Меню сайта
Форма входа
Поиск

Қазақ есепшiлерi бағзы заманда аспан әлемiндегi және жер бетiндегi сан-қилы табиғат құбылыстарын ұзақ жылдар жiтi бақылап, зерттеп, Күн, Ай, Жұлдыз секiлдi аспан шырақтарының бiр-бiрiмен тығыз байланыстылығын, олардың көк жүзiндегi қозғалыстары арқылы жыл маусымдарын, ай, тәулiк уақыт өлшемдерiн анықтаған. Осы қағида негiзiнде нысанаға Ай мен белгiлi бiр Жұлдыздың "кездесуi" алынып, халықтық күн қайыру жүйесi жасалған. Оның алғашқысы –Қамбар тоғысы.

Қамбар (Арыстан) жұлдызы күз айларында туып, жаз айларында батады. Халық бақылауынша, ол көк күмбезiнде Аймен бес рет, алғашында айдың тоғыз жаңасында тоғысады. Сондықтан бұл ай (қазан айы) тоғыздың айы атанған. Келесi жолғы Қамбар жұлдызы мен Айдың жетi жаңасында кездесуi жетiнiң айы (қараша айы) деп белгiленген. Осы ретпен Айдың Жұлдызбен бес жаңасында кездесуi – бестiң айы (желтоқсан), үш жаңасында кездесуi – үштiң айы (қантар), бiр жаңасындағы тоғыс – бiрдiң айы (ақпан) саналған.

Қамбар тоғысы жүйесi бойынша жыл басы – ақпан айының бiрiншi жұлдызы.

Уақыт өте келе, уақыт өлшемдерiн дәлдеу мақсатында есепшiлер аспан шырақтарының жыл бойы қозғалысында Аймен көбiрек тоғысатын, күн белдеуiнде жүрер жолы ұзақ жұлдызды iздеп, ақыры осы талапқа сай келер Үркер шоқжұлдызын анықтаған. Осы кезден бастап қазақша күн қайыру жүйесiне Үркер тоғысы енген.

Тоғыс, тоғам – Ай орағының не табағының Үркердi "басып өтуi". Ол үш күнге созылады. Бiрiншi күнi - "Тоғам", екiншi күнi - "Ауыл үй қонғаны", үшiншi күнi - "өрiп шыққаны".

Ай мен Үркер жылына 13 рет кездеседi, демек, бiр жылда 13 тоғыс айы болады. Бiрiншi тоғыс айы – мамыр.

Мамыр айының он жаңасында жаңа туған Ай мен Үркер шоқжұлдызының тоғысуы – бiр тоғыс айы. Содан  кейiн Үркер Айдың аржақ тасасына түсiп, 40 күн бойы "жерде жатады". Көзге көрiнбейтiн осы кезде Ай мен Үркер екi рет тоғысады. Бұл кездесулердiң рет саны әдеттегi тәртiпке керi жүргiзiлiп, 25 және 23 тоғыс айлары деп аталады. Одан әрi Ай 21 жаңасында Үркермен таң алдында көзге түсiп кездеседi. Бұл кездесу ай күнiнiң сандық есебiне байланысты 21 тоғыс айы атауын алған.

Тоғыс әр 28-29 күн сайын, айдың тек сандық тақ күндерi қайталанып (есепшiлер "Үркер таққа тоғаяды", - дейдi), 19, 17, 15... тоғыс айлары саналып, есеп бiр тоғыс айына дейiн керi тiзбектелiп жүргiзiледi.

Ескi ай аяқталып, жаңа ай басталар аралықта Айдың бiрер күн көрiнбейтiн кезi – "Өлiара". Ал, өлiарадан өлiараға дейiнгi уақыт - "Туар ай". Екi тоғыс аралығы - "Тоғыс айы".

Үркердiң ағымды жылы батуы мен келер жылғы бату аралығы 365 тәулiкке созылады. Үркердiң "жерге түсiп" көрiнбейтiн маусым жаз, көзге түсетiн маусымы – қыс. Қазақтың: "Үркерлi айдың бәрi қыс", - деуi осыны меңзейдi.

