарыдан басқарып отырған “жалғыз” әмірші. Қытай тілі тұран тілдері сияқты агглютинацияға ұшырамағанын, ал Тенгри сөзінің алғашқы мағынасы аспан, одан кейін аспан құдайы, жалпы құдай, соңында рух болғанын ескергенде бұл сөздердің төркіндерінің бір екенін көреміз.

Көне түркілердің ұғымында Тенгридің мағынасы табиғи құбылыстарға Аспан - Көк Тәңірі, Аспан - құдай ретінде болды. Аспан жердегі тіршіліктің барлығынан жоғары, қол жетпейтін Ұлы және абсолютті қалпында белсенді күш, өмір мен берекенің көзі ретінде діни сана-сезімге енді. Ертедегі қытай мен шумер халықтарының діни ұғымдарында Тенгри осылай қабылданды. “Қытайдың ертедегі мемлекеттік діні – ол үйлесімді ұйымдасқан дін жүйесі. Ол “Тянь” - Аспан, “Шань-ди” – Бірінші Елбасы және әртүрлі рухтар құрметтеуден тұрады*.

... Аспан құдай ретінде ғажайып күшпен көрінбейді, ол біреуді басқадан бөліп көмектеспейді, ол табиғаттың кәдімгі қалыпты жағдайында танылады. Аспан өз күшімен күннің жарығы, жауын, ыстық пен суық, желдің екпіні, жыл мезгілін ауыстыру арқылы әлемдегі құбылыстарды басқарады”73.

*_____________ “Тянь-Шань” - Тәңір дегеннен шыққан. Ол тұран жүйесіндегі барлық халықтарға, оның ішінде қытайлықтарға да ортақ ұғым. Сондықтан, Тянь-Шань тауын “Тәңір” (Tengri) деп өзінің негізгі атымен атаған дұрыс.

Тұран тайпалары мен қытайлықтарға ортақ тағы бір ерекшелік - ол аруақтарға табыну. Бұл дәстүр барлық халықтарда кең тарағанымен, осы уақытқа дейін ерекше деп келген қытайдың діндері мен солтүстік Азия дәстүрінің төркіндері бір екені анықталды. Мысалы, Сібірден Орта Азияға көшкен ғұндардың Тора тайпасы өз бабаларының моласы басына құрбандық шалуға елшілерін жіберіп тұрған. Олар молалар мен қорғандарды тірі жан баспасын деп және аруақтар шығып кетпесін деп қоршаған. Ал, Қытайда осындай қорғандар белгілі уақыт өткеннен кейін табынатын тұрақты орындарға, ал кейбіреулері аруақтарға табынатын ұлы храмдарға айналды. Қытайдағы аруаққа табыну мен финдер, лапландтықтардың отбасындағы табыну сияқты діни сенімдер алғашында бірдей, бір-біріне өте ұқсас болғанын көреміз. Алдында аспанға табынудан басталған діни сенім, соңынан мәңгілік өлмейтін күшке айналған аруақтардың рухына сеніп - сыйынуға айналды. Аруақтардың рухына сыйыну дегеніміз, өлмейтін, мәңгілікке сенудің өмірлік негізгі элементі болып табылады.

Түркі халықтарында тау, өзен, көлдердің рухына сыйыну емес, олардың өзіне сыйыну, яғни табиғатты кейіптеу \олицотворение\ емес, оны тірілту

процессі жүреді58. Көне түркілердің дүниетанымының негізі аруақтарға табыну болып табылады. Өлгендердің рухына, мифтік ең алғашқы бабаларға сыйыну осыдан шыққан.

Ертедегі бабалардың аруақтарына табынып, олардың молаларына сыйынуды Парсы патшасы Дарийға қарсы соғысқан көшпенді массагет тайпасы қағанының: “Сендер біздің жерді жаулап алуға келдіңдер, бірақ бізді жеңу үшін, алдымен біздің бабаларымыздың молаларын табуларың керек” деген сөзінен көреміз. Бұл сөздердің астары мынада. Массагеттердің жеңілмеуінің себебі бабалар аруағына, өздерінің қасиетті жеріне сыйынады. Бостандық үшін күресте батыр-бабаларының аруағы оларды қолдайды.

