Меню сайта
Форма входа
Поиск

Беташар – жаңа түскен келінге айтылатын жыр. Ертеректе жаңа түскен келіннің бетін ешкімге көрсетпей, топ ортасына әкелетін болған. Ауылдың домбыра тартатын өлеңшіл жігіттің бірі суырылып шығып, домбырасын қағып‑қағып жіберіп, келінді қайын жұртымен таныстырады. Жырын төгілтіп, қайын жұртымен түгелдей таныстырып отырған жігіт олардың жақсы жақтарын баса айтып марапаттап, мадақтап, кей жерлерінде әзілдей тисе келе, соңында «бір сәлем» деп қояды. Келін аты аталған адамға иіліп сәлем береді. Міне осындай тамаша дәстүріміз бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді. «Келіннің бетін кім ашса сол ыстық» демекші, ашып отырған жігіт те бар өнерін салуы тиіс. Олай болса біз де «Беташар» жырларының бірнеше түрлерін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

 

Беташар

Бет ашайын, ал енді

Ахуалыңды, айт, келін;

Бұйрықпен келдің бұл жерге

Үйдегі қамнан қайт келін!

Тұнық судай таза боп,

Жақсы жолды тап, келін!

Бойыңды таза кірсіз таза қыл,

Жұмыртқадан ақ келін!

Жаман жолда жырақ бол,

Сауысқандай сақ келін!

Шың пейіліңмен қызмет қып,

Ата‑енеңе жақ, келін!

Келін келді көріңіз,

Көрімдігін беріңіз;

Берем деп бос жұбатпай,

Атың атап қойыңыз.

Атасына бір сәлем!

Орынсызға сөз қатып,

Күнәға батпа, келіншек,

Байыңнан брын төсекке

Өзің жатпа, келіншек!

Үй басына қыдырып,

Өсек айтпа, келіншек!

Ата‑енең жұмсаса,

Бола көрме еріншек,

Байлап сауған малыңды,

Басқа соқпа, келіншек!

Мал қадірін көп ойла,

Шын насихат айтамын,

Бүгін келген келімсек!

Келін келді көріңіз,

Көрімдігін беріңіз,

Беретұғын малыңнын

Түсін айтып қойыңыз.

Енесіне бір сәлем!

Ғайыптан бұлбұл кез болды

Гүл бақшаға қонғалы;

Алла нәсіп қылған соң,

Бір жртқа ана болғалы;

Құтты болсын орныңыз,

Мақтау сөзге толғалы;

Қайнаға, қайын баршалар,

Разы, қошуақ болғалы;

Қайнағаларға бір сәлем!

Ризықты алла бұйырды

Өз жұртыңнан жат елге,

Өмір берсін құдайым,

Некелеен жас ерге!

Енді сөзді тәмамдап,

Тоқтау қылдық бұл жерге.

Бүркеншігін ашайын,

Асыл жүзін көріңіз;

Төрде отырған аталар,

Әмин деп бата беріңіз!

Барша көпке бір сәлем!

 

Беташар                              Фариза Оңғарсынова

Ау, ағайын, ағайын!

Домбырамды алайын.

Күмбірлетіп қағайын.

Бүгін біздің ауылға,

Қызығыңдар талайың.

Таудай нұрлы көзі бар,

Қылығына қарасаң,

Өзі шекер, өзі бал.

Жаздай жайлы жаналы,

Қиылған қос қабағы,

Келін елге бақ болар,

Құтты болсын қадамы,

Ал жақындап келіңдер,

Бет ашамын – көріңдер.

Айдай келін баланы!

Ел ардақты сыйлыны,

Көңіліңе түй мұны.

Басқа ауылдың бір гүлін,

Бұл ауылдың сүйді ұлы.

Қызға келін болу хақ,

Бұл да алланың бұйрығы!

Осы ауылдың ағасы,

Асқар таудай панасы,

Елдің алтын жағасы,

Үй болды деп немерем

Жайрандауын қарашы –

Анау тұрған қарт атаң,

Сыйлап жақсы көргейсің,

Иіліп сәлем бергейсің!

Қырау шалған самайын,

Қадір тұтқан ағайын,

Анау әкең өсірген.

Жайсаң ұлдың талайын.

Бағам деп жүр әлі де

Шөберенің талайын –

Әкеңізге бір сәлем!

Елдің даңқын да асырған

Қайын атаң бір асыл жан,

Аярым жоқ ұлдан деп,

Осы тойға шашылған

Қайын атаңа, келінжан,

Иіліп сәлем еткейсің!

Ұл мен ұлдың бейнетін,

Жастайынан көп көрген.

Қайын енеңе сүйкімді

Бола алмасаң көктер ме ең?!

Осы тойды армандап,

Талай түнін өткерген,

Қайын енеңе бір сәлем!

Анау асқар қйнағаң,

Қайнаға да ‑ сыйлы адам.

Сыйлап жүрсең үлкенді,

Аялайды айналаң,

Қайнағаңа бір сәлем!

Келген мынау текті елің,

Келген елді жатырқап,

Уайым‑қайғы шекпегін,

Сыйласар да сырласар

Абысының көп сенің

Келіндікке үйретер,

Солар болар мектебің.

