Меню сайта
Форма входа
Поиск

Үркер - ұлтымыз ұғымында ежелден келе жатқан астырономялық атау . мұның түбір сөзі мен үндестігі ерте заманғы бабилон өңірінде жасаған сүмерлер мәдениетіне және мая мәдениетіне жалғасады. қазақ аңызында үркер үлпілдек деген қыз деиді . тағы бір ежелгі аңызда үркер бес баласы бар жесір әйел деиді . оның күйеуін үш мерген атып тастапты . өзін зорлықпен алмақшы болады . үркер сол үш мергеннен қашып жүреді деиді . бұрын үркердің алты баласы бар екен . үркердің өзімен жетеу . сонда да оның бір баласын ағайынды жеті қарақшы ұрдап әкетіпті . жеті қарақшының үш жұлдызының ортасында тұрған жұлдыздың бауырында тұрған кішкене жұлдыз сол үркерден ұрдап әкелген бала екен . үркердің кеиде жетеу болып көрінетіні осы бала шешесіне қашып барып алған кезіне тура келеді екен . халқымыздың бұл аңызы ертедегі табиғат тану білімін көрсетеді . «үр » деген сөз ескі түрік тілі . ал , түрік тілі сақтар мен ғұндардың тілі . «үр » ертеде сұлу деген мәнде қолданылған . халқымызда әлі де « үріп ауызға салғандай » деитін сөз тіркесі бар . бұл сұлулыққа , сүйкімділікке қолданылады . адамды таң қалтыратыны _ ертедегі мая кәлендәріндә үркер « үлкәр » деп аталыпты . мая кәлендәрі көп түрлі аса күрделі кәлендәр . шәмәмен бұдан алты мың жыл бұрынғы кәлендәр . сонда үркер атауы ерте заманы ортақ тіл . халқымыз тілі мұны айнытпай сақтаған .осыған қарағанда халқымыздың ежелгі мәдениеті аса терең екенін байқай аламыз . 
   бұл күнгі астырономя ғылымында үркер үш жүзден астам немесе одан да көп жұлдыз шоғыры екенін айтады . көзге көрінетін алтауы да , немесе жетеуі де үлкен - үлкен күн тәрізді жұлдыздар . осының ішінде сарғыш нұр шәшәтін күннен неше есе үлкен жұлды бар делінеді . үркердің қазақ астырономясында  маңызы зор . қазақтың тоғыс есебінің өзі ай санау есебі тәрізді нәрсе . бұл күні ол есептердің сыры ұмыт болған . халқымызда « үркерлі айдың бәрі қыс » , « үркер жерге түспеи жер қызбайды » деитін ұғымдар бар . 
жаңаша 7-айдың 3- 5 - күндерінен кеиін үркер көтеріледі . бұл кезде үркер таңға жақын шығыстан көрінеді . шаруалар « үркер көтерілген соң мал көтеріледі . егін көтеріледі . қозы - ылақ көтеріледі » деп қарайды . осы кезде алтай өңірінде бидай көтеріліп бас жарады . мал семіреді . қозы - ылақ союға жарайды . бірақ , қазыр қалың дәрінің рөлімен бұл ескі дағды бұзылып кетті . 
  қысқасы , қазыр үркер көтеріліп бара жатқан мезгіл . үркерге қарап ауа райын болжаушылар үшін бұл тамаша орай . көбінде үркер мен ай тоғысына қарай айырады . басқа жарық жүлдіздәрмен тоғысуы да ауа райына ықпал жасайды . үркер аса шапшаң жүретін жұлдыз тобы . т.б .  

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Архив записей
Друзья сайта
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Все проекты компании
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0