Меню сайта
Форма входа
Поиск

Той‑думан туралы: 

Тойдың болғанынан, боладысы қызық.

 

Тойға барсаң, тойып бар,

Бар жұмысты қойып бар.

 

Таз таранғанша, той тарқайды.

 

Әшейінде ауыз жаппас,

Той дегенде өлең таппас.

 

Тойда тоңынды сұрама.

 

Асқа барсаң, аш бар,

Тойға барсаң, тоқ бар,

Той қызығы көкпар.

 

Аты, тоны сай кісі,

Жиын тойға барысар,

Ұлы, қызы бар кіск,

Құдалыққа барысар.

 

Шақырусыз тойға барғанша,

Шапаныңды ки де, қойға бар.

 

Тойға барсаң бұрын бар,

Бұрын барсаң орын бар.

 

Той тамағы – тәтті.

 

Көңілдінің үйінде

Күнде мейрам, күнде той.

 

Қой жүрген жер береке,

Қыз жүрген жер мереке.

 

Батыл жігіт қол бастар,

Ақын жігіт той бастар.

 

Жүзігің алтын болғанша,

Жүзің жарқын болсын.

Берекесіздің аулы мерекесіз.

 

Күлкі – ашылған гүл,

Көңіл – шашылған нұр.

 

Үйлену, үй болу:

Әйел жерден шыққан жоқ,

Олда еркектің баласы.

Ерлер көктен түскен жоқ,

Әйел оның анасы.

 

Ерге жаққан әйел, елге де жағады.

 

Қымызды кім ішпейді,

Қызды кім айттырмайды.

 

Әркім сүйгеннің құлы.

 

Әркімдікі өзіне,ай көрінер көзіне.

 

Келін жаман емес, келген жері жаман.

 

Орта жолда атың өлмесін,

Орта жаста қатының өлмесін.

 

Таңдаған тазға жолығады.

 

Әйел – үйдің көркі,

Еркек – түздің көркі.

 

Қатыны жоқ үй – жетім.

 

Жақсы қатын жарының жақсысын асырар,

Жаманын жасырар.

 

Қыз күнінде бәрі жақсы,

Жаман қатын қайдан шығады.

 

Жақсы әйел – ырыс.

Жаман әйел – ұрыс.

 

Ақылдасың жақсы болса,

Ағайынның не керек?!

Алған жарын жақсы болса,

Айтың, тойың не керек?!

 

Жан қимақ бар, жар қимақ жоқ.

 

Бірінші байлық – денсаулық,

Екінші байлық – ақ жаулық,

Үшінші байлық – он саулық.

 

Жаман қатын байына

Жалғыз атын сойғызар.

Жақсы қатын жолдасын

Жоқтан құрап тойғызар.

 

Әйел жомарттық қылғанда,

Еркек сараңдық қылғаны өлім.

 

Кәрі қыз ер таңдамайды,

Өлген адам жер таңдамайды.

 

Білімді әйел басыңа қарайды,

Білімсіз әйел жасыңа қарайды.

 

Жақсы әйел теңі жоқ жолдас,

Түбі жоқ сырлас.

 

Түйе тұзға келеді,

Күйеу қызға келеді.

 

Отыз ұлын болғанша,

Осырақ шалың болсын.

 

Өзің сүйгенді алғанша,

Өзіңді сүйгенді ал.

 

Ердің жақсысы елімен ойласады,

Әйелдің жақсысы ерімен ойласады.

 

Ерлі‑зайыптының ортасына

Есі кеткен түседі.

 

Құдалық турасында:

Біреу болса – құда, екеу болса – ұя.

 

Құданы құдай қосады,

Үйірі басқаны ноқта қосады.

 

Құданы құдай қосады, досты періште қосады.

Құда болғанша құлы – биін сұрас,

Құда болған соң құл да болса сыйлас.

 

Құдалық белгісі сый,сыйыт

Қоныс белгісі – бейіт.

 

Құдағи сыйымен жарасады,

Қуырдақ майымен жарасады.

 

Құдандалылық малы бір,

Айтулы достың жаны бір.

 

Алыс жерге құда болсаң,түйе‑түйе ас келар,

Жақын жерге құда болсаң, түйе‑түйе сөз келер.

 

Құданың құдасы, құнан қойдың сорпасы.

 

Көп беріп көргендіден қыз алсақ,тік тұрып мейманыңа қызмет етер.

