Меню сайта
Форма входа
Поиск
…микасын күрделендірді21, 116. Сондықтан, уақыттың кіші цикліндегі оқиғалар үлкен уақыт ағымының бөлігі болып саналады және оның жаңғырығы ретінде міндетті түрде сол уақыттағы оқиғалардың шындығы мен тұрмыстығының (бытовизм) философиясы мен символикасын көрсетеді (несет)22, 117, 118.

Тәңірге табынғандар “Қайта тірілу” (Перевоплощение) заңын білген және тайпаның құрметті адамы өлгенде оның зиратына қымыз құйып, одан жанының қайта тірілуін және оның тайпаға қорған болуын сұрады 63. Тәңір ұғымы бойынша Бұ дүние мен О дүниенің арасында кедергі жоқ, олардың уақыты бірге жүреді, сондықтан адамдар мен аруақтар әрқашан қатынаста. Егер Қасиетті аруаққа арнап садақа берсе және оның моласының басында түнесе, ол көптеген аурудан жазылады, балалы болады және бақытқа кенеледі. Бұ дүниедегі кіші циклдер О дүниедегі үлкен циклдің бөлігі болып саналады және олардың айырмашылығы оқиғалардың санының өлшеміне қарай сапаның өзгеруінде. Тек шамандар ғана емес, сонымен қатар О дүниедегілер уақыт пен кеңістіктің әртүрлі сатысындағы Төменгі, Ортаңғы және Жоғарғы әлемде еркін жүреді және Бұ дүниеге еркін енеді14, 15, 84.

Тәңір діні басқа діндермен таласып, олардың құдайларын шайтан, жын-пері түрінде көрсеткен жоқ. Сондықтан, христиан дінінде көп кездесетін перілер мен шайтандар онда сирек. Қайта ол басқа діндердің кейбір элементтерін өзіне енгізіп, өзінің негізгі – уақыт пен әлем гармониясы ұстанымын өзгерткен жоқ. Тенгриан күнтізбесі Ғарыш пен Табиғаттағы құбылыстар мен Адамның шаруашылық – тұрмыстағы және мәдени өміріндегі кездесетін гармониялық арақатынастарды бір ырғаққа біріктіре білді. Көшпенділердің әрбір мүшесіне белгілі антропоғарыштық күнтізбе, олардың дүниетанымын, экологиялық мәдениетін, өзара арақатынастағы парасаттылықты қалыптастырғанын шеттен келген саяхатшылар көре білген. Ол туралы Плано Карпини: “Олардың арасында сөз таластыру сирек кездеседі немесе тіптен кездеспейді, төбелес, соғыс, адамды жаралау немесе өлтіру олардың арасында ешқашан болмайды... Біреуі екіншісін барынша құрметтейді және олар өзара өте тату... Олардың арасында өзара қызғаныш жоқ болуы керек; олардың ішінде ешқандай ауыр талас жоқ; бірін-бірі жек көрмейді, бірақ қолдан келгенше қаржымен көмектеседі. Олардың әйелдері парасатты және олардың арасында ұятты қылықты естіген жоқпын” десе130, тағы бір ұлы саяхатшы Ибн Батутта: “Мен бұл аймақта әйелге деген ұлы құрметтің тамаша үлгісін көрдім” дейді60.

