Меню сайта
Форма входа
Поиск
…үшін молда дұға оқып, батасын береді де, тостаған түбіндегі бұйымдарды қалыңдыққа ұсынады. Той иесі молдаға малдай не ақшалай «неке қиярын» беріп, куәлікке жүрген жігіттерге шапан кигізеді. Үлкендер отырған үйде ақын‑жыраулар жыр айтып, қауымды риза қылады.

Дәстүрі үйлену тойындағы сынды да шешуші сәт «ақ неке түні» деп аталады. Жеңгелер қалыңдық пен күйеуге арнап төсек салып, көрпе үстіне ақ шүберек («неке жаулық») төсеп, тілеуін тілеп, екі жасты жеке қалдырады. «Шөлмек мың күнде сынбайды, бір күнде сынады» демекші, бұл күні күйеу алдында қалыңдықтың пәктігі, арулық абыройы тексеріледі. Қалыңдықтың қыз қасиетін жоғары ұстап, заңды некеге дейін беті ашылмай, құтты орнына қонуы өз басы мен туған ата‑анасына абырой әперумен қатар, оның шын мәнінде бақытты болуының да кепілі.

Егер қалыңдықтың ары таза болмай шықса, күйеудің жолдастары оның ерттеулі атының ішін жарып, тәуір киімдерін турап, ер‑тұрманын шапқылап қиратады. Әдетте бұған ешкім де ара тұра алмайды. Күйеу: «Алтын дегенім мыс болды, күміс дегенім жез болды. Мен қалыңмалды қатынға емес, қызға төлеп едім ғой», ‑ деп қалыңдықтан бас тартады. Қыздың масқар болған әкесі мен туыстары оның бұзылуына себепші болған жігітті тауып, екеуінде түйеге таңып, асып өлтірген.

Кей жағдайда кіші қызын беріп, күйеуді риза қылып құтылатын болған. Осылайша сүйекке таңба түсірмес үшін де әрбір ата‑ана бойжеткенін тезірек құтты орнына қондыруға асыққан. «Қызға қырық үйден тыйым, мың сан үйден сын» деп білген ата­—абаларымыз сондықтан да дәстүрлі үйлену тойына ерекше мән беріп, қайталанбас сән‑салтанатты бұлжымас қағидалармен қоса‑қабат жүретін берік өмір салтына айналдырған. Той өткен соң құда мен құдағиға киіт кигізіп, түйе жетектетіп, ат мінгізіп, құрметпен шығарып салады.

Түйін. Жаңа келін боп түскен біреудің бүлдіршіндей ерке қызының басқа ортаға бірден көндігіп кетуі оңай емес. Сондықтан үй шаруасында оған енесі көмектесіп, ауыр еңбекке біртіндеп салады.  Парасатты әжелердің: «Келініңді қызындай көр, қызың келін болмас па?» ‑ деп, осы кезде жүргізген: төмендегідей үлгілі тәрбиесі, берген өнегесі келіннің оңы мен солын тез танып, болашақта ізетті, еңбекқор, ақжарқын ана болып қалыптасуына біден‑бір ықпал етеді. Мәселен, күйеуінен бөгде ре адамдарға қолының ұшынан басқа жалаңаш денесін көрсетпеу, жалаң бас, жалаң аяқ жүрмеу; ерлердің жолын кесіп өтпеу, үлкендер отырған үйе кірмеу, үлкендердің әңгімесіне араласпау, оларға шай құйғанда бір тізерлеп қырын отыру; қазан‑аяғын сыңғырлатпау; үлкен адам көзінше дауыс көтеріп сөйлемеу; балаларға шаңқылдап ұрыспау; үлкен үйдің төріне шықпау, төсегіне жатпау; нанды бір қолмен үзбеу; жер таянып отырып ас ішпеу, киімін желбегей жамылиау, т.с.с. Әйтпесе қыз кезінде бәрі жақсы, жаман қатын қайдан шығадының кері келуі әбден мүмкін. Сол себепті аталарымыз «қатынды бастан» (тәрбиеле) деген өсиет қалдырған.

Қалыптасқан дәстүр бойынша келін бала алдымен түскен жерінің үлкен‑кішісі, ер‑әйелдеріне өзінше ат қоя білуі тиіс. Жас мөлшері мен ерекше белгі қасиетіне, туыстық қатынасы мен мәртебесіне қарай қисыны табылып қойылған әрбір аттан келіннің тапқырлығы мен ақылдығы танылады. Бұл дәстүр – жас келінді әдептілікке баулудың бастамасы.

Жас келіншек  барлық жұрттан ерте тұрып, кеш жатып, күн ұзаққа бір тынбай, көп іс бітіреді.

Келін баласы тұнғышын босанып, сәбиі ит көйлегін тоздырған соң енесі оны өзіне сәлем беруден, босағаға отырудан босатады.

«Қарағым, сен ана болдың, балалықтан қол үздің. «Басы қату болса, аяғы тату болады» деген еме пе? Қаталдығымыз болса, сен ширасын дегендік» деп, оған кимешек‑шылауышты кигізіп, төрге шығарып, шай береді. Үй иесі туыстарын шақырып, той‑томалақ жасап, келінін осы үйдің толық мүшелігіне өткізеді. Осы дәстүрден кейін ене мен келін аралығында шын мәнінде сыйластық орнап, жарасымдылық туады.

Жас отау қор жинап, өз алдына шаңырақ көтеріп кетуі үшін ата‑аналары екі жақтан бірдей көмектеседі. Сол себепті дәстүр бойынша, ұзату тойынан кейін бір‑бір жарым жылдан соң жас ерлі‑ зайыптылар қыз аулына келіп қонақ болып, кемінде бір ай «келін төркіндеп», «күйеу қайындап», «жиен нағашылап» қайтады. Төркініне барғанның төбесі төрт елі биіктеп, екі жақта бір жасап қалады,

Есіктің алды ошаған,

Жылқы ішінде қашаған.

Жыл айналып келгенше,

Қош аман бол, босағам, ‑

деп жылап кеткен қыздары төркіндеп келгенде, несін айтамыз, бүкіл ауыл етегіне сүрінеді. Жетпістегі кемпір төркініне келгенде «қыз келді» деп шашылып‑төгілетін халқымыз туған қызынан несін аясын!.. Аунап‑қунап қайтқан қызына «сауынына» деп бірталай қой мен жылқы, жиеніне бәсірелі шұбар тай сыйлап, оған қосымша аға‑апа, туған‑туыстары берген малды қоса айдап, артынып‑тартынып қайтады.

Елге оралған соң жігіт әкесі ұлына еншісін бөліп беріп, көрімдіктерін сыйлайды. Осылайша жаңа отау тағы бір бүтінделеді. Бұл қуаныш – «жал‑құйрығы бүтінделгені, өмірдің күлтеленгені» болып табылады.

 

Календарь
«  Март 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Все проекты компании
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0