Аз беріп көргенсізден қыз алсаң, байының қойнына бір жатқанын міндет етер.

 

Күндес көргендінің қызын алма.

 

Құдашамен құда ойнар,

Қу шөппен бәрі ойнар.

 

Қайындағы күйеуден қарғылаған тазы артық.

 

Күйеу – жүз жылдық,

Құда – мың жылдық.

 

Ата‑ана, ұл мен қыз туралы:

Жалғыз баласы атқа шапса,

Атасы ауылда тұрып, тақымын қысады.

 

Ата‑ананың қадірін

Балалы болғанда білрсін.

Ағайынның қадірін

Жалалы болғанда білерсін.

 

Ақ шашты ана:

«Жастығын – балам» дейді.

Ақылды бала:

«Ай күнім – анам» дейді.

Мылқаудың тіліне анасы түсінеді.

 

Бесіктегі баланың

Күлгенін көрген бір мұрат.

Алдынан жүріп ананың

Жүргенін көрген бір мұрат.

 

Ананың сүті – бал,

Баланың тілі – бал.

 

Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді.

 

Әкенің жақсылығы – жедедей‑ақ.

 

Атадан жақсы ұл туса,

Есіктегі басын төрге сүйрер.

Атадан жаман ұл туса,

Төрдегі басын жерге сүйрер.

 

Атасы тұрып, ұл сөйлегеннен без.

Анасы тұрып, қыз сөйлегеннен без.

 

Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық.

 

Әке тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар.

Шеше тұрып қыз сөйлесе бой жеткені болар.

 

Немере етін жеп, сүйегін береді.

 

Аға ішкен бұлақтан, іні де су ішеді.

 

Бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді.

 

Анасын көріп қызын ал,

Аяғын көріп асын іш.

 

Өзі болған қыз, төркінін танымас.

 

Арпа берсең атқа бер, қатыр‑құтыр шайнасын.

Қызды берсен жасқа бер, құшақтасып ойнасын!

 

Көшермен болса жұрт жаман,

Кетермен жаман болса қыз жаман.

 

Отырған қыз орнын табар.

Қызым үйде, қылығы түзде.

 

Ыржық қызға, тыржық күйеу.

 

Қалыңдығына өкпелеген күйеу, қайнысына сәлем бермейді.

 

Қызы бардың назы бар.

Қысы бардың жазы бар.

 

Бір жақсы қыз, екі жаман ұлға татиды.

 

Қыз жоқ жерде – қызық жоқ.

 

Бала тәрбиесі – бесіктен.

 

Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны алады.

 

Ұлың өссе – ұяттымен ауылдас бол.

Қызың өссе – қылықтымен ауылдас бол!

 

Ұлға отыз үйден тыю,

Қызға қырық үйден тыю.

 

Өнерлі баланың он саусағы тең.

Өнерсіз баланың бір саусағы кем.

 

Ананың ізін қыз басар.

Атаның ізін ұл басар.

 

Аға әдепті болса,іні әдепті.

Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.

 

Ата балаға сыншы.

 

Жас жемісті жұлма, жас баланы ұрма.

 

Аға адасса, іні із кеседі.

 

Ағадан қалғанды іні киіп өседі,

Ападан қалғанды сіңлі киіп өседі.

Көрендерін бойына түйіп өседі.

 

Шешеге қарап қыз өсер,

Әкеге қара ұл өсер.

Анасын сүйгеннің баласын сүй.

 

Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

 

Жыламаған балаға емшек бермейді.

 

Тісі шыққан балаға, шайнап берген ас болмас.

 

Балалы үй ‑ базар,

Баласыз үй – қу мазар.

 

Ұл туғанға – күн туған.

 

Ат болатын құлынның бауыры жазық келер.

Адам болатын баланың маңдайы жазық келер.

 

Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

 

Келіннің сөзі кетпендей.

Баланың сөзі батпандай.

 

Өз балаң, өзекке тепсең де кетпейді.

Кісі баласы, кісендесең де тұрмайды.

 

Үш баланы өсіргенше, үш шаһар апат болады.

 

Бала өз несібесін ала туады.

 

Күндес көргеннің қызын алма.

 

Бір бала атаға жете туады,

Бір бала атадан өте туады,

Бір бала кейін қарай кете туады.

 

Жалғыз баласы бардың,

Шығар‑шықпас жаны бар.

Үш баласы бардың,

Бұқарада пұлы бар.

 

Теңін тапса – тегін бер.