Әйелді құрметтеп, оларды періште санау Ұлы дала мәдениетінің барлық кездегі ерекшелігі. XIX ғасырдағы орыстың ұлы ғалымы В.Даль бас бостандығын іздеп келген Мәулен сұлумен Орынбор генерал-губернаторының сарайында кездескені туралы былай деп жазады; «Смело и величественно вступила она в переднюю залу и чрезвычайно поразило находившихся там осанкою своею, красотою, смелою и величавою поступью и неожиданным появлением. Не менее того был удивлен и сам военный губернатор Перовский. ... Приятный продолговатый облик, не темные, не нежные глазки, не быстрые, искрометные темно-карие очи необычной жизни и блеска; черты лица особенные, свойственные казашке, но не менее того прекрасные. Пригожество и красота - вещи условные; не знаю, приглянулась ли бы вам моя степная красавица с первого раза, особенно, если бы вы пожаловали в Зауральскую степь прямо с партера Александринского театра, из филармонической залы, с пышного придворного бала: если ж нет, то виною этому был бы, вероятно, только тяжелый наряд ее; я думаю, что если бы вы обжились немного со степью и с казахами ее и казашками, если бы привыкли только к этим тройным и четверным неподпоясанным халатам, то стали бы вглядываться в иное свежее, дикое, яркое и смуглое лицо, в котором брови, ресницы, очи, губы и подборные, скатного жемчуга зубы украсили бы любую из московских и питерских красавиц, похожих нередко, извините меня, неуча, - на куколку, которую шаловливые девчонки умывали, и смыли с нее и румянец, и алый цвет уст, а в голубых глазках оставили один только бледный, мутный намек на прежний цвет их. Плосковатое лицо и несколько выдавшиеся скулы не делают на меня никакого неприятного впечатления, а высокое чело и благообразный нос вполне соответствуют приятному облику кайсачки (казашки)». Бұл жердегі жазушыны таң қалдырған, өз тағдыры үшін күресе алатын, ажары мен әрбір қимылындағы жігерлі нәзіктігі көз бен көңілді баурап алатын дала аруының сұлулығы. Қазақтар «Қызға бергенің, Қызырға бергенің» деп қыздарын пайғамбарлармен қатар қойған.

Мүшелде Эволюция заңы, Ғарыштық әділет заңы, немесе Карма, Иерархия заңы, Ұқсастық заңы, Айналым (Круговорот) заңы, Жігер (Воля) Еркіндік заңы және Құрбандық заңдары сияқты Ғарыштың ұлы заңдары кодталған63. Ол уақытты өлшейтін құрал болумен қатар, қазіргі әлемдегі күнтізбелердің ішінде онымен өмір сүрген тенгриандардың өмір-салтын, философиясын, этикасын және эстетикасын анықтады.

Күнтізбедегі жануарлардың кезегі әзірге толық анықталмаған кодталған ерекше ақпарат, белгілі сакральдық сюжет пен мағына сақтаған болуы керек.

Тенгризмнің әлемге таралуы:

Көшпенділердің 12 жылдық жануарлар күнтізбесі осыдан шамамен 3000-3300 жылдай бұрын даладан арийлер кеткеннен кейін шыққан болуы керек (авт.). Себебі, жануарлар күнтізбесін Үндістанда осы күнге дейін білмейді.

Үйреншікті көшпенділер арасындағы мүшел – ол күн-юпитер күнтізбесі. Онда жаңа жыл бір уақытта – күн мен түн теңескен Ұлыстың ұлы күні наурызда болады. Жер өңдейтін оңтүстік аймақтағы қытайлықтарда жаңа жыл ерте келеді және 12 жануардың жүйесін қытайдағы айдың күнтізбесі негізінде ол ай-күн-юпитердікіне айналды да, жаңа жыл әрқашан өзгеріп тұратын тұрақсыз датаға айналды.

Болгария сияқты Қытайға да бұл күнтізбені оларды басып алып, ел тағына өз адамдарын отырғызған көшпенділер әкелді. Киіз үйде тұрып ғасырлар бойы көшпенді өмір кешкен елдің басшылары өз дәстүрін жоғарыдан күшпен енгізсе де, қытай ақсүйектері (Ли Бо, Ду Фу және басқалардың өлеңдері) осындай тамаша күнтізбеге қызыға қарап, бас тарта алмады. Көшпенділер Қытай тағында Болгариядағыдан гөрі ұзақ уақыт отырып бұл елде мүшелді тұрақты енгізгендіктен жануарлар символы қытай мәдениетінде қалыптасып, оның атрибутына айналды81. Сонымен қатар, мүшел Қытай арқылы Тынық мұхиты аймағына кеңінен тарады.

Соғдалықтар мен хорезмдіктердің күнтізбесін зерттеген Бируни, ертеде олардың жануарлар күнтізбесін қолданбағанын жазады.