Әр отаудың әріне,

Ағалардың сәніне –

Абысынның бәріне –

Жас келіннен бір сәлем!

Тал шыбықтай бұралған,

Шашын өріп сыланған,

Ат қойды деп жас жеңге

Бәрі бірдей қуанған.

Гүлдей қайын сіңлілер

Өзіңменен бір жүрер,

Бірге ренжіп, бір күлер

Сіңлілерге бір сәлем!

Бұл ауылдың ұлдары,

Жұрт қызығар тұлғалы.

Жеңгемізді көрсек деп,

Көрімдігін берсек деп

Қайныларың тұр бәрі!

Қайныларың – қорғаның,

Қайың‑талды орманың,

Сен де абысын боларсың –

Ойластырғың жол жағың,

Қайныларға бір сәлем!

Ал келінжан, келінжан,

Сүйкімді бол еліңе,

Жарасты бол теңіне!

Келін алтын босаға,

Келін сырлас, дос, ана,

Береке бол, бақыт бол,

Мынау келген жеріңе,

Құшақ ашқан еліңе!

Қадамыңа гүл біткей,

Құттықтаймын сені де!

 

Беташар

Ассалаумағалейкум, тойшы қауым!

Бір сәтке серппейікші ой шылауын.

Бұл менің екі жасты құттықтауым,

Қолымды қос ішекке қайшылауым.

 

Әуелі сәлемдестім жалпыменен,

Кеуде де оттай ыстық шалқыды өлең.

Рұқсат бергеннен соң бет ашайын,

Думаншыл қазағымның салтыменен.

 

Ақ босаға аттаған жар қосағы,

Жан‑жүректер дәл бүгін жалғасады.

Айдай жүзің жарқырап бағың жансын.

Ақ тілеулер айтылмай қалмас әлі.

Алатаудай Ақ отауға сәлем бергің!

Шаңыраққа, аруаққа сәлем бергің!

 

Шаңырақтың амындай жігіт жары,

Махаббаттың мас қылған тұнық балы.

Қуанышқа жиналған көпшілікке,

Сәлем жасау дәстүрін ұмытпады.

Күйіңді ұққан дүйім жұртқа сәлем бергін!

Маңайында ағайынға сәлем бергін!

 

Бесік жырың әлдилетіп тыңдататын,

Түн ұйқысын төрт бөліп тіл қататын.

Ана деген дүниеде асыл жанның,

Мінажатпен атаймыз қымбат атын.

Ақ жаулықты аналарға сәлем бергін!

Абзал, мықты паналарға сәлем бергін!

 

Өмір жүгін көтерген қара нардай,

Алатаумен салмағы пара‑пардай.

Аталардың алдында қиналайық,

Жеті атаны жөнімен тарата алмай.

Аты аңыздай қарт абызға сәлем бергін!

Бата берген атамызға сәлем бергін!

 

Сылай білсең болады өлең‑елің,

Өсіп‑өніп ол сенің көгергенің.

Ала жібін аттамай ағайынның

Айтқан тілің алып жүр енелердің.

Елеулі елге енелерге сәлембергін!

Кемеңгердей енелерге сәлем бергің!

 

Өсек сөзге болмасын жел берерің,

Сөз ермеуін артыңнан жөн көремін.

Жақсылығын адамның жайып салып,

Көп нәрсені үйретер жеңгелерің.

Өнген елде жеңгелерге сәлем бергін!

Сенген елге жеңгелерге сәлем бергін!

 

Қашан да сен болғайсың ойлы, жаным,

Жаман әдет – сөзіңнен айнығаның.

Ондай болсаң опынып қаларың хақ,

Мазақ етіп күні‑түні қайныларың.

Айдыны алда қайныларға сәлем бергін!

Барша жанға жайлыларға сәлем бергін!

 

Күнің сынды серігің, айың сынды,

Жеңгесіне жақын ғой қайын сіңлі.

Әзілдерін жарасып күбір­‑сыбыр,

Бөлісесін онымен дәйім сырды.

Қайың сынды қайн сіңліңе сәлем бергін!

Айың сынды қайын сіңліңе сәлем бергін!

 

Аққудайын ақ мамық қауырсыңды,

Аппақ келін – арманның тауы сынды.

Ақ кемесі өмірдің толқығанда,

Еске аларсың бет ашқан дауысымды.

Елге ұнаған енді маған сәлем бергін!

Мен бұраған домбыраға сәлем бергін!

 

Ақ жүзіңді ашайын, айналайын,

Маңдайыңнан сүйетін қайда, ағайын!

Қосағыңмен қоса ағар, қол ұстасып.

Құшағыңды жарыңа жай да дәйім.

 

Жақсы жерге, нақ сүйерге сәлем бергін!

Жан‑жігітке мәңгілікке сәлем бергін!

Қолтықтасқан қосағыңа сәлем бергін!

Толқып тасқан ошағыңа сәлем бергін!

Өз үйіңе, боз үйіңе сәлем бергін!

 

Календарь
«  Март 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Все проекты компании
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0