 

Жетім қыздың жеңгесі көп.

 

Қызғаншақтың қызы күйеусіз қалады.

Ұл баланың – үй күшік болғаны жараспайды.

Қыз баланың – қыдырма болғаны жараспайды.

 

Қызыңды құтты орынға қондырғанша күт.

Ұлыңды отау иесі болғанша күт.

 

Күйеу – жолдасымен, қыз – жасауымен.

 

Қыздың аңқауынан сақта,

Ұлдың жалқауынан сақта.

 

Астың дәмін тұз келтірер.

Ауылдың сәнін қыз келтірер.

 

От басы – ошақ қасы:

Ер жігіттің аты жақсы болса, бір бақыт

Алған жары жақсы болса, мың бақыт.

 

Әйел сырын әйелден сұра.

 

Екі әйел – ойран,

Екі сыйыр – ойран.

 

Ұл таппас қатын болмас, тұрарын айт.

Мал таппас жігіт болмас, құрарын айт.

 

Жақсы әйелдің қолы ұзын.

Жаман әйелдің тілі ұзын.

 

Қарыздан да қатын ал, қатының қалар жанында.

 

Әйел – үйдің ажары,

Бала – үйдің базары.

 

Екі жарты – бір бүтін,

Ерлі‑қатын – бір түтін.

 

Бір қатын тамағымен тойғызар.

Бір қатын қабағымен тойғызар.

 

Келінім, саған айтамын

Қызым, сен тыңда.

 

Баланы жастан, келінді бастан тәрбиеле!

Есік көргенді алма,

Бесік көргенді ал.

 

Жаны сұлудың, тәні сұлу.

 

Жақсы келін – қызыңдай,

Жақсы күйеу – ұлыңдай.

 

Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу.

 

Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді.

Жаман әйел жақсы еркекті жүдетеді.

 

Келін‑келін бақ, келмей жатып, сөзін бақ.

 

Долы қатын жылауық.

Сұғанақ қатын сұрауық.

 

Жаман қатын алғанның жауы үйінде.

Екі қатын алғанның дауы үйінде.

 

Төркіні жақын қатынның төсегі жиылмайды.

 

Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық.

 

Қатын көп болса, шөмішті ит жалар.

 

Мал турасында:

Мал – адамның бауыр еті.

 

Ата‑анадан мал тәтті,алтын үйден жан тәтті.

 

Ағайын – ащы, мал – тұщы.

 

Мал бітпес деп ерден түңілме.

Шөп бітпес деп жерден түңілме.

 

Қайратты ерде мал тұрар, өнерлі ерде бақ тұрар.

 

Қырсыққан жігіт мал таппас, адасқан жігіт мжол таппас.

 

Бұралқы мал мінуге жақсы, бұралқы сөз күлуге жақсы.

 

Мал құлыннан, ақша тиыннан өседі.

Мал басқа, қына тасқа бітеді.

 

Ырыс қашса да туыс қоймайды.

 

Мал айдаса – жаудыкі, ысқырса – желдікі.

 

Ақжалау бар да малым бар деме,

Әзірейіл бар да жаным бар деме.

 

Жаманның малы үйінде күйеді.

Жақсының малы жиында күйеді.

 

Ит тойса, атасын танымас,

Жаманға мал бітсе, жақынын танымас.

 

Жылқы турасында:

Ат қосақсыз жүгірмейді.

 

Ат сүрінбей, жер танымас.

 

Арық атқа қамшы ауыр.

 

Жақсы аттың тісін ашпа.

 

Кәрі атын мақтаған жолда қалар.

 

Тай атқа, ат мұратқа жеткізер.

 

Шідерлі атың ‑ өз атың,

Тұсаулы атың – бос атың.

 

Жақсы ат алдынан сүрінбей, артынан сүрінеді.

 

Алтын ерің атқа тисе, алтынын ал да отқа жақ.

 

Жақсы ат – жанға серік.

 

Балықшының аты суға жарымайды.

 

Атты ақысын жаяуға жібермейді.

 

Кәртайғанда кәрібоз жорға шығарады.

 

Атты – батыр, атсыз – жатыр.

Ат өледі, құс қашады.

 

Ат аяғын жерге қарайды, құс аяған көкке қарайды.

 

Атың жемқор болса, берді құдай.

Қатының жемқор болса, ұрды құдай.

 

Ата алмай атынан, қайтып келіп қатынынан көреді.

