Меню сайта
Форма входа
Поиск

Сырлы сандар

Қазақ Совет энциклопедиясында: «Сан- математикалық негізгі ұғымдардың бірі... Бірлік, жиын және жалпылық арасындағы диалектикалық байланыс. Материалдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың бір тектес қасиеттерінің қатынасын, кеңістік пен уақыттағы сапаның сақталуын бейнелейтін философиялық ... табиғатты, қоғамды және адамдар ойлауын сипаттайтын логикалық универсалды категория (санат)» (10 том, 13 бет) – деп анықтама берілген.

Сан – терең және қолдану ауқымы өте кең ұғым. Негізінен, сандық атау бола тұрып, адам өмірі мен табиғат өңірінен бастап, шаруашылықтың, оқу-білімнің, денсаулықтың, ғылымның түрлі салаларының жаңа қыры мен сырын ашып, өздеріне тән қасиеттерін байытады, сапалық мән, жаңа өн береді. Бұл үлкен әңгіменің тақырыбы.

Сан ой ойлатады және екшейді. Кейбірі әлдебір себептерден халық ұғымында «жағымсыз» сипат алған. Мысалы, Еуропа елдеріндегі көптеген халық 13 санын жаманат, қауіп-қатер нышанына балап, күнделікті тіршілікте қолданыстан аластауға тырысады (қала үйлерінің реттік санында 12-ден соң 13-ті аттап өтіп, 14 есептелуі, ауруханада 13 сандық палата болмауы т.б.) Қазақтың кейбір ұлыстарында айдың 27 және 29 жаңаларын ақыр жеті, ақыр тоғыз атап, ол күндері алыс сапарға шықпау, мал сойып, қонақ шақырмау, т.б. үрдістер қалыптасқан. Аптаның жеті күнінің кейбірі де қастерленеді. Мұндай мысал көп, әрине, бәрі ырымдық ұғым.

Жалпы алғанда, халықтың ой байламында санның философиялық мәні зор. Қазақ халқының пікір толғамында бір саны – даралықты, жалғыздықты ғана емес, бірегейлікті, ерекшелікті (бір де болса бірегей, мыңнан біреу, т.с.с) үш саны – өмірдегі жарасымдылықты (үш жұрт, үш тәтті, үш із т.б.), төрт саны – кеңістік пен шартараптылықты (әлемнің төрт негізі, төрт құбыла, төрт кітап және т.б.), бес саны – ерлік пен сайма-сайлықты (бес сайыс, бес аспап, бес қару, бес парыз, т.с.с), жеті саны – адамзат пен табиғат арасындағы бір ізді байланыс, олардың терең тамырлығы, әлем сәулеті (жеті ата, жеті ұрпақ, жеті ғалам, жеті амал, жеті керемет, т.с.с), қырық саны – имандылық, әдет-ғұрыптық (сәбиді қырқынан шығару, қырық қасық сумен шомылдыру, өлген адамның қырқын беру және т.б.) ұғымын берген. Сан жұмбақтарға, мақал-мәтелдерге және қазақы билік шешімдерге де негіз болған. Адамды ойшылдыққа тәрбиелеген. Біз жоғарыда аталған сандардың үш пен жетіге байланысты халық байламына назар аудардық.

 

Үш санына байламдар

Үш жүз:

Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.

 

Үш тәтті:

Жан, Мал, Жар.

Үш қуат:

Ақыл, Жүрек, Тіл.

 

Үш жұрт:

Өз жұртың – күншіл,

Қайын жұртың – міншіл,

Нағашы жұртың – сыншыл.

 

Өз жұртың – ағайын

Бар болсаң – көре алмайды,

Жоқ болсаң – бөліп бере алмайды.

Жақсы болсаң – күндейді,

Жаман болсаң – жүндейді.

 

 

Қайын жұртың

Қолыңның ұзындығына қарайды,

Жағаңның қызылдығына қарайды

Берсең – жағасың,

Бермесең – дауға қаласың.

 

Нағашы жұртың

Жақсылығыңа сүйінеді,

Жамандығыңа күйінеді,

Әрқашан тілеуіңді тілейді,

Тілеуқорлық ниеті билейді.

 

Үш тоқтам:

Ой, Ақыл, Шешім.

