Меню сайта
Форма входа
Поиск

Балаларының үйлену тойын ата‑аналар аңсары ауып күтеді. Ондай үлкен қуанышты ағайын‑туыстарымен, дос‑жарандарымен және көңілі жақын көршілерімен бөліскісі келіп, әркім өз шамасынша есте қаларлықтай қызықты да көңілді өткізуге тырысады. Бар жиған‑тергендерін қуанып дастарханына жұмсайды. Кейде екі жақтың ата‑аналары келісе отырып, тойды бірігіп өткізуі де мүмкін. Қыз ұзату және ұлды үйлендіру қай ата‑ана үшін де үлкен қуаныш және үлкен міндет. Бұл тойға олар алдын ала даярланып, түрлі ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.

Тойды безендіру. Той ететін орынды безендіруге айрықша мән беріледі. Бұл жерге халқымыздың өсиет сөздері мен беріледі. Бұл жерге халқымыздың өсиет сөздері мен ақындардың жырларынан үзінділер жазылып, көрнекті жерлерге ілінеді. Мысалы, «Үйлену оңай – үй болу қиын», «Таптырмас байлық – татулық», «Әке сөзі – парыз, ана сүті – қарыз», «Қосағыңмен қоса ағар», «Ұл өссе – ұрпақ, қыз өссе – ырыс», «Құдайға құрмет – елдің салты, еліне құрмет – ердің даңқы», «Бала – бақшадағы гүлің, оны тәрбиелеу үлкен ғылым», «Аталы сөз – баталы сөз», «Қосағыңның қолы ұзын, қос керуеннің жолы ұзын», «Анаңның алдына асқар тау да аласа», «Адам ақылымен сымбатты,ұрпағымен қымбатты», «Көргені жақсы көш бастайды» және т.б. Әрине, бұл айтылған сөздердің бәрін бірдей жазып, іліп қою міндетті емес, өйткені той өтетін орынды безендіру де көпшіліктің көңілінен шығатындай жинақы әрі әдемі болуы керек.

Асаба. Тойды басқаратын азаматты «асаба», кейде «тойбасы» не «асағасы» деп те атайды. Кез келген тойды жақсы өтуі тікелей тойдың басқарушы асабаға байланысты. Сондықтан да той асабасына өте жауаптыміндет әрі мәртебелі қызмет жүктеледі. Халқымыздың «Тон жағасыз болмас, ел ағасыз болма» деген ұлағатты сөзінде үлкен мағына бар.

Тойға жиналған қауым той басталғаннан бастап той біткенге дейінасабаның «жұмса жұдырығында, ашса алақанында» болады. Сондықтан да әрбір асаба тойдың жақсы өту жауапкершілігін өз мойнымен көтеруі және той өткізіп отырған ата‑аналардың да, жиналған қонақтардың да көңілінен шығып, алғысын алуы керек. Өйткені әрбір той тәлім‑тәрбие үлгі өнегенің көрінісі десе де болады. Халқымыздың «сегіз қырлы, бір сырлы» деген сөзі – тікелей асабаларға қойылатын басты талап. Тойағасы әрі мәдениетті, әрі халықтың салт‑дәстүрін, тілін, тарихын және өнерін жақсы білетін азамат болған жөн. Соңғы уақытта той өткізуді саудаға салып, кооперативтердің көбейіп кетуі көңілді алаңдатады. Халқымыздың өскелең талабын орындау үшін бұл да қажет болар, бірақ кооперативке кірген әрбір асаба өзіне‑өзі сенсе ғана мүше болуы керек және әрі белгілі бір топ алдынан үлкен сынақтан өтуі тиіс. Кейбр асабаларымыздың тойды жеңіл‑желпі басқарып, қалай болса солай ат үсті өткізетіндерін де көріп жүрміз. Қынжыларлық жайт, мұндай тойларда біраз уақыт өткеннен кейін әркім өзімен‑өзі болып, айтылып жатқан тілектерге де және асабаның айтқан сөздеріне де құлақ аспайды. Сондықтан да асабаларды арнайы даярлықтан өткізуді жергілікті жердегі мәдениет, не атқару комитеттері қолға алса, қандай ғанибет. Халықтық дәстүрлердің дұрыс насихатталуына зор мән беруіміз керек десек, міне, бұл – ел игілігі үшін атқарылар іс болар еді.