 

Ат кәдірін жоқ білмес, ас кәдірін тоқ білмес.

 

Жақындықты ат айырады, оқымағанды хат айырады.

 

Ат мінбеген ат мінсе, шаба‑шаба өлтірер,

Тон кимеген тон кисе, сілке‑сілке тоздырар.

 

Қара арғымақтан жал кетсе, қарға адым жер мұң болар.

 

Елің жаман болса, бір жақсыны сағала,

Атың жаман болса, ақ текенің мүйізімен тағала.

 

Қой турасында:

Қой анасы – оннан, жылқы анасы – бестен.

 

Сүтсіз қой маңырауық.

 

Жаман қой ісегінде кәртаяды.

 

Қой үріккен жағына жүрмейді.

 

Қой егіз туса, шөптің басы айыр туады.

 

Саулықтың басы үлкен, ісектің басы үлкен.

 

Бұқа буға, азбан дуға семіреді.

 

Қошқардың жайын мал баққан біледі.

 

Қойды шартық бүлдіреді, елді қортық бүлдіреді.

 

Қойшының қызы қой келгенде іс қылады.

 

Ешкі турасында:

Есі кеткен ешкі жияр,ешкімен есін жияр.

Ешкілі қой өреген.

 

Ешкі егіз тауып қойдан аспас,

Ит сегіз тауып елден аспас.

 

Түйе турасында:

Жылқы ‑ малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы.

 

Аттың атағы, түйенің табаны үлкен.

 

Бір түйенің екі өркеші, бірі кетсе – күші жоқ,

Бір бүйенің екі емшегі, бірі кетсе – сүті жоқ.

 

Түйе қашып, жүктен кете алмас.

 

Түйе көп болса, жүк сыймайды.

 

Түйе өлген жерде жүк қалады.

 

Қоныс ақысын түйе қайтарады.

 

Алыстан шабынған бураның күші қайтады.

 

өткелде түйенің үлкені таяқ жейді.

 

Ата биеден, аруана түйеден туады.

 

Төрт аяқтыда бота, екі аяқтыда құрдас тату.

 

Сиыр турасында:

Сиыр судан жериді, су сиырдан жериді.

 

Сиыр су ішкенде, бұзау мұз жалайды.

 

Үйде өскен бұзау түзде өгіз болмас.

 

Біреудің бұзауына дегені өзінің өгізіне тиеді.

 

Түзде бұзау өлсе, үйдегі сүтке ит тиеді.

 

Бұқаның аразасы бұзау арасында.

Той‑думан туралы: 

Тойдың болғанынан, боладысы қызық.

 

Тойға барсаң, тойып бар,

Бар жұмысты қойып бар.

 

Таз таранғанша, той тарқайды.

 

Әшейінде ауыз жаппас,

Той дегенде өлең таппас.

 

Тойда тоңынды сұрама.

 

Асқа барсаң, аш бар,

Тойға барсаң, тоқ бар,

Той қызығы көкпар.

 

Аты, тоны сай кісі,

Жиын тойға барысар,

Ұлы, қызы бар кіск,

Құдалыққа барысар.

 

Шақырусыз тойға барғанша,

Шапаныңды ки де, қойға бар.

 

Тойға барсаң бұрын бар,

Бұрын барсаң орын бар.

 

Той тамағы – тәтті.

 

Көңілдінің үйінде

Күнде мейрам, күнде той.

 

Қой жүрген жер береке,

Қыз жүрген жер мереке.

 

Батыл жігіт қол бастар,

Ақын жігіт той бастар.

 

Жүзігің алтын болғанша,

Жүзің жарқын болсын.

Берекесіздің аулы мерекесіз.

 

Күлкі – ашылған гүл,

Көңіл – шашылған нұр.

 

Үйлену, үй болу:

Әйел жерден шыққан жоқ,

Олда еркектің баласы.

Ерлер көктен түскен жоқ,

Әйел оның анасы.

 

Ерге жаққан әйел, елге де жағады.

 

Қымызды кім ішпейді,

Қызды кім айттырмайды.

 

Әркім сүйгеннің құлы.

 

Әркімдікі өзіне,ай көрінер көзіне.

 

Келін жаман емес, келген жері жаман.

 

Орта жолда атың өлмесін,

Орта жаста қатының өлмесін.

 

Таңдаған тазға жолығады.

 

Әйел – үйдің көркі,

Еркек – түздің көркі.

 

Қатыны жоқ үй – жетім.