Бабалар аруағына табыну құдайдың жаратушы күшіне сенудің ең көне формасы. Тарихи даму кезеңінің белгілі сатысында көптеген халықтардың аруақтарға табынуы, соңынан барлық дүниежүзілік діндерге негізгі элементтердің бірі болып енді181.

Тәңір дінінің құрамдас бөлігі – оның күнтізбесі. Көптеген ғалымдар бұл күнтізбенің Ұлы даладағы көшпенділерде пайда болғанын дәлелдеді68, 138, 139, 170, 176, 182.

Оңтүстік Қазақстандағы Баба ата қалашығындағы жануарлар суреті бар дискі іспеттес археологиялық материалдарды сараптаған Т.Н.Сенигова “күнтізбені жасаған түркілер және олардан қытайға тараған” деген қорытындыға келеді138, 139. Күнтізбенің Орталық Азиядан шыққанын мойындаған И.В.Захарова, “Жануарлар циклінің осы уақытқа дейін Орта Азиядағы кейбір халықтарда таңба қалдықтарымен араласып жатқанын айтады. Ол Алтай мен Монғолияда табылған. Ондай байланыстың қалдықтары адамның жануар атымен аталатын жылда туылуымен байланыстырады. Қалыптасқан дәстүр бойынша адам ол жануарды өлтірмейді”. Бұл гипотезаны белгілі түркітанушы С.М. Абрамзон да толығымен қолдайды3, 68.

В.В.Цыбульскийдің дәлелдеуі бойынша, “Бұл күнтізбенің шығуы Орта Азиядағы көшпенділермен тікелей байланысты және ол Азияның басқа халықтарына тез тараған. Бұл күнтізбе басқа жерде де пайда болуы мүмкін, бірақ ондағы бірдей жануарларды таңдау мен олардың орналасуы кезегінің бірдейлігі Орта Азия аймағынан шығуының дәлелі”170. Бұл күрделі күнтізбені Ұлы Дала мен Орта Азия аймағының көшпенділері осы қатаң континентальды аймақта өздерінің саяси-экономикалық, рухани, мәдени және жеке өмірінің уақытын белгілеу, яғни көшпенділер өмірін жан-жақты қамту қажеттілігінен шығарған.

Ғарыштағы құбылыстарды және оның жерге әсерін терең зерттеуге негізделген жануарлар күнтізбесі көшпенділердің қажеттілігін қанағаттандыра алды. Ол барлығына белгілі болды, себебі Орталық Азия көшпенді тайпалары мен халықтарының мәдениеті мен цивилизациясы өмірлік Дәстүрінің (Нағыз Білім-Генон) құрамдас бөлігі болды және оның қажетін қанағаттандырды.

Қазіргі ғылымда оны шығу жеріне қарай - Орталық Азия көшпенділерінің күнтізбесі десе, жылдарының санына байланысты 12 жылдық циклдік, қазіргі ресми қабылданған жеріне қарай Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің ай-күндік күнтізбесі, 12 жылдық циклде есеп беретін ғаламшарының атымен Юпитер күнтізбесі дейді. Ал, Тенгриан күнтізбесі Юпитердің Күнді айнала қозғалған 12 жылдық циклінен басқа Күн мен Айдың қозғалысына және Сатурнның 30 жылдық цикліне негізделген (учитывает). 60 жылдық цикл Сатурнның екі, Юпитердің бес және алты онжылдық циклдерінен тұрады.

Шығу төркініне және оның Юпитерден басқа ғаламшарлар мен олардың серіктерінің циклдеріне негізделгеніне қарап, оны тек Юпитер күнтізбесі дегеннен көрі Тенгриан күнтізбесі деген дұрыс. Орта Азия көшпенділерін біріктірген Ұлы дін – Тәңір діні немесе Тенгризм7, 8, 9, 42, 153.