Үш қасиет:

Өліде – аруақ

Малда – кие

Аста – кепиет

 

Үш із:

Бала, байлық, бақыт.

Үш ғайып:

Қонақ, несібе, ажал.

Үш алыс:

Жер мен көк аралығы,

Жас пен кәрі арасы,

Жас пен жаман арасы

 

Үш  арсыз:

Күлкі, Ұйқы, Тамақ.

 

Үш тұл:

Қайратсыз – ашу,

Тұрлаусыз – ғашық,

Шәкіртсіз – ғалым.

 

Үш даусыз:

Тумақ – өлмек,

Тағдыр ,

Кәрілік.

 

Үш көз:

Бұлақ – су анасы,

Тұяқ – жол анасы,

Құлақ – сөз анасы.

 

Үш байлық:

Бірінші байлық – денсаулық,

Екінші байлық – ақ жаулық,

Үшінші байлық – он саулық.

 

Үш қазына:

Ер қазынасы – жүрген із,

Ел қазынасы – көне көз,

Тіл қазынасы – ескі сөз.

 

Үш мақсат:

Сауда мақсаты  - ұту,

Жол мақсаты – жету,

Дау мақсаты – біту.

 

Үш үміт:

Жазыламын деп аура үмітті,

Баимын деп кедей үмітті,

Кетемін деп қыз үмітті.

 

Үш қадірлі:

Ырыс, бақ, дәулет.

 

Үш қадірсіз:

Жастық, денсаулық, жақсы жар.

 

Үш кемдік:

Атың жаман болса – жалғанның азабы,

Алғаның жаман болса – дүниенің тозағы,

Балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы.

 

Жеті санына байламдар.

 

Жеті шәріп (әулие)

 

  1. Мекке
  2. Мәдина
  3. Бұқар
  4. Шам
  5. Қатым
  6. Құдыс
  7. Құран

Жеті ата

 

  1. Бала
  2. Әке
  3. Ата
  4. Үлкен ата
  5. Баба
  6. Түп ата
  7. Тек ата

Жеті ұрпақ

  1. Әке
  2. Бала
  3. Немере
  4. Шөбере
  5. Шөпшек
  6. Немене
  7. Туажат

Жеті ғалам

  1. Күншығыс
  2. Күнбатыс
  3. Түстік
  4. Терістік
  5. Аспан
  6. Жер үсті
  7. Жер асты

Жеті қат көк

  1. Ай
  2. Күн
  3. Есекқырған (меркурий)
  4. Шолпан
  5. Қызыл жұлдыз (марс)
  6. Мүштәри (юпитер)
  7. Сатурн

 

Жеті қат жер

  1. Тұңғиық
  2. Жылан
  3. Су
  4. Қос балық
  5. Қара тас
  6. Көк өгіз
  7. Жер

Жеті амал

Күннің тоқырауы – жазғы тоқырау – күн ұзаруының аяқталуы, маусым айының 21 жұлдызы. Қысқы тоқырау – күн қысқаруының аяқталуы, желтоқсан айының 22 жұлдызы.

 

Қарашаның қайтуы – қараша айы аяқталып, желтоқсанның кіруі.

Үркердің батуы – Үркер шоқжұлдызының мамыр айынан маусымның 10 жұлдызына дейін көкжиектен көрінбеуі.

 

Мұздың қатуы – мұздың қаймақшуы, қарашаның қары.

Киіктің матауы – киіктің үйірге түсуі, теке бұрқылдақ.

Қыс тоқсан – желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары.

Ай тоғамы – Үркер мен Айдың тұстас көрінер тоғысы.

 

Жеті жұрт:

  1. Үрім
  2. Қырым
  3. Қытай
  4. Тұран
  5. Шам
  6. Мысыр
  7. Шын-Машын

Жеті ықылым:

  1. Үндістан (Машын)
  2. Түркістан (Тұран)
  3. Хорезм
  4. Славян
  5. Мағұрып (Батыс)
  6. Мәшүріп (Шығыс)
  7. Үрім (Кіші Азия)

Жеті әліп

  1. Ашпас әліп түсу.
  2. Ақ бата алу.
  3. Айтқаны келу.
  4. Атқаны тию
  5. Алысқанын жығу.
  6. Абыройы арту.
  7. Ақ көңіл ниет.