 

Жақсы қатын жарының жақсысын асырар,

Жаманын жасырар.

 

Қыз күнінде бәрі жақсы,

Жаман қатын қайдан шығады.

 

Жақсы әйел – ырыс.

Жаман әйел – ұрыс.

 

Ақылдасың жақсы болса,

Ағайынның не керек?!

Алған жарын жақсы болса,

Айтың, тойың не керек?!

 

Жан қимақ бар, жар қимақ жоқ.

 

Бірінші байлық – денсаулық,

Екінші байлық – ақ жаулық,

Үшінші байлық – он саулық.

 

Жаман қатын байына

Жалғыз атын сойғызар.

Жақсы қатын жолдасын

Жоқтан құрап тойғызар.

 

Әйел жомарттық қылғанда,

Еркек сараңдық қылғаны өлім.

 

Кәрі қыз ер таңдамайды,

Өлген адам жер таңдамайды.

 

Білімді әйел басыңа қарайды,

Білімсіз әйел жасыңа қарайды.

 

Жақсы әйел теңі жоқ жолдас,

Түбі жоқ сырлас.

 

Түйе тұзға келеді,

Күйеу қызға келеді.

 

Отыз ұлын болғанша,

Осырақ шалың болсын.

 

Өзің сүйгенді алғанша,

Өзіңді сүйгенді ал.

 

Ердің жақсысы елімен ойласады,

Әйелдің жақсысы ерімен ойласады.

 

Ерлі‑зайыптының ортасына

Есі кеткен түседі.

 

Құдалық турасында:

Біреу болса – құда, екеу болса – ұя.

 

Құданы құдай қосады,

Үйірі басқаны ноқта қосады.

 

Құданы құдай қосады, досты періште қосады.

Құда болғанша құлы – биін сұрас,

Құда болған соң құл да болса сыйлас.

 

Құдалық белгісі сый,сыйыт

Қоныс белгісі – бейіт.

 

Құдағи сыйымен жарасады,

Қуырдақ майымен жарасады.

 

Құдандалылық малы бір,

Айтулы достың жаны бір.

 

Алыс жерге құда болсаң,түйе‑түйе ас келар,

Жақын жерге құда болсаң, түйе‑түйе сөз келер.

 

Құданың құдасы, құнан қойдың сорпасы.

 

Көп беріп көргендіден қыз алсақ,тік тұрып мейманыңа қызмет етер.

Аз беріп көргенсізден қыз алсаң, байының қойнына бір жатқанын міндет етер.

 

Күндес көргендінің қызын алма.

 

Құдашамен құда ойнар,

Қу шөппен бәрі ойнар.

 

Қайындағы күйеуден қарғылаған тазы артық.

 

Күйеу – жүз жылдық,

Құда – мың жылдық.

 

Ата‑ана, ұл мен қыз туралы:

Жалғыз баласы атқа шапса,

Атасы ауылда тұрып, тақымын қысады.

 

Ата‑ананың қадірін

Балалы болғанда білрсін.

Ағайынның қадірін

Жалалы болғанда білерсін.

 

Ақ шашты ана:

«Жастығын – балам» дейді.

Ақылды бала:

«Ай күнім – анам» дейді.

Мылқаудың тіліне анасы түсінеді.

 

Бесіктегі баланың

Күлгенін көрген бір мұрат.

Алдынан жүріп ананың

Жүргенін көрген бір мұрат.

 

Ананың сүті – бал,

Баланың тілі – бал.

 

Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді.

 

Әкенің жақсылығы – жедедей‑ақ.

 

Атадан жақсы ұл туса,

Есіктегі басын төрге сүйрер.

Атадан жаман ұл туса,

Төрдегі басын жерге сүйрер.

 

Атасы тұрып, ұл сөйлегеннен без.

Анасы тұрып, қыз сөйлегеннен без.

 

Жақсы әке жаман балаға қырық жыл азық.

 

Әке тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар.

Шеше тұрып қыз сөйлесе бой жеткені болар.

 

Немере етін жеп, сүйегін береді.

 

Аға ішкен бұлақтан, іні де су ішеді.

 

Бала жетіге келгенше жерден таяқ жейді.

 

Анасын көріп қызын ал,

Аяғын көріп асын іш.

 

Өзі болған қыз, төркінін танымас.

 

Арпа берсең атқа бер, қатыр‑құтыр шайнасын.

Қызды берсен жасқа бер, құшақтасып ойнасын!