Олар ортақ құдайға (Тенгри) сенеді, оны көзге көрінетін және көрінбейтін бар әлемімен қоса өмірдегі барлық қуаныш пен қайғыны жаратқан деп мойындайды. Бірақ, оған арнап намаз оқымайды, оны мадақтамайды немесе оған арнап құрбандық және т.б. бермейді” дейді П.Карпини42. Ұлы діндер өздерінің дүниетанымдық әлемімен (картина мира), моралімен, уақыт және кеңістік туралы түсінігімен мәдениет пен цивилизация негізін қалады. Тенгризм - көшпенді түркі халықтары цивилизациясының негізі. Себебі реттелген күнтізбе қоғамның өркениетке жататынының негізгі белгісі40 және мүшел оның генезисі, тарихи-мәдени мазмұны және дүниежүзілік цивилизация көлеміндегі орнына байланысты ғылымда Тәңір (тенгриан) күнтізбесі деп аталғаны дұрыс.

Ұлы діндердің арасында қандай айырмашылық болса да, оларға ортақ нәрсе - өздерінде күнтізбенің болуы. Жаңа діннің күнтізбесін пайдалану, сол жаңа діннің қоғам өміріне сіңуінің негізгі белгісі. Дін қоғамға тарағанда, ондағы дүниетаным мен адамдар өмірін өзгертті және ол өзгерістің негізгі құралының бірі күнтізбе болды. Тенгриан күнтізбесі әлемдегі күнтізбелердің ең күрделілерінің бірі. Ол Күн мен Айдың қозғалысынан басқа, Юпитердің Күнді айнала қозғалған 12 жылдық цикліне және Сатурнның 30 жылдық цикліне негізделген (учитывает). 60 жылдық цикл Сатурнның екі, Юпитердің бес және алты онжылдық циклдерінен тұрады. Осындай күрделі күнтізбе жасау үшін ғаламшарлар қозғалысының заңдылықтарын түсінетін көшпенділердің терең астрономиялық білімі болды ма?

Ертедегі мықты астрономдар теңізшілер ішінен шыққаны белгілі. Олар ашық теңізде түнгі аспандағы жұлдыздарға сүйеніп жол тапты. Теңіз жағалауымен каботажды жүзген ертедегі финикий теңізшілерінің күнтізбесі Еуропа астрономиясының негізін салды.

Ертедегі көшпенділердің көшу жолының қашықтығы мен жүріп өту уақыты сол кездегі теңізшілердің жүзу сапарынан бірнеше есеге ұзақ еді. Мысалы “XV-XVIII ғасырлардағы қазақтың “мәңгі” көшпенділері – адайлар бір жылда 2800 шақырымнан астам жерге көшіп - қонып жүреді екен”147.

Жыл бойы көшіп-қонып жүрген тайпалар Еуразия даласында құнарлы жайылым іздеп мыңдаған шақырым жүргенде айналасында өзгеріп жатқан жылдық кезеңдер мен пейзаждар, жануарлар мен өсімдіктер әлемі, өзен-көлдер және т.б. бірнеше ландшафт пен климат зонасынан өтеді. Жолда сәби дүниеге келіп, балалар өсіп - ержетіп, үлкендер о дүниеге кетіп жатты. “Әрекетте-берекет бар” дейді көшпенділер. Олардың ғұмыры мен бақыты осы мәңгі қозғалыспен тығыз байланысты болды. Күн мен Ай, ғаламшарлар мен жұлдыздар оларға жолдың бағытын, жыл мезгілін, уақытты анықтайтын және күннің райын болжайтын аспандағы тұрақты белгілері болды. Яғни, осы мәңгі қозғалыстағы әлемде өзгермейтін тек қана төбедегі аспан - Мәңгі Аспан, Мәңгі Көк Тәңір құдайы еді.

Әрбір көшпенді киіз үйде тұрды. Оның түндігі жылдың белгілі бір мезгілдерінде ашық тұрады да, Ай мен басқа ғаламшарлардың және жұлдыздардың қозғалысы сол үйде өмір сүрген адамның жадында еріксіз жатталып қалады. Яғни, әрбір киіз үй өзінше “планетарий” сияқты. Аспаннан байқалған өзгерістер жинала келе белгілі жүйеге айналды және ұрпақтан-ұрпаққа беріледі.

