Меню сайта
Форма входа
Поиск

Бұлт — судың жылу әсерінен аспанға көтеріліп, буға айналған түрі. Атмосферадағы өте ұсақ су тамшылары меп мұз түйіршіктерінің жиынтығы.

Ақша бұлт — ашық күнде аспанда қалқып жүретін түйдек-түйдек ақ бұлт.

Ала бұлт — ақ, қара, қошқыл түсті бұлттар шоғыры.

Будақ бұлт — шумақ-шумақ, лек-лек бұлттар.

Жаңбыр бұлты - қабатына ылғал сініргеп қою қара бұлт.

Желең бұлт — түтілген шудадай жеңіл бұлт.

Жылауық бұлт — әлсін-әлсін аз-аздан қайталап жауар бұлт.

Зілмәуір бұлт — аспан күмбезін түгел жапқан ауыр бұлт.

Қазбауыр бұлт — опдаған шақырым биіктікте ұсақ мұз түйіршіктерінен пайда болатып бұлт.

Қара бұлт — түнерген қараңғы бұлт.

Қатпарлы бұлт — қалың қабатты қоңыр ала бұлт.

Қауырсын бұлт — тарам-тарам, жеділ бұлт.

Көшпелі бұлт — көкжиектен саумалай кетеріліп, тез кошкен бұлт.

Кілегей бұлт — жұқа, сирек бұлт.

Маса бұлты — желсіз, тымырсық түнгі тұнба бұлт.

Өркеш бұлт — түйе өркештенген ала бұлттар тізбегі.

Саума бұлт — үзіп-үзіп күні бойы жауар бұлт.

Сеңсең бұлт — қат-қабат жалбыр бұлты.

Сетінеуік бұлт — іргесі сөгіліп, ыдыраған бұлт.

Сұр бұлт — аспанды жаппай торлап, төрт-бес шақырым биіктікте жүретін тұнжыр бұлт.

Түйдек бұлт — үздік-үздік, бір-біріне ұласа көшкен бұлт.

Ұшпа бұлт — шоғырымен тіркесе көшетін жеңіл шұбарала бұлт.

Шағырмақ бұлт — күн қызуын бөгетсіз өткізетін селдір бұлт.

Шарбы бұлт — жер бетінен екі-үш шақырым биіктікте жүзген жұқалтаң бұлт.

Шөкпе бұлт — төмен қонған ауыр бұлт.

Тұман — бұлт тәрізді көшіп жүретін сұрғылт түсті табиғат құбылысы. Атмосфераның жерге таяу қабатындағы ұсақ су тамшыларының немесе мұз түйіршіктерінің жиынтығы.

Соқыр, қара тұман — аяқ астын корсетпейтін, кезге түртсе көргісіз қалың тұман.

 

Календарь
«  Июнь 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Архив записей
Друзья сайта
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Все проекты компании
  • Статистика

    Онлайн всего: 2
    Гостей: 2
    Пользователей: 0