Академик А.Н.Самойлович өзінің “Түркі халықтарының 12 жылдық жануарлар күнтізбесі” деген мақаласында Вавилоннан шыққан ғалым Тевкростың кітабындағы Египетте табылған 12 жылдық күнтізбесі: мысық, ит, жылан, қоңыз, есек, арыстан, ешкі, бұқа, ителгі, маймыл, тырна құтан және қолтырауыннан тұратынын жазады. Ол Тевкростың қолжазбасы б.д. І ғасырында жазылғанын, бірақ ол уақытта түркілер мен қытайда жануарлар күнтізбесі қолданыста болғанын жазады. Ертедегі Египеттің жазба ескерткіштерінің ешқайсысында жануарлар күнтізбесін қолданғаны туралы жазбағанын атап өтеді. Сонымен қатар, жануарлар күнтізбесі Грекияда, Римде, Вавилонда, Ассирияда қолданғаны туралы ешқандай жазба ескерткіштерде кездеспейді. Яғни, ол күнтізбе осы елдерге Ұлы даладан келген.

Тәңір, немесе Тенгризм жүйесі - тұран, оның ішінде түркі көшпенді халықтары өркениетінің негізі.

Реттелген күнтізбе - ол өркениеттің негізгі белгілерінің бірі119 және мүшел оның генезисі, тарихи-мәдени мазмұны және дүниежүзілік цивилизация көлеміндегі орнына байланысты ғылымда тенгриан күнтізбесі деп аталды.

Ұлы діндердің арасында қандай айырмашылық болса да, оларға ортақ нәрсе - өздерінде күнтізбенің болуы. Жаңа діннің күнтізбесін пайдалану – оның қоғам өміріне сіңуінің негізгі белгісі. Дін белгілі қоғамға тарағанда, ондағы дүниетаным мен адамдар өмірін өзгертті және ол өзгерістің негізгі құралының бірі күнтізбе болды. Осындай күрделі күнтізбе жасау үшін көшпенділер ғаламшарлар қозғалысының заңдылықтары жайында астрономиялық білімді болғанын көреміз. Уақыт туралы түсінік кез келген цивилизацияның базалық негізі болып табылады. Ол тұтас құрылымды құрайтын жан-жақты құбылыстарды уақыттың ортақ кодына біріктіреді. Уақыт туралы жүйелі көзқарас адам табиғатты меңгергенде немесе жалпы еңбек ету кезінде, қоғамдағы өмірді меңгеруде Уақытты жүйелі пайдалану қажеттілігінен туды. Уақыттың құрылымы - ол “барлық мәдениет саласындағы ішкі байланыс тілі, морфологиялық тәсіл”119. М.Ысқақовтың пікірі бойынша, түркі күнтізбесі б.д.д. II-I мыңжылдықтарда пайда болды. Белгілі еуропа түркологы Э.Шаваннидің еңбектеріне сүйенген ол: “түркілерде шыққан мүшел Қытайға, Рим империясына, одан әрі Египетке жеткен. Бұл мүшел көптеген өзгерістерге ұшыраған... Мүшел есебі бұдан 3000 жылдан бұрын шыққан деуге болады ...” дейді161.

Мамандар тенгризмді Египет пен Еуропаға дейін барған көне түркілер таратты деген пікір айтады. Соңғы кездегі лингвистикалық және көне поэмалардағы ұқсастықтарға және кейбір археологиялық деректерге сүйенген мамандар б.д.д. IV мыңжылдықтың аяғында пайда болған шумер мемлекеті, одан кейінгі аккад мемлекеттерінің негізін салған ұлы даладан барған көне түркілер деген қорытындаға келді. М.Никольскийдің пікірі бойынша, “шумерлердің көне отаны Иран немесе Түркіменстанның Ашхабадқа жақын ауданы. Сол жердегі қорғандардан Қосөзен (Междуречье) бойындағы шумер қорғандарындағы тас, қола және балшықтан істелген заттарға ұқсас қазбалар табылған. Салыстырып қарағанда олардың өзара ұқсастықтары анықталды”161. С.П.Толстовтың пікірі бойынша Қосөзеннің жергілікті аз халқын бағындырған Еуразияның даласынан келген халықтар шумер мемлекетінің негізін қалады: “...Қосөзеннің төменгі ағысындағы сумерий цивилизациясын құрғандар шығыстағы байланыстарының алыс белгілерін өз тілінде сақтаған сумерий тілінің морфологиясында, лексикасында алтай тілдері тобымен, оның ішінде түркілермен өте жақын ұқсастық көрінеді...”149. Шумерлер келгеннен кейін Қосөзеннің бойында мемлекеттің өмірі басталды. Оның негізі билік пен жердің билеуші таптың қолына көшуі еді. Қазірге дейін сақталған көптеген клинопистік кестелерден мемлекет экономикасында храмдық - мемлекеттік шаруашылық маңызға ие болғаны байқалады. Патша бір уақытта мемлекеттегі бас абыз да болды. Б.д.д. IV мыңжылдықтың аяғы, III мыңжылдықтың басында Қосөзен аймағында шумерлер құрған Урук, Киш, Ур және т.б. бірнеше протомемлекеттер болды. Мамандар ертедегі металлургияның құпиясы мен жазуды Қосөзеннің бойына шумерлер Еуразия даласынан әкелді деген болжам айтады.