Ғалымдар сонымен қатар, көшпенділердің көзі ерекше қырағы екенін айтады. Мысалы, белгілі саяхаттанушы және теңіз жиһангезі Ф.Н.Врангель якуттар туралы былай дейді: “Бір якут Усить-Янский экспедициясының бастығы лейтенеант Анжуға бір үлкен көкшіл жұлдыз (Юпитер) басқа кіші жұлдызды жұтып қойып, қайта түкіргенін көргенін айтады. Яғни, бұл сібірлік адам жай көзбен-ақ Юпитер серігінің (спутник) тұтылуын көрген170. Астрономияны терең білмей тұрып, ұдайы көшіп жүруге негізделген шаруашылықты меңгеру мүмкін емес: “...XIII-XVI ғасырларда Дешті-Қыпшақта атқа не түйеге жегілген арбаға орнатқан киіз үймен хан, не сұлтан басқарған ұлыс мыңдаған шақырымға созылған жерге көшу жүйесі қалыптасты” 144. Негізінен қуаңшылық аймақта мыңғыраған малға шөбі мен суы жеткілікті құнарлы жер табу мақсатында, жүздеген отбасы жылдар бойы қашық, шалғай жерге бірге көшіп қонып жүрді. Осылай артынып-тартынып, ұбап-шұбап жүріп адасып кетпеу үшін көшпенділер ғаламшарлар мен жұлдыздардың қозғалысын жақсы біліп, күн райын болжауды меңгеру қажет болды. Сонымен қатар, ыстық пен қуаңшылық кезінде және басқа да себептермен түнде көшуге тура келген кездерде де олар өздерінің мыңдаған жыл тәжірибе жинақтаған жұлдызшылық білімге (астрономияға) сүйенді.

Жұлдыздардың орналасуын және қозғалуын білген, қырғыз (қазақ-авт.) түнде жолсыз далада сапарға батыл шыға береді және баратын жерін қателеспей табады. Күн батқаннан таң атқанға дейін қай жерде болатынын анық біледі. Сонымен қатар, жолаушы күнге қарап оның қашан шыққанын және қашан бататынын анықтайды. Соған қарап өзінің жұмысын, демалысын, саяхатын, жол жүруін, кездесуін жоспарлайды. Яғни, еуропалық уақытты білу үшін қалтасындағы сағатына қараса, ол аспанға қарайды” дейді А.И.Левшин97.

Түнде де бағыт-бағдарынан еш адаспайтын көшпенділердің бұл қасиетін қолбасшылар шапқыншылық кезінде тиімді пайдалана білді. Әскері тек күндіз ғана қозғалуға бейімделген отырықшы халықтар қай кезде де көшпенділердің түнгі шабуылынан ойсырай жеңіліп қалатын.

Биосфераға, Жердің атмосферасына және адамға ғарыш, оның ішінде жақын орналасқан ғарыштық денелердің белгілі бір мөлшерлі әсері бар. Оның ішінде Айдың әсері зор. Сонымен қатар, ғаламшарлар неғұрлым үлкен болса, оның әсері де соғұрлым күштірек. Сондықтан, Юпитер мен Сатурнның жердегі тіршілік пен адамға әсері ертеден белгілі болды. Соны білген Шыңғысхан өз жұлдызшыларының \астрономдар\ кеңесімен 1226 жылы Юпитер Сатурнды қуып жетті деген уақытта шабуылдарын тоқтатқан111.

Көшпенділердің жұлдыздар қозғалысын зерттеудегі тағы бір негізгі мақсат айналысатын шаруашылығына тікелей байланысты. Егінші халыққа күн райының бір жылдық болжамы жеткілікті болса, мал өсіретін көшпенділерге бірнеше жылдық болжамы қажет болды. Себебі, төл өсіп жетілгеннен кейін өнім беруі немесе сойысқа жарауы үшін бірнеше жыл керек. Мысалы жылқыдан төл алу үшін бір жыл уақыт қажет. Одан кейін бір жаста - құлын, екі жаста – тай, үш жаста – құнан, төрт жаста – дөнен, бес жаста – бесті. Тек төрт жаста ол өсім (өнім) береді немесе жұмысқа пайдалануға жарайды. Түйе өсіру үшін де осынша уақыт керек. Сондықтан көшпендіге алыс қашыққа көшу мен өнім алудың циклін реттеу үшін бірнеше жыл бұрынғы күн райын болжау қажет болды. Ол көшпендіні ұзақ уақыт қиындықққа шыдауға және сол кезде болатын кедергілерге философиялық көзқараспен қарап, оған көңіл бөлмеуге үйретті.