Жеті күн.

Бүгін – дүйсенбі

Ертең-сейсенбі

Бүрсүкүні – сәрсенбі

Арғы күні – бейсенбі

Ауыр күн – жұма

Соңғы күн – сенбі

Азына – жексенбі

 

Жеті мүше

Бірінші нұсқа

Бас, екі көз, екі қол, екі аяқ

 

Екінші нұсқа:

Бас, екі қол, екі аяқ, кеуде, ағза

 

Ер жігіттің жеті қасиеті:

Қаны – атта

Қуаты – қыранда,

Сенімі – тазыда,

Сұсы – кездікте,

Серті – қақпанда,

Оты – мылтықта,

Әдіс-айласы – ау жылымда.

 

Жеті жетекші:

Адамның басшысы – ақыл,

Жетекшісі – талап,

Жолдаушысы – ой,

Жолдасы – кәсіп,

Қорғаны – сабыр,

Қорғаушысы – мінез, сыншысы – халық.

 

Жеті қазына:

Бірінші нұсқа:

  1. Ер жігіт
  2. Сұлу жар
  3. Ілім-білім
  4. Жүйрік ат
  5. Құмай тазы
  6. Қыран бүркіт
  7. Түзу мылтық

Екінші нұсқа:

  1. Жүйрік ат
  2. Алғыр бүркіт
  3. Қаққыр тазы
  4. Алмас кездік
  5. Қанды ауыз қақпан
  6. Берен (қара) мылтық
  7. Майланғыш ау (қыл тұзақ)

Үшінші нұсқа:

  1. Төрт түлік (төрт тірі қазына)
  2. Ит
  3. Қазан
  4. Қара мылтық

Төртінші нұсқа:

  1. Төрт түлік (бәрі бір санда)
  2. Ит
  3. Қара мылтық
  4. Қазан
  5. Ұста дүкені
  6. Диірмен
  7. Сыпыра

 

Наурыз дастарханына қойылатын жетеу

  1. Қасиетті құран
  2. Шам
  3. Құрма
  4. Өрік
  5. Мейіз
  6. Жаңғақ

Парсы тілінде «с» әрпімен басталатын жеті түрлі тағам:

Сомақ – жүзімнің ұнтағы,

Сәбзе- бидайдың жас өркені

Сенжед – жиде

Серке – жүзім шырыны

Сир- сарымсақ

Сиб – алма

 

 

Жеті су

Бірінші нұсқа:

  1. Лепсі
  2. Аякөз
  3. Іле
  4. Ақсу
  5. Бүйен
  6. Қаратал
  7. Көксу

Екінші нұсқа:

  1. Лепсі
  2. Басқан
  3. Сарқант
  4. Ақсу
  5. Бүйен
  6. Қаратал
  7. Көксу

Үшінші нұсқа:

  1. Лепсі
  2. Басқан
  3. Қызылағаш
  4. Ақсу
  5. Бүйен
  6. Қаратал
  7. Көксу

Жеті ғашық:

Бірінші нұсқа:

  1. Ләйлі-Мәжнүн
  2. Жүсіп-Злиха
  3. Фархад-Шырын
  4. Тахир- Зухра
  5. Бахрам-Күләнда
  6. Арзу-Қамбар
  7. Уәки – Күлшаһ

Екінші нұсқа:

  1. Ләйлі-Мәжнүн
  2. Қыз Жібек – Төлеген
  3. Қозыкөрпеш – Баян
  4. Еңлік – Кебек
  5. Бозжігіт – Қарашаш (Анула)
  6. Қалқаман-Мамыр
  7. Сейпілмәлік – Бәдігүл-Жамал

Жеті жетім

  1. Тыңдалмаған сөз
  2. Аққу-қазсыз көл
  3. Киюсіз бөз
  4. Иесіз жер
  5. Басшысыз ел
  6. Жерінен айрылған ер
  7. Замандасы сиреген адам

Жеті жоқ

  1. Жерде өлшеуіш
  2. Аспанда тіреуіш
  3. Таста тамыр
  4. Құста сүт
  5. Жылқыда өт
  6. Тасбақада талақ
  7. Аллада бауыр

Жеті жұт

  1. Құрғақшылық
  2. Мал жұтауы
  3. Оба (індет)
  4. Өрт
  5. Соғыс
  6. Сел (топан)
  7. Зілзала

Аптада жеті күн бар. Наурыз көже жеті түрлі тағам араластырылып дайындалады.