Той алдында ата‑аналар сол тойды өткізетін асабамен алдын ала жүздесіп, тойды өткізу жайлы егжей‑тегжейлі ақылдасулары тиіс. Бұл кезде тойды жүргізу барысы, тілек айту шылар тізімі, үзіліс кезіндегі ойын‑сауық түрлері және табақ тарту, той бастау салттары жайлы ойлар ортаға салынады.

Бетешар. Үйлену тойында жас жұбайларды жар‑жар айтып қарсы алады. Мұнан кейін келіннің бетін ашу салты басталады. Бұл арада бір ескере кететін жайт: келіннің бетін жауып тұратын орамал болуы қажет. Кейде ата‑аналар келіндерінің жүзін көлегейлеп тұратын орамалы болмаса да, келіннің бетін аша салуды өтініп жатады. Халқымызда еш уақытта ашық бетті ашу салты болған емес. «Келіннің бетін ашу» деген сөздің өзі келіннің бетін жауып тұратын орамалдың болатынын ұғындырмай ма?  Бұл халқымыздың өзіндік ерекше дәстүрі, жоралғысы. Жиналған көпшілік алдында бет ашушы ақын не жыршы жыр толғап, жас келіннің бетін ашады, оны келген жеріндегі ата‑ана, туған‑туыстарымен таныстыру арқылы, келінді ізеттілікке, инабаттылыққа және сыйластыққа тәрбиелейді. Келіннің беті ашылған кезде, келіннің екі жағынан (қолтығынан) екі жас абысыны ұстауға ттиіс. Мұның өзі абысындарының өзінен кейінгі келінге көрсеткен өнегесі, әрі абысындар арасындағы сыйластықты бір‑біріне білдіру жолы болып саналады. Өйткені «кліннің бетін кім ашса, сол ыстық» деген сөздер алғаш келген келіннің қолтығынан демеген абысындарға да қатысты. Бұл кезде келінді қолтығынан ұстап тұрған жас абысындары да келінмен бірге сәлем жасап, келінге үлгі көрсетеді. Жас келіннің сыпайы иіліп сәлем еткені абзал. Көптің көзі қырағы әрі сыншы келеді. Келіннің қалай сәлем еткеніне, өнегесіне сын көзбен қараушылар да болады. Кейде жас келін тік тұрған қалпы басын ғана изеп жатады. Бұған жиналған көпшілік аса разы болмағанын байқауға болады. Сондықтан да қызына шешесі, не жеңгелері сәлем етудің әдісін үйретуі тиіс. Кейбір жерлерде беташар кезінде аты аталған туыстарға сәлем жасаған кезде орамал ұшына ақша байлап жатады. Мұны бет ашқан азамат алады. Бұл кейіннен енген салт болу керек. Халқымыздың ежлгі салты бойынша бетін ашқан азаматқа келіннің ата‑енелері ғана арнайы жоралғы жасап, сый көрсеткен.

Беташар жасалғаннан кейін, ата‑аналар, туған‑туыстар және дос‑жарандар жас жұбайларды құттықтап қолдарындағы гүлдерін ұсынады. 

Дастарқан басында. Қонақтар жолына қарай той дастарқанына шақырылады. Алдымен дастарқан басына құда‑жекжаттар, жасы үлкен қонақтар отырғызылады. Дастарқан басында екі жақтың қонақтары төр жақтан аралас отырғызылады. Ең соңында жастар дастарқан басына шақырылады. Ары қарай той иелерінің ішінен жасы үлкен ақсақалдардың бірі тойды ашып, одан кейін тойды ары қарай жүргізуші асабаны жұртқа таныстырады. Ендігі жердегі тойдың барысы түгелмен асабаға тапсырылады.

Той бастау. Асабаға алғашқы сөзді алдымен тойғ жиналған құда‑жекжаттармен, ағайын­‑туыстармен және басқа да қонақтармен, жас жұбайлармен сәлемдесуден бастауы керек. Өйткені кез келген танысу сәлемнен басталады. «Сәлем берген саулық береді, ал сәлем алған қызығын көреді» деген халық сөзі көп нәрсеніаңғартады. Мысалы, тойды былай деп бастауға болады:

 

Құрметті қонақтар, армысыздар,

Бәріңіз де есен‑сау бармысыздар.