 

Көшермен болса жұрт жаман,

Кетермен жаман болса қыз жаман.

 

Отырған қыз орнын табар.

Қызым үйде, қылығы түзде.

 

Ыржық қызға, тыржық күйеу.

 

Қалыңдығына өкпелеген күйеу, қайнысына сәлем бермейді.

 

Қызы бардың назы бар.

Қысы бардың жазы бар.

 

Бір жақсы қыз, екі жаман ұлға татиды.

 

Қыз жоқ жерде – қызық жоқ.

 

Бала тәрбиесі – бесіктен.

 

Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны алады.

 

Ұлың өссе – ұяттымен ауылдас бол.

Қызың өссе – қылықтымен ауылдас бол!

 

Ұлға отыз үйден тыю,

Қызға қырық үйден тыю.

 

Өнерлі баланың он саусағы тең.

Өнерсіз баланың бір саусағы кем.

 

Ананың ізін қыз басар.

Атаның ізін ұл басар.

 

Аға әдепті болса,іні әдепті.

Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.

 

Ата балаға сыншы.

 

Жас жемісті жұлма, жас баланы ұрма.

 

Аға адасса, іні із кеседі.

 

Ағадан қалғанды іні киіп өседі,

Ападан қалғанды сіңлі киіп өседі.

Көрендерін бойына түйіп өседі.

 

Шешеге қарап қыз өсер,

Әкеге қара ұл өсер.

Анасын сүйгеннің баласын сүй.

 

Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

 

Жыламаған балаға емшек бермейді.

 

Тісі шыққан балаға, шайнап берген ас болмас.

 

Балалы үй ‑ базар,

Баласыз үй – қу мазар.

 

Ұл туғанға – күн туған.

 

Ат болатын құлынның бауыры жазық келер.

Адам болатын баланың маңдайы жазық келер.

 

Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

 

Келіннің сөзі кетпендей.

Баланың сөзі батпандай.

 

Өз балаң, өзекке тепсең де кетпейді.

Кісі баласы, кісендесең де тұрмайды.

 

Үш баланы өсіргенше, үш шаһар апат болады.

 

Бала өз несібесін ала туады.

 

Күндес көргеннің қызын алма.

 

Бір бала атаға жете туады,

Бір бала атадан өте туады,

Бір бала кейін қарай кете туады.

 

Жалғыз баласы бардың,

Шығар‑шықпас жаны бар.

Үш баласы бардың,

Бұқарада пұлы бар.

 

Теңін тапса – тегін бер.

 

Жетім қыздың жеңгесі көп.

 

Қызғаншақтың қызы күйеусіз қалады.

Ұл баланың – үй күшік болғаны жараспайды.

Қыз баланың – қыдырма болғаны жараспайды.

 

Қызыңды құтты орынға қондырғанша күт.

Ұлыңды отау иесі болғанша күт.

 

Күйеу – жолдасымен, қыз – жасауымен.

 

Қыздың аңқауынан сақта,

Ұлдың жалқауынан сақта.

 

Астың дәмін тұз келтірер.

Ауылдың сәнін қыз келтірер.

 

От басы – ошақ қасы:

Ер жігіттің аты жақсы болса, бір бақыт

Алған жары жақсы болса, мың бақыт.

 

Әйел сырын әйелден сұра.

 

Екі әйел – ойран,

Екі сыйыр – ойран.

 

Ұл таппас қатын болмас, тұрарын айт.

Мал таппас жігіт болмас, құрарын айт.

 

Жақсы әйелдің қолы ұзын.

Жаман әйелдің тілі ұзын.

 

Қарыздан да қатын ал, қатының қалар жанында.

 

Әйел – үйдің ажары,

Бала – үйдің базары.

 

Екі жарты – бір бүтін,

Ерлі‑қатын – бір түтін.

 

Бір қатын тамағымен тойғызар.

Бір қатын қабағымен тойғызар.

 

Келінім, саған айтамын

Қызым, сен тыңда.

 

Баланы жастан, келінді бастан тәрбиеле!

Есік көргенді алма,

Бесік көргенді ал.

 

Жаны сұлудың, тәні сұлу.

 

Жақсы келін – қызыңдай,

Жақсы күйеу – ұлыңдай.

 

Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу.

 

Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді.

Жаман әйел жақсы еркекті жүдетеді.

 

Продолжение »

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Архив записей
Друзья сайта
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Все проекты компании
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0