Қазақ халқы Үркер шоқжұлдызын аса қасиет тұтқан, қариялардың айтуы бойынша: "Үркер – жұлдыздар ағасы". Тәлiмдiк мақал-мәтел де көп, ырым да баршылық. Мысалы, Үркер "суға батса", сол не келесi ай жауын-шашынды, "жерге батса" – құрғақ. Әр тоғысқа тән ауа райына байланысты нақылға айналған болжам – тұжырым да жеткiлiктi. Арқа қазақтары: "Бес тоғыста (наурыз айында) қар кетпес, үш тоғыста (сәуiр айы) қар қалмас", десе, оңтүстiк ағайындар: "Қыстың соңы – жетi тоғыс (ақпан айы), көктем басы – бес тоғыс (наурыз айы)" деп пайымдаған.

Нақты астрономиялық жылдың ұзақтығы әр кезде әртүрлi, тұрақсыз, бүтiн сандармен өлшеуге келмейдi. Жуық шамамен алғанда бiр жылда 365,24 тәулiк немесе 365 тәулiк 6 сағат бар. Тәулiктiң ширен бөлшегiн әр жыл күнтiзбесiне қосып айтуға да, есертеуге де ыңғайсыз болғандықтан, ширектiң төрт жылда бiр тәулiктiк мезгiл құрайтыны есептелiп, төрттiң алдыңғы 365 тәулiктен тұратын үш жылы – жай жыл, 366 тәулiктен тұратын соңғы жылы – Кiбiсе жыл атанған.

Кiбiсе жыл есебiн ескере отырып, қазақ есепшiлерi әр дәуiрде түрлi наурыз күн қайыру жүйесiн жасаған. Олардың бiз бiлетiнi үшеу:

Қарт наурыз жүйесi – наурыз айының бiрiншi жұлдызынан басталатын жыл санау.

Байбақты Қазыбек жүйесi – наурыз айының 9-10 жаңасынан басталатын жыл санау.

Жас наурыз жүйесi (Көктастың наурызы) – наурыз айының 22 жұлдызынан басталатын жыл санау.

Қазақтың күн қайыруында соңғы жүйе тұрақтаған.

Тағы бiр есеп – "Бес қонақ".

Қазақтың азаматтық айы 30 тәулiктен тұрады. Осылай есептегенде, бiр жылда әрқайсысы 90 күндiк төрт маусымды құрайтын 12 ай немесе 360 тәулiк болмақ. Бұл жүйе бойынша астрономиялық толық жыл есебiне 5 (кiбiсе жылы 6) тәулiк жетiспейдi. Күнтiзбесiндегi осы олқыны толтыру мақсатында жыл аяғында (жаңа жыл наурыз айының 22 жұлдызында басталады ғой), наурыз айының 17 жұлдызынан (кiбiсе жылы 16 сынан) 22 жұлдызына дейiнгi аралықтағы 5 (немесе 6) күндi қалыптасқан күнтiзбесiнен тыс қосып, "Бесқонақ" (Балақ күн, Қалыс күн деп те аталады) жүйесi жасалған.

Бұл қыс пен жаздың қақ ортасы, өлiара шақ. Ауа райының өте құбылмалы, "Түске дейiн мүйiз, түстен кейiн киiз" сипатты салқындылық пен жылылықтың шендескен "итжығыс кез", Халықтың ырымшыл бөлiгi "Бесқонақ" өтпей шалғай сапарға аттанбаған, малдың бағым-күтiмiн мұқият қадағалап, бейуақ қашық өрiске шығармаған. Бұл күндерде той-думан өткiзбеген, тiптi, мал сойып, қонақ та шақырмаған.

Қазақ уақыт есебiне өте шебер халық. Ұлан-байтақ өлкемiзде кең тарамаса да, тағы бiр жыл өлшемi болған. Ауа райын сабақтастыра бақылап, алдын-ала құбылыстарын байқап, болжау мақсатында жылды – жылы, ыстық және суық деп үш бунаққа бөлiп қараған.

Бас бунақ – "Қара қатқақ, аш өзек шақ". Шамамен ақпан айының 9 жаңасынан маусым айының 9 жұлдызына дейiнгi уақыт.

Орта бунақ – "Тұяқ терлер қой күлер кез". Шамамен маусым айының 10 жұлдызы жаңасынан қазан айының 9 жаңасы аралық.

Аяқ бунақ – "Тоқты терлер, қой күлер кез". Шамамен қазан  айының 10 жаңасынан ақпан айының 9 жұлдызына дейiнгi шақ.

Жылды жоғарыда айтылғандай бунақтау, негiзiнен шаруашылық жұмыстарын ыңғайлы жүргiзу мақсатында қолданылса керек.

Қазақтың ерте заманнан берi ақыт есебiн жүргiзуде қалыптасқан жүйелерiнiн бiрi – мүшел.