Жеті – Қарақшы шоқжұлдызы аспан шырақтарының атауы.

Өлген адамның аруағына бағышталып жеті шелпек пісіріліп, жетісі беріледі.

Садақаға жеті тиын не жеті теңге (ертедегі ақша құнымен) аталып, жоқ-жетімдерге үлестіріледі.

 

Жеті жарғы

XYII ғасырдың соңы мен XYIII ғасырдың бас кезінде «Тәуке хан заңы» аталған қазақтың байырғы әдет-ғұрып, салт-сана құқығының жинағы. Жеті жарғы құрамына қазақ халқының өмірінде жалпылай қолданылатын басты ережелер іріктеліп, жер дауы, жесір дауы, құн дауы, ру аралық дау, қылмыстық жауапкершілік, бала тәрбиесі, ұлт қауіпсіздігі мен билік, тағы басқа әлеуметтік проблемалар енген.

Қазақстың халық ақыны Қазанғап Байболұлы «Төле бидің тарихы» дастанында «Жеті жарғының» жеті бабын былайша баяндайды.

Жер дауы баяндайтын біріншісі,

Ру, қоныс пен меншікті ісі

Иеленген жеріне жанжал болса,

Біреуге басымдық қып озбыр кісі.

Үй іші мен баланы тәрбиелеу

Болған жосын заңының екіншісі

Ұрлық- қарлық, барымта үшіншісі,

Баян етер бәрін де білген кісі.

Төртінші боп саналған мынау заңы,

Бір халықпен басқа ру болса дауы

Ұлтын жаудан қорғаған – бесінші бұл,

Алтыншы, жетінші – құн дауы, жер дауы.

 

Жарғы мәтіні қазіргі ұрпаққа жазбаша түрде жетпеген. Ереже мазмұны ауызша жатталып, елден елге, ұрпақтан ұрпаққа тараған. Жарғы заңдары құрметтеліп қалың жұртшылық тарапынан мүлтіксіз орындалған.

 

ӘЛЕМНІҢ ЖЕТІ КЕРЕМЕТІ

Қазақ халқы ғана емес, әлем халықтары да жеті санын қастерлеген.  Біздің жыл санауымыздан үш ғасыр бұрын ұлы қолбасшы патша Александр Македонский (Ескендір Зұлхарнайын) Кіші және Орта Азияны, Египетті, Оңтүстік Индияны және т.б. елдерді жаулап алып, сол өңірлерінде өзі көріп тамашалаған ерекше сәулет өнер үлгілеріне аса жоғары баға берген. Кейінгі заманда олар Әлемнің жеті кереметі атанған.

 

АЛҒАШҚЫ ЖЕТІ КЕРЕМЕТ

  1. Египет пирамидасы. Біздің жыл санауымыздан 27 ғасыр бұрын салынған Египет патшаларының мазары. Пирамиданың ең биігі 146 метр.
  2. Вавилонның аспалы бағы. Біздің жыл санауымыздан 6 ғасыр бұрын Вавилон патшасы әйелінің құрметіне арнап, Бақша старвелі тәсілінде биік сәкі үстіне салдырған.
  3. Ертедегі Артемида храмы. Дүние жүзіндегі ең үлкен ғибадатхана. Біздің заманымыздан 4 ғасыр бұрын жойқын соғыс зардабынан қираған.
  4. Олимпиадағы Зевстің мүсіні. Заманымыздан бұрынғы бесінші ғасырда ежелгі гректің асқан шебер мүсіншісі Фиди алтыннан және піл тістерінен жасаған.
  5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы. Заманымыздан 4 ғасыр бұрын салынған.
  6. Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қолдан жасаған мүсіні. Биіктігі 45 метр.
  7. Александрия маягі. Жыл санауымыздан 3 ғасыр бұрын тұрғызылған. Биіктігі 160 метр.

