Автор: Мақсұтбек СҮЛЕЙМЕН
Жылқы (Eguus Caballus) - тақ тұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Қазба қалдықтары жылқының біздің заманымыздан бұрынғы 7000 жылдан әріде Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдеп отыр.
Қазір Қазақстанда жылқының 16 түрі өсіріледі.
Қазақ жері – жылқының қолға үйретілген алтын бесігі.
Оны Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б.з.б. 4-3 мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б.з.б. 2 мыңжылдық), еліміздің барлық аймақтарында кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б. 1 – мыңжылдық – б.з. 2 ғ.) дәлелдеп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленгенін, ата-бабаларымыздың әдет-ғұрыптық рәсімдерінің ажырамас бөлігіне айналғанын әлемге танытып берді. Сақтардың балалары мен әйелдеріне дейін атқа мініп, оның үстінде соғысу өнерін шебер меңгергені, тұлпарларымен жүйткітіп шабуы Еуропа, Кіші Азия, Жерорта теңізінің бойындағы, Мысырдағы халықтың зәресін ұшырды. Осы кезде бұл елдерде атпен бірге жаратылған кентаврлар туралы аңыз тарады. Сол заманнан бері жылқы, шашасына шаң жұқпайтын сәйгүліктер – қазақтың жан серігі.

АТАҚТЫ СӘЙГҮЛІКТЕР
Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деп ерекше қастерлейді. Соған сәйкес оларды өзгеше күтімге алады. Өйткені, дәстүрлі қазақ қоғамында сәйгүліктер тек қана иесінің емес, бүкіл әулетінің, руының, елінің мәртебесін асқақтататын түлік төресі. Қазақта атақты тұлпар-лар, сәйгүліктер аз болған жоқ, қазір де бар. Қобыланды батырдың Тайбуырылы, Алпамыстың Байшұбары, Қамбар-дың Қарақасқа аты, Ер Тарғынның Тарланы, Тілеулі батырдың «Кез құлақ» аты, Қабанбайдың қубасы, Шақшақ Жәнібектің қаракөгі, Бармақ батырдың Сандалкөгі, Ақан серінің Құлагері, Оспанның қызыл аты, Исатайдың Ақта-баны, Амангелді батырдың Шалқасқасы, Кейкі мергеннің Кераты, Қарабектің қарасы, Қамыстың шұбары, Ерқосайдың торысы, Сейітбатталдың сарысы, Торғай елінің Көкшағыры мен Ботайшұбары, Алақұсы, Қанжирені – сол тұлпарлардың жұлдызды бір шоғыры ғана. Осы орайда еске алсақ, біз кезінде жазып алған естеліктерде: «Шақшақ Жәнібек, Қаракерей Қабанбай, Тілеулі, Есет батырлар дулығасына (бас киіміне, М.С.), тұлпарларының төбесіне ежелгі сақтардан қалған дәстүрге сәйкес лауазымдық (қолбасшылық, М.С.) белгі – «жыға» таққан. Бұл батыр-лардың бәрі де қазақтың ұрыс тәсілі- «алғадайда» (жекпе-жекте, М.С.) үнемі жеңіске жетіп, бастарын өлімге тігуден қаймықпаған. Сонда олар өздерінің қаруына, шайқасу шеберлігіне ғана емес, астындағы мықты тұлпарлары-ның күш-қуатына, соғыс тәсіліне жетік үйретілгеніне де сенген. Тілеулі батырдың «Кез құлақ» аты алғадайда жау тұлпарын қаймықтырып тастайтын өте айбынды арғымақ болыпты. Ол Торғайдан шыққан Ұзын Қыпшақ батырлары Ерназар, Қосымбет (руы-құттық) туралы әңгімелерде айтылады. Бұлар да Шақшақ Жәнібектің жорықтас серіктестері болған», - деп баяндалады.Мұның сыртында, кезінде бүкіл Жетісуға мәлім болған Көкбайтал, Оңтүстік Қазақстан мен Қырғызстанның біраз жеріне даңқы жеткен Қараат, XX-ғасырдың алпысыншы жылдарындағы Б.Кітапбаевтың Құланқарасы, Бұланқарасы, Желмаясы қандай жүйрік жылқылар еді-ау, шіркін. Ал, халыққа кеңінен таныс «Кербескер», «Қара жорға», «Бестай», «Бозжорға», «Тепеңкөк», «Маңмаңгер», «Телқоңыр» тәрізді әндер мен күйлерге арқау болған қазақтың атақты аттары да қанша ма?!
СӘЙГҮЛІКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ
ЖҮЙРІК СӘЙГҮЛІККЕ ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ
Сәйгүлікті келеңсіз жағдайдан сақтау.
ерте заманда жүйрік атты иесімен де жерлейтін салт болған.
Сәйгүлікті сәндеу
Жүйріктерді былай әсемдейді:
Жал-құйрығы әсемделіп, жұмырланып өріледі.
Кекілі буылады.
Кекіліне, жал-құйрығына ақ-тық байланады. Кейде оларды бірге өріп те қояды.
Жүйріктің құйрығына, құнды-здығына үкілер тағылып, сән-дейді.
Сәйгүліктерді оюлы, сұлу кебін-кежімдермен кежімдеп әкеледі.
Жүйріктерге өрмелі күмісте-
лген жүген, күміспен күптел-ген, алтынмен апталған жеңіл де сәнді ерлер салады.
Кейде жүйрік аттардың жалын теп-тегіс етіп қайшымен қиып тастайды.
Кейбір атбегілер ырымдап, шабандозға өте жіңішке сапты, жеңіл, сары ала қамшы береді.
Енді біреулер «көз – сұқ тиеді», - деп сәйгүлігін әдейі сәндемейді.
СӘЙГҮЛІККЕ ИІСКЕТУ САЛТЫ
Қазақтың көне дәстүрінде сәйгүлікті бәйгеге қосарда, оны рухтандыру үшін құлын кезінде туылған, өскен жерінің топырағын, сүтін емген ене-сінің (өліп қалса) қу басын иіскетеді. Бұл рәсім шабандоз мінген аттарды бәйгеге қосар жерге айдар алдында жасалады. Ол сәйгүлікті де туған жерінің, енесінің аруағы қорғайды, озып келуіне көмек-теседі деген наным-сенімнен туған-салт. Қазір де бұл салт сақталған ауылдар баршылық.ЖЫЛҚЫҒАБАЙЛАНЫСТЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ, МӘДЕНИ ЖҮЙЕ
Ол: «Адам – жылқы мінезді», «Жылқы – малдың патшасы», «Жылқы – түлік төресі», «Жігіттің сорлысын аттың жолдысы теңейді», «Ат – ердің қанаты», «Жылқы – қазақтың жан серігі», - деген ұғымдар, адамның азамат қатарына қосылуын «Ат жалын тартып мінді», - деп бейнелі түрде атау. Сондай-ақ, жас бала алғаш рет атқа мінгенінде қазақтар «Тоқым қағар» тойын жасайды. Адамдар бір-бірімен араздасса, өзгелер оларды «Ат құйрығын кесісті», - дейді. Егерде біреу екінші бір адамның алдында кінәлі болып қалса, «Ат – шапан айыбын төлейді», сыйлы қонақ келсе, «ат мінгізіп, арқасына шапан жабады», күйеу жігіт қалыңдығының ауылына алғаш рет барғанында «Ат байлар» салтын жасайды. Адамдардың лауазымынан «атқа мінер», «атқосшы», «атшабар» деген сөздермен хабар береді.
СӘЙГҮЛІКТІҢ МІНЕЗІ
Жүйрік аттардың мінезі де қыран құстардың мінезіндей. Олар өте кең, жуас болып өседі. Оның астынан өтіп жатса да іш жимай, тұра береді. Сәйгүліктер иесінің ымын түсінеді, қалауын сезеді. Әртүрлі өтініш, жарлықтарға тез үйреніп, «жат», «тұр» десе, оны бұлжытпай орындайды. Жүйрік аттар ақылды келетіндіктен, иесі үйге кіргізуге ниет етсе, үрікпейді, соңынан ереді. Сезімтал жануар болғандықтан, сәйгүліктерді еркін қоя береді, олар ешқайда кетіп қалмайды, иесінен ұзамай-ды. Сәйгүліктер иесін жақсы көретіндіктен қандай жағдайда да оларды далаға тастап кетпейді, ауырып, жараланып, жерге құлап қалса, жанында қорғап тұрады. Қауіп-қатерлерді сезіп, иесін оған жолатпауға тырысады. Соғыс кезінде мина қойылған алқапқа тап болғанында иесі атының басын қоя беріп, оның аман-есен алып шыққаны туралы оқиғалар тарихта болған. Иесі өлгенде, тұлпары сезіп, күйінеді, кісінеп, азаланады да. Бұл да өзіміз куә болған оқиғалардың бірі...