Меню сайта
Форма входа
Поиск

Ғылым мен техника дәуірлеген бүгінгі таңда еліміздің болашағы, халқымыздың тірегі болар ұрпағымызға сапалы да нәрлі білім берумен бірге ұлттық тағлымдарды бойына сіңіре тәрбиелеу басты міндет. Физиканы және математиканы оқыту кезінде халқымыздың ұлттық ерекшеліктеріне көңіл аудара отырып, математикалық білімінің өмірде қолданылуы басым келетін құнды тәлімдерін пайдаланған абзал. Өмірде қолданылуы басым дейтініміз — халқымыздың этноматематикалық білімі өскен ұясынан, баққан малынан, еккен егінінен, түрлі жасаған қолөнер бұйымдарынан, салған әні мен күйінен, яғни күнделікті өмірінен бастау алып дамуында. 
Еліміздің әрбір парасатты азаматы, ең алдымен, өз халқының тілін, дінін, өткенін білуі қажет, себебі өзін, өз халқының жақсысын түсіне білген адам ғана өзгені де сыйлай алады.
Қазақтың барлық сөзінің шегі, өлшемі болған. Адамдар әрбір өлшемнің атқаратын міндеті бар екенін білген, сөйтіп оны ішкі рухани салмақтың сыртқы көрінісі деп қараған. Заттың сыртқы өлшемі, оның биіктігі мен тереңдігі, қаттылығы мен жұмсақтығы – бәрі түйсікке әсерін тигізетін құбылыстар. 
Мөлшерсіз дүние жоқ. Әлемнің де, табиғаттың да өзіндік жарасымды өлшемі, мөлшері бар. Өлшем — өндірілетін өнімдердің, күнделікті тіршілік-тұрмысқа қажетті заттардың сандық және сапалық көрсеткіші. Өлшемнің ұзындық, қалыңдық, көлемдік, сондай-ақ жол сапарға байланысты қашықтық мөлшері бар. 
Ата-бабамызда бұл замандағыдай дәл өлшейтін аспап-жабдықтары болмаған. Сондықтан да ертеде мөлшер негіздеріне қоршаған орта көріністері, төңіректегі табиғи заттардың, бүтін бітімі немесе бөлігі, еңбек құралдарының үлгісі, мал өрісі көші-қон шегі, өзге де материалдар сандық және салыстырмалы түрде, сондай-ақ адамның дене тұрқы да алынған. Қазақ даласының ерте дәуірінде бастау алған байырғы өлшем бірліктерінің атаулары бүгінгі ұрпақ құлағына жат естіліп, ұғымына қабыспауы мүмкін. Әйтсе де ата-бабалар өткен жол – тарихи тәлім, өнеге.
Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақталған тәжірибесінің ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз, өңделіп, жаңарып жетуі нәтижесінде өлшеудің өзіндік халықтық жүйесі қалыптасты.
Кеңінен тараған негізгі өлшем бірліктері мыналар:
Салмақ өлшемі:
Батпан -300-450 кг
Дағар -100-130 кг
Найза қап, қанар -70-80 кг. 
1 қап шамамен -50-60 кг.
1 арқа (жүк) -45-50 кг.
Қоржын -40 кг
Пұт -16 кг 
1 жамбы күміс -6 кг
1 пітір. бидай -3 кг
Келі -1 кг
1 қадақ шамамен -400 г
1 ширек шай шамамен -250 г,
1 әшмөңке шай шамамен -50 г,
1 таймөңке шай шамамен -25 г.
1 қайнатым шай шамамен -6,5 г, 
1 шөкім тұз шамамен -12,5 г, 
1 Мысқал -5 грамм
Қашықтық өлшемдері:
Ара қоным жер -200-250 км.
Күншік жер -90-100 км.
Түстік жер -30-40 км.
Ат шаптырым жер -20-35 км.
Бір көш жер -10-15 км.
Құнан шаптырым жер -8-10 шақырым (құнанды 10-15 шақырымға да шаптырады).
Қозы көш жер -6-7 км 
Қой өрісіндей жер -5-6 км.
Тай шаптырым жер -4-5 км
Бір бауыр жер -4-5 км.
Көз ұшындағы жер -2,5-3 км 
Шақырым -1 км
Дауыс жететін жер -250-300 м
«Әй » дейтін жер -100 м
Таяқ тастам жер -10-15 м
Адым ( қадам ) -1 м
Қол созым жер.
Қарға адым жер.
Қамшы салым жер – тым жақын жер.
Таяқ тастам жер.
Иек астындағы жер – бір қыр асты, таяу жер.
Әудем жер – тиіп тұрған жер.
Ит үргені естілер жер.
Қара көрінім жер.
Қозы өрісіндей жер.
Аяқ жетер жер.
Ит өлген жер.
Жер түбі.
Алты айшылық жер – Меккеге қажылыққа барар, тым шалғай жер.

Ұзындық өлшемі: 
Құлаш -1,80 м
Аршын -75 см
Кез -50 см
Қарыс -20 – 22 см
Сүйем -17 – 18 см
Сынық сүйем -14 – 15 см
Сере -10-12 см 
Тұтам -8-10 см
Елі -1,5 см

Тереңдік өлшемі:
Қыл елі. Пышақ сырты (қыры). Шынашақ. Елі. Жарты елі. Бармақ елі. Табан елі, күрек бойы, құрық бойы, кісі бойы тәрізді тереңдік өлшемдері сөз қисынына қарай пайдаланылған.
Оқ бойы -1,0-1,5 м (жебе ұзындығы)
Найза бойы -3-5 м 
Арқан бойы -10-12 м 

Көлем өлшемі:
Ине жасуындай. Түйіршік. Түйір. Алақандай. Жапырақтай. Ат төбеліндей. Ұлтарақтай – адам табанының көлемі. Табақтай – жалпақ. Тулақтай – мал терісінің көлемі. Үй орнындай – киіз үйдің ішкі көлеміндей. Бір танап жер – гектардың алтыдан бір бөлігі. Бір мойын жер – жарты гектар. Бір айдам жер – бір гектар. Көлдей – өте көлемді, кең.

Саба -180-200 л (жылқы терісінен тігілген ыдыс).
Көнек -15-16 л (бие сауғанда пайдаланылатын былғарыдан тігілген ыдыс)
Тосық -8-10 л (ешкі терісінен тігілген ыдыс)
1 саба (қымыз) -10-15 литр.
1 шелек -12,3 литр,
1 көнек сүт -6 – 7 литр
торсық (айран) -6-7 литр.
Шара -1,5-2 л;
Аяқ -1 л;
Тостаған -0,5 л;
Ожау -0,5 л;
Қасық -50 г;

Мерзім ( уақыт өлшеуіші ):
Бір сәт -1 секунд
Сүт пісірім -5 – 10 минут
Бие сауым -1,5 сағат
Ет пісірім -2,5 – 3 сағат
Бір түн, бір күн -24 сағат
Апта -7 күн
Ай -30 – 31 күн
Тоқсан -3 ай
Жыл -365 күн
Ғасыр -100 жыл
1 мүшелмен -12 жыл
1 мүшел -13 жас
2 мүшел -25 жас
3 мүшел -37 жас
4 мүшел -49 жас

Календарь
«  Сентябрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Друзья сайта
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Все проекты компании
  • Статистика

    Онлайн всего: 7
    Гостей: 7
    Пользователей: 0