Інжілдегі Иосиф Прекрасный түрмеде жатып Египет фараонының “жеті семіз сиыр жеті арық сиырды, бидайдың толық піскен жеті масағы жеті пышық масақты жеп жатқанын” көрген түсін дұрыс жориды. Фараонның жанындағы Египеттің жер өңдеуші тұрғындары бұл түсті жори алмайды. Оны тұрғылықты халыққа қажетті бір жылды емес, ұзақ уақытты сезетін көшпенділердің гені бар Иосиф қана дұрыс жориды. Оның жоруы бойынша, алдағы жеті жылда өнім көп және молшылық болатынын, одан кейінгі жеті жылда қуаңшылық, аштық болатынын анықтайды.

Бұл сезім Иосиф Прекрасныйге түрмеден шығуға, оның әкесі - інжіл патриархтары* дәуіріндегі “отардың патшасы” (царь стад)101 Иаковке климаты қуаңшылық Аравияда көшпенді шаруашылық жүргізуге көмектесті.

Тек тәуліктік, маусымдық ғана емес, сонымен бірге, жылдық өзгерістері көп болатын Орта Азиядағы қатаң континентальды күн райында тек “ұзақ” уақытты болжаумен қатар осы уақыттағы өзгерістердің заңдылықтарын толық зерттеп, дәл анықтайтын білім қажет болды.

Мыңдаған адам мен сансыз малды қырған жұт Ұлы далада бірнеше жылдан кейін жүйелі түрде қайталанып тұрады. Осындай төрт жылдық жұттың кесірінен б.д.д. І ғасырда шығыс ғұндар мемлекеті ашаршылыққа ұшырап, Қытайдың қарамағына кіруге мәжбүр болады57.

12 жылдық жануарлар цикліндегі аспан символикасымен берілген Юпитер күнтізбесін Шығыс Азияға Орта Азияның көшпенділері енгізді170. Бұл күнтізбені көшпенділер қытайдан алды деушілер ұлу, маймыл\мешін және тауық жылдарына аргумент жасайды. Ал, қазақтың ұлуы107 шынымен қазіргі қытайдың ұлу - айдаhарына ұқсас. Бірақ қытай күнтізбесінде айдаhар жылы лу, емес чэнь, корейше – чин, вьетнамша – тхин, жапонша – тацу. Қазақтың ұлуы монғолдың жыл аты лууға ұқсас107. М.Ысқақовтың пікірі бойынша ұлу көне түркінің ұлуына (қасқырдың ұлуы) және ұлы деген сөздерінен шыққан182. Олардың екеуі де түркі тайпалары мен халықтарына ортақ, күнтізбеде қасқырға берілген таңба болуы заңды құбылыс. Себебі, “Ұлыған Ұлы”, яғни көк бөрі түркі мәдениетінің инструментальдық музыка, орнамент, вербальдық фольклор сияқты барлық салаларында кездескендіктен луды бөрі деп қараған дұрыс.

Бір жылдың екі атпен аталуы, мысалы мешін және маймыл, ол ескі атты жаңаның ығыстыруынан шыққан. Маймыл жылы 12 жылдық жануарлар циклі – мүшелге ескірген мешіннің орнына кірді107. Қазір қазақтарда мешін күнтізбеде қолданылады. Көне түркінің сөзінде Үркерді мешін деп атайды. Ол ертеректе жоғалған болуы керек, себебі 787 жылғы Хиджрадағы хорезм монетасында “маймыл жылы ... қоңызбен (жук) алмасқан”61. Алтайлықтарда мешіннің мағынасы әрқашан да аспандағы шоқжұлдыз Үркерді көрсетеді182, қалмақтарда Үркерді мешин, монғолдарда мечин дейді182. Сондықтан күнтізбедегі мешін осы Үркер болуы керек. Монғұл мен түркі тілдері туыстас, олардың екеуі де алтай тілдері тобына кіреді және олардың екеуінің де мәдениеті көшпенділер өркениетіне жатады. Ал, көшпенділер үшін Үркердің маңызы ерекше. Ол жылды айға және күнге бөлу қызметін атқарды. Жылдың ең ыстық кезінде, үркер жерге жақындап келеді де, «жерасты әлеміне өтіп кетеді”41, яғни горизонттың линиясынан асып кетеді, ал ең суық кезеңде аспандағы жұлдыздардың ең биік нүктесінде тұрады.