 

БЕСІНШІ ҒАСЫРДАН БЕРІ ТАНЫЛҒАН ЖЕТІ КЕРЕМЕТ

  1. Рим колизейі. Жыл санауымыздың 70-72 жылдары салынған жазық беті сопақша, диаметрі 188 метр, айнала сатылап жоғарылай беретін 3 қабат алаңда 50 мың көрермен отыратын орын.
  2. Александрияда жер астында жол пішінінде қазылған мазарлар.
  3. Қытайдың ұлы қорғаны. Жалпы ұзындығы 6700 шақырым.
  4. Англиядағы алып тас қорған.
  5. Италиядағы Пиза қисық мұнарасы. Сегіз қабатты мұнара жыл сайын қисая береді, бірақ құламайды.
  6. Қытайдың Нәнжин қаласындағы фарфор мұнара. Он екі қабатты мұнара үшінші ғасырда салынып, 1850 жылы қиратылған.
  7. Ыстамбұлдағы әулие София шіркеуі. 532-537 жылдары салынған, дүние жүзіндегі ең үлкен шіркеу.

XV ғасырға дейін халықтар ұғымында қалыптасқан жеті теңіз

  1. Жерорта теңізі
  2. Қызыл теңіз
  3. Шығыс Африка теңізі
  4. Парсы теңізі
  5. Батыс Африка теңізі
  6. Үнді теңізі
  7. Қытай теңізі

Табиғаттың жеті кереметі

  1. Иорданиядағы өлі теңіз
  2. Гавайдағы жаңартау
  3. Бермудтың ажал теңізі
  4. Шизаның мұзды алқабы
  5. Норвегияның түні
  6. Сахараның қызыл құмы
  7. Тунгус метеорит үңгірі

Қиял-ғажаптың жеті кереметі

  1. Нис көліндегі құбыжық
  2. Биік таудың қар адамы
  3. Ну ормандағы жабайы адам
  4. Ұшқыш табақ
  5. Нұқ пайғамбардың кемесі
  6. Ғарыш адамы
  7. Жер асты құпиясы

ӘЛЕМДІК ЖЕТІ ЖҰМБАҚ

  1. Материя мен күштің мәні (сущность материи и силы)
  2. Қозғалыс басы (происхождение движения)
  3. Тіршіліктің пайда болуы (происхождение жизни)
  4. Табиғаттың үйлесімділігі (целесообразность природы)
  5. Сезім мен сананың пайда болуы (возникновение ощущения и сознания)
  6. Ойлау мен сөйлеудің пайда болуы (возникновение мышления и речи)
  7. Адам еркі (свобода воли)

 

 

ҚАСТЕРЛІ «ЖЕТІ» - ЛЕР

  1. Ай фазасы жеті күн сайын өзгереді.
  2. Жарық жершарын бір секундта жеті рет айналып шығады.
  3. Тіршілік көзі саналатын заттардың негізгі құраушысы – азот Менделеев кестесіндегі жетінші элемент.
  4. Менделеев кестесіндегі элементтердің шекті валенттігі жетеу.
  5. Күннен тараған жарықтың шұғыласы жеті түсті.
  6. Атомдардың негізгі электрон қабаттары жетеу.
  7. Адамның энергетикалық нүктелері жетеу.
  8. Адамның денесі мен басын қосатын ең маңызды мүше – мойын омыртқа буындары жетеу.
  9. Жаңа туған нәрестенің кіндігі жетінші күні түседі.

10. Қазақ жеті атасына дейін қыз алысып, қыз беріспейді.

 

ҮЛКЕН САНДАР

Күнделікті шаруа мен жұмыс бабында есеп жүргізгенде миллионға дейінгі сандар жиі пайдаланылады. Аса үлкен сандық шамалар ғылым мен техника саласында онның түрлі дәрежесінде қолданылатыны баршаға аян емес, бірақ білген абзал. Ол сандар

Триллион - 109

Биллион- 1012

Квадриллион - 1015

Квинтиллион - 1018

Секстиллион - 1021

Септиллион – 1024

Октиллион - 1027

Нониллион - 1030

Дециллион - 1033

Андециллион - 1036

Дуодециллион - 1039

Тредециллион - 1042

Кваттордециллион - 1045

Квиндециллион - 1048

Сексдециллион - 1051

Сентендециллион - 1054

Октодециллион - 1057

Новемдециллион - 1060

Вигинтиллион – 1063

 

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Архив записей
Друзья сайта
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Все проекты компании
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0