Мүшел жүйе негiзiне сандық рет алынбай, алты адал, алты арам яғни алты үй, алты түз хайуандары атымен аталатын  жылдық күнтiзбесi қабылданған. Он екi мүшел жылды "иемденген" хайуандар легi тышқаннан басталып, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешiн, тауық, ит атауларымен жалғастырылып, доңызбен аяқталады.

Мүшел жүйесi өткен оқиғалар мезгiлiн анықтауға, адам жасын есептеуге, т.б. пайдаланылған. Әр мүшел жылдары наурыз айының  22 жаңасынан басталып, келер жылдың 21 наурызында тәмамдалады.

Адамның жас есебiн шығарғанда сәбидiң ана құрсағында өткiзген уақыт бiр жылға баланып, оған мүшелдiң 12 жылы жалғастырыла қосылып, бiрiншi мүшел 13 жас деп есептеледi. Одан әрi әр он екi жыл бiр мүшелге баланып, адамның жас мөлшерiне сәйкес төмендегiше атау берiлген.

Бiрiншi – сәби, балалық мүшел 13 жас.

Екiншi – ер жету мүшелi 25 жас.

Үшiншi – жiгiттiк мүшел 37 жас.

Төртiншi – орта жас мүшелi 49 жас.

Бесiншi – ақсақалдық мүшел 61 жас.

Алтыншысы – қартаң тартқан мүшел 73 жас.

Жетiншi – кәрiлiк мүшел 85 жас, т.с.с.

 

Жиырмасыншы ғасырдағы

мүшел жылдар

 

Тышқан

1900

1912

1924

1936

1948

1960

1972

1984

1996

Сиыр

1901

1913

1925

1937

1949

1961

1973

1985

1997

Барыс

1902

1914

1926

1938

1950

1962

1974

1986

1998

Қоян

1903

1915

1927

1939

1951

1963

1975

1987

1999

Ұлу

1904

1916

1928

1940

1952

1964

1976

1988

2000

Жылан

1905

1917

1929

1941

1953

1965

1977

1989

2001

Жылқы

1906

1918

1930

1942

1954

1966

1978

1990

2002

Қой

1907

1919

1931

1943

1955

1967

1979

1991

2003

Мешiн

1908

1920

1932

1944

1956

1968

1980

1992

2004

Тауық

1909

1921

1933

1945

1957

1969

1981

1993

2005

Ит

1910

1922

1934

1946

1958

1970

1982

1994

2006

Доңыз

1911

1923

1935

1947

1959

1971

1983

1995

2007

Бұл кездерде адам жасы "дөңгелек сандар" – 50, 60, 70, 80-ге жеткенде мүшелтой, (сандық мөлшерi мүшелге сәйкеспесе де) атанып мерекеленiп жүр. Ел егемендiк алып, ұмыттырылған әдет-ғұрып қалпына келгенде, мүшел жасты құр "дөңгелек сандарға" ұштастырмай, қазақтың жыл қайыру мүшелi 37,49, 61, 73... жастарға байланыстырып тойлау жөн сияқты. Халықтың қайран 25 деп аңсайтын, ұлуғұлайтын жасының өзi осы екiншi мүшел емес пе?

 

Хижра жыл есебi

Хижра – арабтың күн қайыру жүйесi. Мұсылманша жыл санау Мұхамед пайғамбар өмiрiнiң бiр кезеңiмен байланыстырылады. Григориан күнтiзбесi бойынша  622 жылы шiлде айының 16 жұлдызына қараған (сенбiге қараған) түнi Мұхамед Меккеден Мәдина қаласына көшкен. Сол күннен бастап жыл санауға Хижра (хижра араб тiлiнде "елiнен, туған жерiнен ауу" ұғымын бередi) күнтiзбесi енгiзiлiп, григориан күнтiзбесiнiң 622 жылы хижраның бiрiншi жылы болып саналады.

Хижра жыл санау бойынша әрбiр 30 жылдың 11 жылы 355 тәуiлiктен, 19 жылы 354 тәулiктен тiзiледi. Григориан күнтiзбесiмен салыстырғанда жылдың күн саны 11-ге кем болғандықтан хижра жыл басы үнемi жылжи бередi. Хижра бойынша қабылданған жыл басы Григориан күнтiзбесi жылының орта шенiнен басталғандықтан оның бiр жылы Григориан күнтiзбесiнiң екi жылын қамтиды.

 

Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Архив записей
Друзья сайта
  • Создать сайт
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Все проекты компании
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0