Күнтізбе Оңтүстік Шығыс Азияға тарағанда кейбір жылдардың орындары оңтүстік елдеріне үйреншікті жануарларға ауысты: барс жолбарыс болды, қоян-мысық, жылан қытайларға түсініксіз айдаhар болса, индонезийліктерде – қолтырауынға айналып, түсініксіз мешін олардың барлығында маймылға айналды. “Күнтізбеде кездесетін жануар – маймыл, далада болмайды” дегенге француз ғалымы Э.Шаванн түркілердің І ғасырда Кашмирде билігін жүргізгенін, сондықтан оларға бұл жануардың белгілі екенін жазады. Бұл күнтізбенің Қытайда шықпағанының дәлеліне осы ғалым Тань кезеңіндегі жазбалардағы: “Қырғыздар 12 жылдық жануарлар күнтізбесін қолданады. Ондағы инь жылын олар барыс жылы деп санайды” дегенін келтіреді. Монғұлдар жануарлар күнтізбесін тек 1210 жылдан кейін қолдана бастады.

Әлемді жаратқан Тәңір (Тенгри). Ол Аспандағы шырақтар, жұлдыздар және қасиетті жануарларды басқарады. Бұл әлемдегі уақыт мәңгі, оның 60 жылдық айналымында “уақыттың шегіне”, яғни авраам дініндегі міндетті “уақыттың бітуіне” орын жоқ.

Тәңір уақыты ешқандай сандар қатарымен өлшенбейтін Мәңгілік. Сондықтан мүшел белгісінің атрибутында басқа күнтізбелерге тән – жылдарды номірлеу жоқ. Жылдар нумеративпен емес, түстің символикасына сай келетін жануарлар атымен белгіленген. Ол, оң жақ мидағы образдық ойлауға сүйенген, яғни образдың өте көнелігін білдіретін саннан тыс, немесе “до” жүйесі.

Ол күнтізбе жасаушылардың Мәңгіліктің – Мәңгілік екенін түсініп, оны өлшеуге бармағанын көрсетеді. Сонымен қатар, сандардың мәңгілік қатарына ұмтылған нөмірлеу – линиялы және ол осы күнтізбенің негізі болатын уақытты қайта оралу (круговой) түсінігімен келіспейді. Мүшелдегі уақыттың басы мен соңы болмайды, оның соңы – әрқашан да жаңа циклдің басы. Бұл күнтізбеде Алғашқы жаңа жылды анықтау мүмкін емес. Тышқан жылынан басталатын мүшелдегі айналымның басы – ол түркі халықтарындағы конвенциональдық вариант, қалмақтарда бірінші жыл – барыс жылы. Сонымен қатар, әрбір тенгриандықтың, оның туған жылынан басталатын өз мүшелі бар. Барыс жылында туғандар өз айналымын барыстан бастап, сиырдан аяқтайды. Ол үшін барыс жылы, тек оның жеке мүшелінің басталу жылы ғана емес, сонымен қатар ол мүшелдер арасындағы қауіпті өтпелі кезең82. Яғни, жеке адамның дәрежесіндегі уақыт мәдениетінде кез-келген жыл басы және саны болатын мүшелдің 12 нұсқасы бір уақытта болады. Әрбір көшпендінің өмірінде оның жеке мүшелінің ғарыштық өлшемі болады және ол онда өзін еркін сезінеді. Өмірдің уақытын мүшелмен санау жылдардың барлығын ортақ нөмірлеуді тіптен қажет етпейді.