Шумер мен түркі тілдерін салыстырған О.Сүлейменов, олардың шумерлер, семиттер, хуриттер және урартуден гөрі ұзақ уақыт бойы өзара жақын мәдени қатынаста болғанын дәлелдеді141.

Шумерлер сияқты касситтер Мессопатамиға шығыстан немесе солтүстік-шығыстан келіп Сүлейман тауының айналасына орнықты196, 210. Б.д.д. 1742 жылы касситтердің көсемі Гандаш Вавилонды жаулап алды да, өзіне әлемнің төрт құбыласының немесе Шумер, Аккад және Вавилонның патшасы деген атақ алды. Касситтер Вавилон мемлекетінде тайпа болып өмір сүрді және оларда ұрпақтар түркі халықтарындағыдай ер нәсілділердің жалғасы болып саналады. Вавилондағы касситтердің әулеті б.д.д. 1155 жылға дейін билік құрды. Кассит сөзін кас-ит деп қарағанда “ит” қазақша ит, парсыша “сақ” – “сағ”134. Онда касситтің екінші мағынасы кассак. Яғни, түркілердің таңбасы бөрі болса, касситтердің таңбасы ит болуы заңды. Қазақтар итті жеті қазынаның бірі деп санайды. Шумерлердің қыш - құмыраларында қазақтың тазысына ұқсас иттердің суреттері бейнеленген214.

Орталық Азиядан шыққан гиксос тайпалары б.д.д. 2100 жылдары Египетке басып кіріп, осы елді бес ғасырдай биледі. Вавилонға ат жеккен соғыс арбалармен барған касситтер сияқты, гиксос сарбаздары да Египетке ат жеккен соғыс арбаларымен барды. Гиксостар билеген кезден бастап Египет шығыстың ұлы империясына айналды164. Қосөзен аралығы мен Египетке Ұлы даладан алғашқы салт аттылар немесе кентаврлар осы кезде келген болу керек (авт.). Бұрын атқа мінген адамды көрмеген жабайы тайпалар оларды жартылай адам, жартылай жылқы - кентавр деп түсінген. Аңыз бойынша, кентавр - Мерген \Стрелец\ шоқжұлдызы. Кентаврдың мінезі жергілікті тайпаларға түсініксіз (непредсказуемый) болған*.

Кентаврлардың ішіндегі данышпан Хирон адамға білім алуға көмектескен. Ол медицина құдайының өзі Асклепияға және Гераклге көмектескен. Хирон алғашқы болып жұлдыздар картасын жасап, онда зодиак шоқжұлдызын бөліп қойды. Осы картаны Хирон өзінің шәкірті ержүрек теңізші аргонав Ясонға табыс етті. Хирон ержүрек аргонавтарды жұлдыздар арқылы кемелердің тұрған жерін және жолын анықтауға үйретіп, алыстағы Колхидаға саяхат жасағанда көмектескісі келді. Зодиактағы шоқжұлдыздардың ішінен Хирон біреуін өзіне қалдырды. Бірақ, қайырымсыз да қатал кентаврлардың бірі (мүмкін Несаның өзі болар) Гераклдің әйеліне тиісті. Осы кентавр – Мерген аспандағы Хиронның орнын алды. Кең көңілді Зевс Хиронға басқа орын берді. Осылай Центавр (кентавр) шоқжұлдызы пайда болды111.