Бір шаңырақ қосылды ортамызға,

Үзілмеген өмірдің жалғасы бар.

Келін келіп, той жасау – ата дәстүр‑салтымыз

Жақсылықты тілейміз тойға келген жалпымыз.

Думанды тойын жасап дүбірлетіп,

Жұбайларды ежелден қастерлеген халықпыз.

 

Бұдан соң перзенттің ата‑анаүшін қымбат екенін сөзге арқау еткен дұрыс. Халқымыз бар жақсылығын ұрпағына арнаған. «Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар», «Ұлың өссе – мұратың, қызың өссе – жұратың», «Перзент – көздің нұры, жүректің жыры», «Ұлың өссе, күндей болсын деп тіле, қызың өссе, гүлдей болсын деп тіле», «Дәулетіңнің қадірін ұлың өскенде білерсің, абыройыңның қадірін қызың өскендк білерсін» деген халықтың даналық сөздерін тілге тиек еткен жөн.

 

Өмір тойы, көңіл тойы – үйлену,

Үйлену бір – мәңгі көктем күйге ену.

Жаңа отаудың қабырғасы қаланып,

Дүниеге тағы да бір үй келу.

Жақсылықты көре білген көз қымбат,

Орны‑орнымен айтылатын сөз қымбат.

Өміріңнің жалғасы ұл мен қыз қымбат,

Бәрінен де артыңнан қалған із қымбат.

Алтын да тас, тас та тас.

Жақсыны жақсы тастамас.

Тіршілікте керегі –

Қосыла берсін бақа бас! –

 

деген халықтың ұлағатты мол сөздерінде үлкен ұғым, терең мағына жатыр. «Өзен көлге қосылса теңіз болады, ал елге ел қосылса егіз болады» деген сөз екі елдің мың жылдық құда‑жекжат болғанын айғақтай түседі. «Құдасын құдайындай сыйлаған» деген де көп жайды ұқтырып тұр.

Таусылмасын! Ағытылсын ой көші,

Туысқандар қысылмастан сөйлеші.

Ақ тілекті ағытып бір бастайық,

Бүгінгі кеш – махаббаттың той кеші...

Жүздерінен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың!

Тойларыңыз құтты болсын, ата‑ана!

Тойларыңыз құтты болсын, ағайын!

 

Тойдағы тілек. Тойда тілек айтатын әрбір қонаққа жолына, туыстық ретіне және халық алдында сіңірген еңбегіне қарай сөзді де орнына келтіріп беру асабадан үлкен шеберлікті талап етеді. Асабаның айтқан әрбір сөзі тойға жиналған көпшіліктің көңілінен шығатын әрі жанды, әрі дәмді болуы қажет. «Сөз сұлтаны – дәмділігі, ой сұлтаны – жандылығы» деген халық даналығын естен шығаруға болмайды. Әрбір қонаққа сөз бергенде көбіне туыстық жағы мен ел алдындағы сіңірген еңбегі асабаның айтар сөзіне арқау болады. «Орны‑орнымен мақтай біл, сый құрметін сақтай біл», «Биікті биік деп айту, жүйрікті жүйрік деп айту үлкен адамгершілікке келеді» деген сөздерде көп мән бар, өйткені жақсы сөз арқашан жанға жайлы әсер етіп, адамның көңілін көтереді.

 

Жылы сөзге сәби де мәз боп қалады,

Жылы сөзге қарт та мәз боп қалады.

Әр адамға бір жылы сөз тауып айт,

Жабықпасын, жарқылдасын жанары.

 

Сөз кезегін ардагер ақсақалдардан бастаған дұрыс. Өйткені үлкенді сыйлау – халқымыздың өнегелі қасиеттерінің бірі. «Аталы сөз, баталы сөз», «Халықтың қартын сыйлауы – елінің салтын сыйлауы» т.б. сөздер кейінгі ұрпақтың есінде сақталып, өміріне  өнеге болуы керек.

 

Жасы үлкендер ‑ өз алдына бір төбе,

Оларға еткен қызметің де мәртебе!

Бәрекелді балам! – десе болғаны,

Бақ құсының қасыңа кеп қонғаны!

Жасы үлкендер ‑ өз алдына бір отау,

Олар барда асқақ емес Алатау.

