Арқандар | Жіптер | Киіз үй жабдықтары |
|
|
|
Киім-кешектер | Мал әбдездері | Төсеніштер |
|
|
|
Шаруашылық бұйымдар | ||
|
Арқан- жіпке қатысты атаулар.
№ | Атауы | Түсінік |
1. | Арқау жіп | Тоқылатын бұымның өзекті жібі. |
2. | Керме | А). Екі үйдің арасында керілген арқан. Б). Бір нәрсені ілу үшін , биіктеу етіп тартылған жіп. |
3. | Күрмеу | Арқан, жіпті қолдың басына орап барып, әрі берік, әрі тез шешетін етіп байлау әдісі. |
4. | Қазықюау | Жіпті бір нәрсеге екі рет орап барып, ұштарын бекітетін байлау әдісі. |
5. | Қолтырмаш | Арқаға көтерген жүк (отын, пішен т.б.) бұлтақтамас үшін , оны көлденең бастырып қоятын жіп. |
6. | Қом арқан | Түйеге жүк таңу үшін, екі ұшы қомға бекітілетін арқан. |
7. | Қыл бұрау | Ертеде жаза ретінде адамның санын буып, қинау сүшін, қылдан есілген қысқалау арқан. |
8. | Қылдырық | Жіңішке мықты жіп, сым. |
9. | Мүйіз жіп | Малдың мүйізіне байланып қойған дайын жіп. |
10. | Өріс жібі | Өрмектің негізін құрайтын жіп. |
11. | Ұрғашы жіп | Өрмектің бой жібінің астыңғысы. |
12. | Шарық жіп | Іс тігуге арналған жіңішке ұзын жіп. |
13. | Шиелеу | Арқан жіптерді шешілместей етіп байлау әдісі. |
14. | Шыжым | Арқан тәрізді, бірақ жіңішке етіп есілген мықты жіп. |
Жүннен бұйым жасуда қолданылатын құрал- жабдықтар.
№ | Атауы | Түсінік |
1. | Адарғы | Өрмек жіптерін астыңғы және үстіңгі жіп етіп бөліп тұратын ағаштан жасалған құрал. |
2. | Аяқ | Белағашты көтеріп тұратын аша басты тіреу ағаш. |
3. | Белағаш | Желі жіптерді күзу арқылы байланыстырып тұратын белағаштың үстінен қойылатын таяқша. |
4. | Күзу ағаш | Тарту жіп күзуді байланыстырып тұратын белағаштың үстінен қойылатын таяқша. |
5. | Қайшы | Басқұр тоқығанда , жіптерді қию үшін қолданылатын құрал. |
6. | Қылыш | Керілген желідегі жіп арасын қағатын , ағаштан жасалған құрал. |
7. | Сабау | Жүннің ұйысқанын жазып, тазарту үшін қолданылатын жіңішке таяқ. |
8. | Серу ағаш | Өрмек енін бірқалыпты сақтау үшін ағаштан жасалған құрал. |
9. | Теру ағаш | Желідегі жіптерден өрнек шығаратын құрал. |
10. | Ұршық | Шүйкеленген жүннен жіп иіріп алуға арналған аспап. |
11. | Үшағаш | Белағашты көтеріп тұратын құрал. |