Меню сайта
Форма входа
Поиск

Қазақ халқы бүкіл өң-түсті қылаң, баран деп екі текті топқа жіктейді.

ҚЫЛАҢ дегені – ақ, боз, ақ боз, шаңқан, шаңқан боз, тарлан, ақ тарлан, боз тарлан, тағы басқалары. БАРАН дегені – қара, қоңыр көк, жасыл, қызыл, күрең, жирен, торы, сұр, күлгін, құла, шабдар, сары, солай жалғаса береді. Қазақтың баранға жіктеген өң-түстері табиғаттағы кемпірқосақ өң-түсі негізінде аталған деуге болады. Біз осы жерде төрт түлік малға тән өң-түсті, оның ішінде жылқы түлігіне тән өң-түсті атағалы отырмыз. «Ақтылы қой, алалы жылқы» баққан қазақ халқы жылқы түлігін былайша түстейді:

1. ҚЫЛАҢ түстілер – ақ, боз, ақ боз, ақ шаңқан, шаңқан, шаңқан боз, қылаң, қылаң боз, тарлан, тарлан боз, боз тарлан, қызылауыз боз, бозғылт, бозғылдау, бозғылсымақтау, ақшыл, ақшылдау, ақшылсымақтау, тарландау, тарлансымақтау, бозтарландау, бозтар-лансымақтау.
2. КӨК. Қара көк, теңбіл көк, көк сұр, қызыл көк, көк бурыл. Ақ көк, көктеу, тарланкөк, көктарландау, көксұрлау, қызыл көктеу, көк бурылдау.

3. ҚЫЗЫЛ. Қызыл көк, қызыл бөрте, қызыл бурыл, қызыл көктеу, көк бөртелеу, қызыл бурылдау.

4. БӨРТЕ, Ақ бөрте, көк бөрте, сұр бөрте, бөртелеу, ақ бөртелеу, көк бөртелеу, сұр бөртелеу.

5. БУРЫЛ. Ақ бурыл, көк бурыл, қара бурыл, қызыл бурыл, борсық бурыл,бурылдау, бурылсымақтау.

6. СҰР. Көк сұр, ақ сұр, қара сұр, тышқан сұр, сұр көжек (қоян сұр), жылан сұр, сұрбедеу, сұржекей.

7. ШҰБАР. Теңге шұбар, секпіл шұбар, қара шұбар, көк шұбар, бурыл шұбар,, теңбіл шұбар, шұбарлау, шұбарсымақтау, шауқар шұбар, қызылауыз шұбар.

8. САРЫ. Ақ сары, шикіл сары, күлгін сары, құрым сары, ақжал сары, қаражал сары, (қаражал, қарақұйрық), қара-құласынан қақ жарылған құрым сары, ақсарылау, құласарылау, жасыл сары (иек асты, екі сулық, екі жақ, сағақ тұстарында аздаған жасыл түктері болады. Өте сирек кезігеді. Осыған орай жасыл сары атайды).

9. ТАРЛАН. Ақ тарлан, боз тарлан, көк тарлан, қызыл тарлан, тарландау, тарлансымақтау.
10. САҒАЛ. Кер сағал, шабдал сағал, күрең сағал, сарбауыр сағал, сары сағал. «Сағал атқа мінгендей, хан күпісін кигендей» деп сағал атты мақтау, мадақтау да бар.

11. КЕР. Ақтаң кер, құла кер, кер торы, кербалақ, керқұла.

12. ТОРЫ. Тобылғы торы, кер торы, керауыз торы, кербалақ торы, шымқай торы.
13. ШАҒЫР. Шағыр қара, шағыр торы, шағыр көк, шағыр жирен, шағыр қоңыр, шағыр сұр, шағыр бөрте, шағыр күрең, шағыр бурыл, шағыр сары, шағыр шабдар, шағыр ала, шағыр шұбар. Шағыр жылқының көз қарашығы қара, қарашық айналасы аппақ, кейде осы қарашық айналасы жартылай ақ, мұндай көз кейде шапыраш көрінеді. Көз қарашығының айналасы түгел аппақ, не жартылай аппақ, не жартылай ақ көзді қазақ шағыр көз ат атаған. Шағыр жылқы мінезсіз, қытымыр, жымыраң, тістеуік, тебеген, үркек, секемшіл келеді. Қазақ халқы шағырдан айғыр салмайды.

14. ШЕГІР. Көк шегір, қара шегір, сары шегір, сағал шегір, кер шегір, шегір торы, шегір күрең, шегір жирен, шегір ала, тағы солай жалғаса береді. 

Жылқы малының ішінде көз қарашығы қап-қара, қарашық төңірегі көк шегір, жасыл шегір түстілері болады. Бір көзі шегір, екі көзі шегірлер де болады.

15. ШАБДАР. Ақжал шабдар, ақ шабдар, ақшабдарлау, шабдарсымақтау.

16. ЖИРЕН. Қанжирен, меңсіз жирен, ақ жал жирен, ақжирен, жирендеу, жиренсымақтау, жиренжал жирен, ақжал жирен.

17. КҮРЕҢ. Меңсіз күрең, күреңжал күрең, ақжал күрең, шайкүрең, күреңдеу, қаражал, қарақұйрық күрең.

18. ҚОҢЫР. Сарбауыр қоңыр, орауыз қоңыр, сарыкөз қоңыр, сағал қоңыр, телқоңыр.

19. ҚАРА. Тұмқара, меңсіз қара, көмірдей қара. 

20. АЛА. «Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында» дейді қазақ. Сол сыртында тұрған жылқы аласы қара ала, торы ала, қоңыр ала, көк ала, ақ ала, боз ала, бурыл ала, жирен ала, күрең ала, шабдар ала, бөрте ала, сұр ала, сары ала, кер ала, шабдарала, құла ала. Қазақ халқы малдағы осы ала түсті «Сауысқан ала, ит ала» деп екі топқа жіктейді. 

Сауысқан ала - өзгермейтін, құбылмайтын, бір тал түк, бір тал қауырсын орын өзгертпейтін, көлем өзгертпейтін, табиғи өң-түсті, үлгі, көлем қалыпты бұзбайтын аланы сауысқан ала деп атайды.

Табиғи үлгі, пішін, қалып сақтамайтын, денеде белгілі бір тұрақты орны жоқ, бірде үлкен, бірде кіші, қыңыр-қисық, үлгісіз қалыпсыз, тұрақсыз өңтүсті «итала» деп атайды. Ал жылқы жануардың өң-түсі «ит алаға» жатады. Оның үстіне меңсіз, қалсыз, дақсыз жылқы кемде-кем кезігеді. Сондықтан болар, қазақ халқы «Ақтылы қой, алалы жылқы» дейді.

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Архив записей
Друзья сайта
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Все проекты компании
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0