Айналайын бақытты бол! – дегені

Жолыңдағы кө бөгетті жеңеді.

 

Ата, ақсақалды, қадірменді қарияны құрмет тұту, олардың ақ батасын алу жастардың келешегіне, жалпы өмір жолына зор бақыт, мол жақсылық әкелетінін баса айту қажет.

Жас жұбайлардың ата‑әжелері болса сөзді ең алдымен солардан бастау керек. Өйткені немеренің қуанышы ата, әже үшін өте қымбат. «Ұлың қымбат, немерең ыстық», «Өз беліңнен ұл туса ұзарғаны өмірдің, сүйсең егер немере алыстайды өлімің».

Немере үшін ең мейрімді жан ‑ әже. Әженің аялы алақаны, мөлдір мейірі, жылы жүрегі, кіршіксіз таза көңілі немереге ауадай қажет. Олай болса әжелердің ақ тілегі тойға жиналған көпшілік үшін – тәберік. Сол әженің жолын бізге де берсе екен деген тілек айтылады.

Әрбір тойда нағашы қауымнан да құрметті қонақтар болатыны сөзсіз. Нағашыны құрметтеу, оларға қошемет көрсету де халық дәстүрі. «ағайы жұртың күншіл келеді, қайын жұртың міншіл келеді» деген нақыл сөз де шындық жатыр.

Той ата‑ана үшін ең қымбат қуаныш. Оны қалай мадақтап айсақ та артық емес. Әрбір ата‑ана арманы да, мұрат‑мақсаты да өз перзентінің қуанышы! Оған ешбір нәрсе тең келе алмайды! «Өз базарың өз балаң, одан қызық озбаған», «Баланың білегі ауырса, ананың жүрегі ауырады» т.б. деген даналық сөздер ата‑ана үшін перзентінің қанша қымбат екенін көрсетеді.

Ата‑аналарға сөз кезегін берген езде, екі жақтың да (ұл мен қыздың) ата‑аналарын бір‑бірінен бөлмей қатарынан қос әке қос ананы бірге сөйлеткен жөн. Бұл кезде сөзді әкесінен бастау керек. Өйткені «Қызы бардың назы бар» деген халық сөзін де есте ұстау керек, тойды ұл жақтың ата‑анасы жасайтын болғандықтан құдаларға деген құрметті де ұмытпаған жөн. «Құдай қосқан құда болады, пайғамбар қосқан дос болады» деген иманды сөзді де естен шығармау керек.

Әкелер – алдымыздағы асқар тауымыз, тәрбие беретін ақылшымыз. Қажет болса сая болар орманымыз, қауіп‑қатерден сақтар қорғанымыз. Әкелердің мықтылығы – рухында. Болаттай берік, құрыштай қайсар рухы бар әкенің өз перзентіне көрсетер үлгі‑өнегесі мол болады. «Әке – ер, ана – жігер, бір үйде екі кемеңгер». Осы нақыл сөздер әкенің перзенті алдындағы орнын айрықша дәріптеп көрсеткен.

Келесі кезекте қыз әкесінің тілегін әрі қарай ұл әкесі жалғастырғаны абзал, өйткені бір әкені екінші әкеден бөлмей әріқұданың тілегін жалғастырып жатса, ол да сыйластықты, ынтымақтастықты көрсетеді.

Балаға анадан артық, анадан қымбат жан жоқ. Сондықтан да халық даналығында ананы ардақтайтын, ананы дәріптейтін не бір асыл маржандар кездеседі. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбидің жылымауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейтін, өз перзентін асылым, алтыным, жасыл желек жарқыным, аспандағы жұлдызым, маңдайдағы құндызым деп, аман болсын бастары, ұзақ болсын жастары деп күні‑түні, өмір бойы перзентінің тілегін тілейді. Керек десен жанын да беруге әзір тұрады.

Барлық ата‑аналар тілегінен кейін, халқымыздың ежелгі дәстүрі бойынша, құда‑құдағиларды бір‑бірімен төс түйістіріп, жүректерінің лүпілін сезініп, мың жылдық құдаларына куа болып, құтты болсын айтып, сол ата‑аналар құрметіне «Әке туралы жыр», «Анашым» деген әндерді жиналған қонақтар қосылып айтуына болады. Мұның өзі, біріншіден, ата‑аналарыңды өмір бойы сыйлап өтіңдер! деген өнегенің үлгісі болады. Олар да ата‑ананың қадірін өз ұрпақтарына жеткізіп бере алатындай болуы тиіс.