Б.д. ІІІ ғасырда Камбоджадан келген қытай елшісінің есебінде осы елде ғұндардың әрпімен жазады деген Л.Н.Гумилевтің деректерін жоғарыда келтірген едік. Ғалымдар соңғы деректерінде сақтардың Тайландқа дейін _________________________

*Біздің дәуіріміздің IV-V ғасырларында еуропалықтар ғұндарға да осындай сипаттама берген.

барғанын және Камбоджа жерінде ғұндар мемлекетінің болғанын жазады57. Сондықтан, бұл мәселелерді жан-жақты зерттеп дәлелдеу болашақтың ісі. Тұран тобындағы діндер немесе Тенгри және одан бастау алатын конфуцианство, даосизмнің және синтоизмнің негізгі ұстанымдары мен танымдары аспан мен аруақтар рухына табынуға сүйенген. Мысалы, Конфуций үшін ең негізгі құдай Tien, немесе аспанның рухы. Сонымен қатар, ауаның, тау мен өзеннің, аруақтардың рухына табыну ол үшін маңызды болды. Конфуций өзінің ілімі туралы айтқанда жаңадан ештеңе ойлап таппағанын, тек аруақтар рухына сүйенгенін мойындаған.

Даосизм ілімі бойынша Ұлы Аспанды жаратқан Дао. Адам өмірінің мәні Даоны түсіну, оған еріп, қосылып кету. Адам бақыты да осында. Орталық доктринасы ұлы Дао туралы ілім немесе абсолют және жалпы заңдылықтар болатын Даосизмнің өзінде осы ілімге немесе жұмаққа баратын жол Темірқазық жұлдызы арқылы жүреді. Даосизмнің доктринасы көп жағдайда үнді-арийлердің Ұлы брахман туралы концепциясына ұқсас. Соңғы концепция мен жалпы Буддизм дінінің негізі болған үндіарийлердің Махабхарата, Веда сияқты эпостарына талдау жасағанда, оны шығарған кездегі тайпалардың Корел, Таймыр түбегінде, немесе Беринг бұғазы деңгейінде тұрғанын көреміз. Себебі, 65-70 градустардың арасында ғана, жылда 2-3 ай жаз, тәулікте 7-8 сағат

күн болады. Осы горизонттан қарағанда Темірқазық тапжылмай бір орында тұрып, басқа жұлдыздар оны айнала қозғалады. Ол Темірқазықтың рөлін атқарған ертедегі Лираның альфасы - Вега. Веда эпосында осы жұлдыз туралы

айтылған болу керек, себебі бізге белгілі Жетіқарақшы шоқтығындағы Темірқазақ жұлдызы “жердің темірқазығы” ретінде жер осінің аспанмен иіліп бұрылуынан кейін пайда болды.

Ұлы даладағы көне түркілерден қалған қорғандар тікесінен үш, бес, жеті қатарлы тастармен немесе террасамен бөлінген. Олар қорғанның тегіс бетінде Әлемнің тағы бір құрылымдық “макетін” елестететін тас немесе ағашты тікесінен орнатқан. Төбесінде жоғарғы күштердің символы бар қорғандардың осындай көпқатарлы пішіні (формасы) және баспалдақтары Египеттегі, Таяу шығыстағы, Үндістандағы, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы және Орталық Америкадағы пирамидалардың ұқсастығы осы аймақтардың уақыт пен кеңістікте бір-бірінен алшақ жатқанына қарамастан, олардың әлемді танудағы аңыз-мифологияларының ұқсастығынан шығады.

Ертедегі египет, үнді, ассирий, қытай, грек, түркі және т.б. халықтардың аңыздарында кездесетін Солтүстік тауы, ұлы бағаналар мен тіреулер – барлық жерде кездесетін осы символдық образдар ежелгі дәуірден бері полюс пен Темірқазық жұлдызы арасындағы байланыс туралы ұғым мәңгіге қалыптасты.