Көшпенділерде, оның ішінде монғұлдарда киіз үйдің дөңгелек кеңістігі 12 сегментке бөлінген, ал тәулік 12 сағаттан тұрады (біз қолданып жүрген календарда тәулік 24 сағаттан тұрады) және олардың екеуінің де аттары бірдей жануарлардың атымен аталады64. Яғни, тәуліктің сағаттары киіз үйдің дөңгелегі, әрбіреуінің белгілі орыны бар отбасындағы – әлеуметтік ортаны білдіретін кеңістіктегі ұғымда біріккен жануарлардың циклін құрайды202, 207.

12 айдан тұратын жылдық цикл қазақтар мен монғұлдарда кіші цикл сияқты жануарлардың орташа циклі деп аталады немесе Жануарлардың үлкен циклін құрайтын 12 жылдан тұратын мүшел, кіші және орта циклге ұқсас.

Жануарлардың кіші, орта және үлкен циклдерінің арақатынасы мен құрылымы Ұқсастық және Иерархия, ал олардың қайталануы өмір Айналымының (Круговорот) заңына бағынған*77.

___________________

*Тенгриан уақытының құрылымы Құдайдың Моисеи арқылы ертедегі иудеилерге берген уақытына ұқсас. Ол уақыттың алғашқы матрицасы Құдай алты күнде әлемді жаратып, жетінші күні дем алғандағы Жарату актісі болып табылады. Сондықтан адам алты күн жұмыс істеп, жетінші күні сенбіде демалып, ол күнді Құдайға арнау керек 35

Жұманың құрылымы уақыттың одан үлкен бөлігінде қайталанады. Алты ай жұмыстан кейін жетінші ай Құдайға арналған тазарту және дем алу күні болып саналады35. Осы принцип жылдар алмасқанда да сақталған, яғни алты жыл еңбектен кейін жетінші жыл жер өңдеушілер мен жер де дем алатын сенбі жылы35.

Уақыттың жеті жылдық кезеңі жеті жетіжылдық кезеңнің негізі болады. Ол аяқталғанда жер дем алып тойлайтын елуінші – сенбі жылы келеді30. Яғни, иудеи уақытының құрылымы да тенгриан уақыты құрайтын иерархия және ұқсастық Заңдарының әсерінде болады. Елуінші жылы қарызбен құлдыққа түскендер босатылып, кедейленген иудеилердің сатылған үйлері мен жерлері бұрынғы иесіне қайтарылады35. Елу жылда өзгерген халық Құдайдың еркімен бостандыққа шығады және еркін болған кездегі қалпына келеді. 12 бірліктен тұратын цикл тәулікті, 30 тәуліктен тұратын цикл айды, 12 айдан тұратын цикл жылды, 12 жылдан тұратын цикл мүшелді құрайды, ал 5 мүшелден тұратын цикл толық мүшел деп аталатын және өзі шексіз қайталанатын 60 жылдық айналымнан тұрады.

Күнтізбедегі кіші циклдер – тәулік, ай, жыл, мүшел. Олар тірі адамның өмірінде кездеседі. Ал, толық мүшелдің айналымын бір өмірде көру мүмкін емес.

Тенгриан күнтізбесінде олардан басқа 180 және 360 жылдық үлкен циклдер адам өмірінен ұзақ болғандықтан – ол Халықтың, аруақтардың және Тәңірдің уақыты деп есептеледі.

Уақыт өзінің кіші және үлкен шеңберімен айналған сайын, ондағы кіші және үлкен оқиғалар – күннің шығуы мен батуы, көшу мен орнығу, жұт пен тоқшылық, соғыс және бейбітшілік кездер қайталанып тұрады. Ұзақтығы мен уақыт спиралінің сапасы әртүрлі бітпейтін айналыс (қозғалыс) көшпенділер өміріне ғарыштық сезім енгізіп, оны бір уақытта бірнеше параллель өмірге қатысты – жеке өмірдің өткенін бір сәттік, халық өмірін бітпейтін аруақтар әлемі мен Тәңірді мәңгілік қылды. Осылай, өмірді бірге оралған бірнеше сатыда, уақыт ағымында иерархияланғандығы олардың поэзиясы мен орнаментіне әсер етіп, сазының рит… Продолжение »

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Архив записей
Друзья сайта
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Все проекты компании
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0