Халқымыздың ағалар жөнінде де айтылған асыл сөздері аз емес. Тойда сөз сөйлейтін ағаларға кезек келгенде де сондай даналық сөздерді еске түсіріп, тойдың тәрбиелік мәні арта түседі. «Тон жағасыз болмас, ел ағасыз болмас», «Ақылың ағаңда болсын,құндызын жағанда болсын» т.б. сөздерді пайдалануға болады.

Әпкелердің бауырға деген тілегі ерекше. Әпкелер буырларын балаларынан кем көрмейді. Тіпті бар өмірін, таза, адал жүректі, ақниетті әпкелерді ерекше жақсы сөздермен керек‑ақ! «Әдемі ниет әпкеден, әпкелер үшін мақтанамын көпке мен», «Жезде жақсы нұр құйған жүрегіме» деген сөздер әпкенің қадір‑қасиетін ел алдында айқындай түседі.

Жеңгелердің де өмірде өз орындары бар. Бұрынғы кезде қыздармен сырласу үшін алдымен жеңгелерінің тілін тауып, көңілінен шыға білген. Ал қыздар болса, анасына айтпаған сырын жеңгелерімен бөліскен. Сондықтан да «Анамдай ардақты жеңешем», «Жеңгем берген еттің ішінде желке болар, жеңгесі бар балалар ерке болар», «Шықсаңдағы қанша биік деңгейге, жан жетпейді сырыңды ұғар жеңгейге» деп жеңгелерді мақтаған.

Қуанышыңа алыстан арнайы келген ағайынның жолы бөлек. Жүегіңе қуат, көңіліне шуақ нұрын сеуіп, қуанышыңнын бір шетін көтеріп алуға ұмытылады. Сондықтан да халқымыз ағайынның абыройын көтеріп, намысына тимеген. «Ағайынның азары болса да, безері жоқ», «Күліп қара үлкен менен кішіге, жақсылықты аяма ағайынды кісіге» т.б. аталы сөздер, қолыңнан келгенінше ағайынды ардақта дегенді білдіреді.

Әрбір тойда достардың орны бөлек. Достарың жаныңның жақсылығын, жүрегіңнің қуанышын сезінеді. Достық даңқын көтеру, досты сыйлау – атадан қалған. «Қазақ қоссыз болса да, доссыз болған емес», «Көптен адасқан қосын таппас, естен адасқан досын таппас» деген ұлағатты сөздердің ұқтырары мол.

Мұндай асыл сөздердің бәрін бір тойда айтып шығу мүмкін емес. Әрбір асаба өзіне қажеттісін керегінше таңдап алуына болады. Бұл арада халықтық дәстүріміздің жақсы жақтарын көрсетуге ұмтылдық. «Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл, өзім қандай десем, халқымнан сұрап біл», «Халқын сыйлаған асалтын сыйлайды» деген сөздер халықтық асыл мұра салт‑дәстүрді сыйлап, оны дәріптей білу, ұрпақтар жүрегіне жеткізу – халқына жаны ашыған әрбір саналы азаматтың перзенттік асыл парызы.

Үйлену тойында бұлардан басқа жездеге, жиенге, бөлеге, іні‑қарындастар және жастарға да сөз бергенде тілге тиек болатын халықтық қазына‑даналық сөздер көптен кездеседі. Оны әрбір асаба ерінбей ізденіп табуына болады. Кейбір асабалар жаттап алған шағын сөздерінің аумағынан шыға алмай қалады. Сондықтан әрбір асаба әрбір тойға мұқият дайындалуы шарт. Халқымыздың «Асып сөлеме, тасып сөйлеме, өзіңді‑өзің басып сөйле» деген қанатты сөзінде үлкен тәрбиелік ұғым жатыр.

Иә, бір той өткізу арқылы қаншама адамға, соның ішінде жаңадан отау құрып отырған жас жұбайларға өмірлікөнеге боларлық тәрбие беруге болады.

 

Календарь
«  Сентябрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Друзья сайта
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Все проекты компании
  • Статистика

    Онлайн всего: 5
    Гостей: 5
    Пользователей: 0