Барлық халықтарда аспандағы жұмақ ұғымының тұрақты сипаттамасы Эдемге баратын жол солтүстіктегі таудың шыңы мен Темірқазық арқылы жүреді. Осындай әртүрлі нұсқалары мифологиялық ұғымның ертедегі адамның ойында қалыптасып, есінде мәңгі қалуы үшін олар поляр аймағында жүздеген жыл өмір сүрген болу керек.

Ертедегі түркілерден басқа ешқандай тайпалардың сол түбектерде немесе солтүстік жартышардың сол градусында тұрғаны туралы әзірге жоғарыдағы эпостардан басқа ешқандай ғылыми деректер жоқ. А.Рустің137 деректерінде ертедегі монғұл тектес тайпалар б.д.д. XXXV - II мыңжылдықтар арасында Алеут аралдары және Беринг бұғазы арқылы Солтүстік Америкаға әртүрлі қарқынмен өткен. В.Штайн “Дүниежүзілік цивилизацияның хронологиясында” бұл көштің б.д.д. XV-IX мыңжылдықтар арасында жүргенін жазады180.

Дж.Джосселин208 О.Рериг225 Б.Феррарио202, Г.Дюмезель199, А.Каримуллин83 және басқа ғалымдар соңғы үш жарым ғасырдағы еңбектерінің нәтижесінде америкадағы сиу-коха, кечуа сияқты үнділердің негізгі тайпаларының тілдері Орал-Алтай тілдерінің тобына, оның ішінде түркі тіліне жататынын дәлелдеді. Бұл тілдерге үнділердің ацтек, майя, инк, дакота және т.б. тілдері жатады. Кечуа тілі инк империясының тілі болғаны белгілі. Түркі тілі мен америка үнділері тілдерінің фонетикасы мен лексикасы, морфологиясы мен суффикстерінің типі өте ұқсас, яғни шығу тегі бір. Бұл тілдерде айтылуы мен мағынасы екі жаққа да бірдей ортақ үш жүзден астам сөз бары анықталды. Мысалы, америка үнділері мен осман түріктеріндегі “bahan” және “Bas bahan” деген сөздердің айтылуы мен мағыналары бірдей. Олар “басшы” және “Бас басшы” яғни “Хан”, немесе көне түркілердегі (ғұндардағы) “Аспанның Ұлы перзенті” дегенді білдіреді. Түркілер мен үнділердің дене бітімі, сырт пішіндерінде де басқаларда жоқ ұқсастықтар бар. Осыдан мынадай тұжырымдар жасауға болады:

а/. Б.д.д. XXXV - II мыңжылдықтар арасында тек түркі тайпаларының ғана солтүстік жартышардың 65-70 градусында болғаны дәлелденген. Сондықтан үндіарийлердің немесе үндігермандардың эпостары ертедегі түркілерден алынуы мүмкін. Ш.Уәлиханов үндігермандықтардың қазақ әдебиетіне әсерін: “Біздің бай және поэзиялық мәні жоғары, реалистік әдебиетіміз бар. Ол шығыс эпосына емес, үндігермандық эпосқа ұқсайды”43 дейді. Қазақ эпостарының үндігермандықтарға ұқсастығын осымен түсіндіруге болады.

ә/. Ғалымдар америка үнділері “Ұлы Азиядан” келді деген қорытынды жасады. Америкадағы ацтек, майя және инк цивилизациялары тілдерінде сөйлеген халықтар мен түркі тілдерінің шығу тегі бір, яғни үнді тайпалары түркі халықтарына жатады немесе сол цивилизациялар түркі өркениетінің құрамдас бөлігі болып саналады. Оны бұл халықтардың ертедегі құдайлары мен діндеріндегі, аңыз-ертегілеріндегі, ертедегі астрономиялық білімі мен күнтізбелеріндегі ұқсастықтарды дәлелдеп, археологиялық деректермен толықтыру қажет. Цивилизацияның сара жолы дөңгелек пен соқаны және т.б. білмей “мәдени вакуумда” дамыған ацтек, майя және инк өркениеттері түркі тайпалары болғандықтан, түркілердің адамзат цивилизациясындағы орыны қайта қаралуы керек.

б/. Аспанға, күнге, жұлдыздарға (Темірқазық, Үркер \немесе Мешін - Тенгриан күнтізбесіндегі жыл аты\, Құс жолы), яғни Тенгриге табынған ертедегі түркілердің дүниетаным ұғымдары азия халықтарында кеңінен тараған және ертедегі барлық халықтардың жұмақ пен оған баратын жол туралы ұғымдары Тенгри дінінің жүйесіне сай келеді. Ай мен Күннің қозғалысынан басқа, Юпитердің Күнді айналатын 12 жылдық циклі мен Сатурнның 30 жылдық циклін есептеген Тенгриан күнтізбесі қазіргі белгілі күнтізбелердің ішіндегі ең күрделілерінің бірі және ол Аспандағы құбылыстарды мыңдаған жылдар бойы эмперикалық бақылаудың нәтижесінде кем дегенде осыдан бірнеше мың жыл бұрын пайда болған.

Ертедегі цивилизациялардың құпияларын, оның ішінде Ертедегі Египеттегі (Гиза), Камбоджадағы (Анкгор), Пасха аралындағы, Америка құрлығындағы (Ацтек, Майя, Инк) ескерткіштер, яғни бір-бірінен арақашықтықтары 72 градус алшақтықтағы, Жер шарының барлық бөліктерінде уақыт қашықтықтары астрономиялық құбылыс – прецессииге сай салынған осы ескерткіштердің барлығына ортақ ұқсастықтар - оларды бір цивилизацияға жататын немесе дүниетанымдық ұғымдары бір халықтардың жасағанының дәлелі. Қазіргі ғылымға белгілі осы аймақтардың барлығында болған жалғыз халық - көне түркі тайпалары. Процессии қозғалысының жылдамдығы 72 жылда 1 градус, яғни Күн жұлдыздардың әрбір шоқтығында 2160 жыл “өмір” сүреді (72 градус х 72 жыл = 2160 жыл) х 12 = 25920 жылда 12 зодиакты толық айналып шығады. Гиза - Анкгор – Пасхи аралы – Америкадағы ескерткіштердің аралары 72 градустан165. Гиза мен Анкгордың салыну уақыттарының арасы 10800 жыл : 2160 = 5. Ол да процессииға сай келеді. Көне түркілерден бізге жазба деректер жетпегенімен, жоғарыдағы деректерге сүйеніп, біз олардың процессии құбылысын түсінгенін көреміз. Сонымен қатар, осы аймақтардың барлығында көне түркілер ғана болған. Сондықтан, осы тамаша ескерткіштерді салғандар көне түркілердің Тенгриан күнтізбесіне сүйенген немесе белгілі тарихи кезеңде сол жерлерде түркілер болуы мүмкін деген болжам бар. Көне түркілер өздері барған жерлерге Тәңір дінінің жүйесін таратты. Оның іздерін алдымен тұран тобындағы діндер \даосизм, конфуцианство, синтоизм\ жүйесін қалыптастыруда кеңінен қолданылғанын көреміз. Тенгри – ол тек дін ғана емес, сонымен қатар, галактикамыздағы ғаламшарлар қозғалысы заңдылықтарына сүйенген астрономиялық жүйе, яғни әр жылы жануарлардың аттарымен аталатын “Мүшел”, немесе “Шығыс күнтізбесі” деген атпен белгілі Азия және Тынық мұхиты аймағына кеңінен тараған күнтізбе. Жүйелі күнтізбе цивилизацияның негізгі атрибуттарының бірі. Сонымен қатар, Тенгри көшпенді \ғұндар, монғұлдар\ және отырықшы \қытай\ мемлекеттерде хан, императорлардан бастап мемлекет басқару жүйесінде кеңінен қолданылды. Көне түркілерде пайда болған құдай – Тәңір, қазіргі уақытта “Құдай жалғыз” деген мағынада қолданылады. Мұхамед пайғамбар: ”Әр нәрсенің шоқтығы болады, Құранның шоқтығы Бақара сүресі“ дегеніндей, Тәңір діні де адамзат өркениетінің шоқтығы болып саналады. 

 

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Архив записей
Друзья сайта
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Все проекты компании
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0